Негізгі әдебиеттер:
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.
Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқу құралы. –Астана: Еуразия ұлттық университеті, 2004, -224 б.
Берлинер Э.М., Глазырин Э.Б.Office 2000, М.: «Бином», 2000, 526 с.
Қосымша әдебиеттер:
Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.
Абдуллина В.З., Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. Access жүйесімен жұмыс істеу. Лабораториялық практикум. Оқу құралы. –Алматы: ЖТИ, 2004, -146 б.
Лекция 12.13 Жергілікті, аймақтық және дүние жүзілік желілер. Internet және Intranet желілері. TCP/IP хаттамасы. Провайдерлер. IP-адрестер мен URL-адрестер. Интернеттің негізгі қызметтері. Интернетте мәлімет іздеу. Гиперсілтеме және гипермәтіндер. Гипермәтіндермен жұмыс істеу. Электрондық пошта. Электрондық поштадан пайдалану.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио – бейнематериалдар, т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.
Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар (конференциялар) жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап – байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез келген жағдайда информацияны бір орнынан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады. Желі тораптарының бірсыпыра бөлігі істен шықса да, қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс болды. Информацияны тасымалдау сенімділігі мен оның жеткізілу жылдамдығын арттыру мақсатында мәліметтерді тасымалдаудың жаңа түрі – дестелерді коммутациялау технологиясы пайда болды. Оның артықшылығы болып мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының жоғарылығы, сенімділігі және икемді жұмыс істеуі саналды.
Пакеттерді коммутациялау принципі тасымалданатын мәліметті бірнеше шағын фрагменттерге бөлуден тұрады. Мәліметтер жеткізілетін пунктке дейінгі аралықтарда орналасқан түйінді компьютерлер арасында пакеттер бір – бірінен тәуелсіз тек өзіне тән байланыс арналары арқылы жылдам жеткізіліп тасымалданатындай етіп ұйымдастырылды. Бір мәліметті құрайтын әрбір пакет баратын пунктіне тек өз маршруты бойынша жеткізілетін болады. Қабылдау пунктінде пакеттер қайтадан біртұтас мәліметке біріктіріліп, өз иесіне, яғни арналған адресатына берілуі тиіс болатын.
Желіні басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалды. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді қабылдау/жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларда ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу ісін де жүргізе алатын еді.
Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Хаттамалар мынадай топтарға бөлінеді:
Интернет базалық TCP/IP хаттамасын пайдаланады. Қолданбалы хаттамалар Интернеттің арнайы қызмет баптарының хаттамасынан http, ftp, telnet тұрады.
IP-адрестер мен URL-адрестер
Желіге қосылған әрбір компьютердің нүктелерімен бөлінген 4 ондық саннан тұратын - әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі аралықта – жеке физикалық адресі (IP–адрес) болады, Желідегі компьютерлер бір – бірін осы сандар көмегімен тауып алады. Мысалы, 214.163.114.32 немесе 218.251.68.42, желіге тұрақты қосылған компьютер осындай бекітілген адрес алады. Ал, желіге телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол сеансқа арналған уақытша IP–адрес алады, ол динамикалық IP– адрес деп аталады.
Құжаттар үшін адрестің екінші түрі – URL – адрес (Uniform Resource Locator – Ықшалдалған ресурстар көрсеткіші) қолданылады, мұндай адрес те желідегі әрбір құжатқа меншіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |