Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет12/14
Дата03.10.2023
өлшемі268 Kb.
#479681
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекция

WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атай береді. Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web – сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web – құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.
WWW мен оның программалық жабдықтары – желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers («browse» - қарап шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын программалар қолданылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator тәрізді броузерлер жиі қолданылады.
Броузерлердің негізгі атқаратын қызметтері:

  • құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату, жинақталған құжаттың барлық бөліктерін жүктеу.

  • HTML тілдерінің ттәгтерін команда ретінде орындау (интерпретациялау), Web-парақтарды броузер жұмыс істейтін компьютердің мүмкіндіктеріне сәйкес бейнелеу және форматтау.

  • Web-парақтардың құрамына кіретін мультимедиалық және басқа объектілерді бейнелеуге арналған, сондай-ақ программаны объектілердің жаңа типтеріне лайықтауға мүмкіндік беретін кеңейту механизмі жабықтарын көрсету.

  • Web-парақтарды іздеу жолын автоматтандыруды қамтамасыз ету және бұрында жұмыс істеген Web-парақтарымен қатынас құруды жеңілдету.

  • Басқа интернет қызметтерімен жұмыс істеуге арналған ішкі және жеке құралдармен қатынас құруды ұйымдастыру.

Internet Explorer программасы Web-парақтарды қарауға арналған. Ол бейнелейтін ақпараттың дыбыстық және бейнесүйемелдеулерімен қоса Web-парақтарды құрастырушылар жинақтаған барлық жаңа мүмкіндіктерді қамтиды. Internet Explorer программасымен танысу үшін компьютерде интернетпен байланыс орнатылуы тиіс.
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті оларды барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парпақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең таралуына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет