Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет13/14
Дата03.10.2023
өлшемі268 Kb.
#479681
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекция

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарды немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.
Жиі қолданылатын іздеу серверлерінің тізімі:
http://www.yahoo.com http://www.rambler.ru
http://www.hotbot.com http://www.yandex.ru


Негізгі әдебиеттер:

  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.

  2. Снелл Нед. Интернет. Пер. с англ. –М.: «Вильямс», 2000. –384с.
Қосымша әдебиеттер:

  1. Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ, 2004, -28 б.



Лекция 14.15 Алгоритм және оның қасиеттері. Алгоритмді беру әдістері. Блок-схема. Алгоритмнің түрлері: сызықты, тармақталушы және циклдік. Программалау технологиясы. Трансляторлар. Объектке бағытталған және визуалды программалау. Объект және оның қасиеттері: инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм.

Алгоритм ұғымы математикада қалай кең қолданылса, программалау технологиясында да, дәл солай қолданылады. Берілген есепті компьютерде шешу үшін, оны шешу жолдарын нақты түрде көрсету қажет.


Алгоритм - бұл берілген есепті шешуге арналған нақты нұсқаулардың шектелген тізбегі.
Алгоритмн жалпы көрiнiсi:
алгоритм алгоритмнің аты
басы
алгоритмнің қарапайым нұсқаулары тізбегі
соңы
Дұрыс өңделген алгоритм келесі қасиеттерге ие болуы тиіс:
а) анықтық
б) дискреттік
в) жалпылық
г) нәтижелілік
Алгоритм пайдаланушыға түсінікті түрде берілуі тиіс. Алгоритмді беру әдістеріне табиғи, жасанды және графикалық әдістерді жатқызамыз. Алгоритм түсініктірек болуы үшін, бұл әдістер бір алгоритмде бірігіп және бір-бірін толықтырып қолданылады. Программалау технологиясында негізгі алгоритм ретінде көбінесе түсініктемелермен толықтырылатын графикалық әдіс қабылданады.
Алгоритмді берудің табиғи әдісінде алгоритм сөзбен ауызша түсіндіріледі.
Алгоритмді берудің жасанды әдісінде алгоритм әр қайсысы нақты функцияны орындайтын оператор - символдардың тізбегі түрінде беріледі.
Алгоритмді берудің графикалық әдісі (блок- схема)- алгоритмді көрнекі түрде бейнелейді. Алгоритм бұл кезде блоктар – геометриялық фигуралар тізбегі түрінде беріледі. Орындалатын әрекетті түсіндіретін мәліметтер блоктың ішіне жазылады.

Блок аты

Белгілеу
(ГОСТ 19.002-80)

орындалатын
функция

Іске қосу, тоқтату






Басы, соңы



Енгізу-шығару








Деректерді енгізу немесе нәтижені
баспаға шығару.

Өңдеу





Есептеу немесе өңдеу



Логикалық








Логикалық шартты тексеру және өңдеу бағытын таңдау

Модификация






Циклды орындау



Қосымша алгоритм








Алдын-ала жасалған және бөлек суреттелген алгоритмдерді қолдану



Құжат





Басушы кұрылғыға нәтижені шығару



Қосқыш





Үзілген сызықтық ағымдар арасындағы байланысты көрсету.

Түсініктеме



[ ]




Түсініктеме







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет