Дєріс тезистері


Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетсіз ойындар жатады



Pdf көрінісі
бет131/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   217
ДШТӘ лекция

Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетсіз ойындар жатады. 
Спорттық ойындар элементтері қолданылатын ойындарға жататындар – 
волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, столда ойналатын теннис, футбол, 
хоккей.
Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада ӛмірдегі немесе ертегі 
оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен кӛрінетін ойын 
образдары қызықтырады (құстар мен автомобиль, ұшқыштар, қасқыр мен 
қаздар, маймылдар мен аңшылар).
Сюжетсіз қимыл-қозғалыс ойындары балаларды ӛздеріне түсінікті мақсатқа 
жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл тапсырмаларынан тұрады. 
Олар, ӛз кезегінде, ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және с.с. үлгілеріне 
бӛлінеді; жарыс элементтері қолданылатын ойындар («Kімнің звеносы тез сапқа 
тұрады», «Kім ӛз жалаушасына тез жетеді» т.б.); қарапайым эстафеталы ойын-
дар («Kім допты тезірек береді»); заттар қолданылатын ойындар (доптар, 
шеңбер, серсо, секіргіштер, кегельдер) қимыл мазмұнына қарай ажыратылатын 
ойындар (қимылдың басым түрі-жүгіру, секіру, лақтыру және с с.) . Сондай-ақ, 
кішкентай балалар үшін қызықты ойындар да бар («Aлақан соғу», «Mүйізді 
ешкі» және т. б.).
Спорттық ойын элементтері бар ойындар. Зерттеулердің (M.П. Голощекина) 
және практиктердің деректері балабақшаның ересектер тобында спорттық ойын 
элементтері бар ойындарды жүргізуге болатынын кӛрсетіп отыр. Ол ойындар 
балалар қимыл-қозғалыс ойындарын ӛз бетінше ұйымдастыра білетін кезде 
жүргізіледі. Спорттық ойындар элементтері бар ойындар қимыл-қозғалыс 
ойындарына қарағанда, жинақылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, 
балаларға айқын, қолайлы қимыл техникасын, ұшқыр қимыл сезімін кӛбірек 
талап етеді. Осы аталған және басқа ойындарды біріктіретін белгі балалардың 
эмоциялық ӛрлеуін, қимылдарды жетілдіру мүмкіндігін туғызатын сауықтыру, 
білім беру, тәрбиелеу міндеттерінің ортақтығы болып табылады. Алайда, 
қимыл-қозғалыс ойындарында балалар шығармашылық кӛрсете отырып, сан 
алуан қимылдарды пайдаланса, спорттық ойын элементтері бар ойындарда осы 
ойынның ерекшелігімен және қимыл әрекеттері техникасының дәлдігімен 
белгіленетін 
кейбір 
қимыл 
шектеулері 
бар. 
Команда 
құрамында 
қатысушылардың белгіленген саны, олардың міндеттері бӛліп берілген, ойын 
мерзімі уақытпен шектелген, ереже қимыл әрекеттерінің дәлдігін анықтайды. 
Ойын шарты дайындалған орынды, белгіленген алаңды, («Городки» және т.б.) 
тиісті жабдықтарды, саймандарды талап етеді. Аталған ойындарда балалар 
спорттық ойындар техникасының жалпы талаптарына жауап беретін дұрыс 
дағдыны игереді, мұның ӛзі одан әрі қайта үйретуді қажет етпейді және 


223 
мектепке дайындау үшін маңызды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 
бағдарламасында» және қимыл-қозғалыс ойындары жӛніндегі қолда бар 
жинақтарда классификация (жүйелеу) негізіне қимылы басым түрлердің 
белгілері алынған (жүгіру, секіру, лақтыру, ӛрмелеу және с.с.). Негізгі 
қимылдардың әрбір түрі бойынша қимыл-қозғалыс ойындарын іріктеген кезде 
жасына қарай бӛлінетін топтар арасындағы сабақтастық сақталады. Бұл 
тәрбиешіге балалардың бойында белгілі бір қимыл дағдылары қалыптасуына 
байланысты ойындарды жоспарлауына кӛмектеседі. М.М.Конторович пен 
JLИ.Михайлованың жинақтарында қимыл басымдығы белгілері бойынша 
жоғарыда айтылған топтастырудан басқа ойындарды балалардың бұлшық ет 
ширығуын туғызу дәрежесі бойынша: қимыл дәрежесі кӛп, орташа, аз 
ойындарға бӛлу қабылданған. Олар қимылды орындаудың түрі және сипаты 
бойынша анықталады. Бұлай жүйелеу ойын материалдарында бағдарлауды және 
алға қойылған міндетке сәйкес ойындарды іріктеуді жеңілдетеді. Т.И.Осокина 
ересектер тобындағы спорттық ойындар элементтерін толықтыра отырып, 
қимыл-қозғалыс ойындарын ойындағы қимыл басымдылығы белгісі бойынша 
бӛледі. Н.Н.Кильпионың кітабында қимыл-қозғалыс ойындарының жүйесіне 
кейбір толықтырулар берілген, оның негізіне заттардан (жалаушалар, доптар, 
таяқшалар, шығырлар және т. б.) басқа балалардың неғұрлым күрделі ойын 
тапсырмаларына қызығушылығын арттыруға кӛмектесетін ірі гимнастикалық 
құралдар, сондай-ақ ептілікті жетілдіру, кеңістіктегі бағдар, қимылдар үйлесімі 
алынған. Кӛрсетілген ойындардың түрлері негізгі, сапта жүру, жалпы денені 
дамытатын жаттығуларды қамтиды. Қимыл-қозғалыс ойындарын түрлендіру 
тиімді болады. Алайда, нұсқалар жасау тек ойын әрекеттерін ӛзгерту, 
балалардың ойынға қызығушылығын сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар 
педагогикалық міндеттерді-балалардан белгілі дәрежеде ақыл-ой мен дене 
күшін жұмсауды талап ететін, сонымен бірге ойынға балалардың 
қызығушылығын арттыратын неғұрлым күрделі ойын элементтерін, ережелерін, 
ойын жағдаятын (ситуациясын), шарттарын орындау кезінде қимылды 
жетілдіруді, дене күші қабілетін қалыптастыруды шешу үшін де қажет. Мысалы, 
«Ұстап алу» ойынының бірнеше нұсқалары бар: «Ұстап алғыш, қолыңды бер» - 
кеңістікте бағдар белгілеуге кӛмектеседі, тапқырлықты, батылдықты, жолдастық 
сезімін күшейтеді; «Добы бар ұстап алғыштар» - дәлдікті, жол табу, кеңістікте 
бағдар белгілеу қабілетін дамытады; «JIентасы бар ұстап алғыштар»-қимыл 
сипатын олардың қарқынын ӛзгерте білу, жол таба білу, кеңістікте бағдар 
белгілей білу қабілетін дамытады; «Ұстап алғыштар - аяқтарыңды кӛтеріңдер»-
кеңістікте орналасқан заттар арасында бағдар белгілеуге епті болуға, жол табуға, 
зерек болуға кӛмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындарының нұсқаларын ӛз 
тобындағы балалардың ақыл-ойы мен дене күшінің даму дәрежесін ескерген 
және балаларға біртіндеп талапты күшейтуді кӛздеген тәрбиешінің ӛзі ойлап 
таба алады. Ойындар жӛніндегі кейбір жинақтарда қимыл ойындарының үлгі 
нұсқалары бар. Сонымен, ойындардың әртүрлі нұсқаларын жүйелі түрде 
пайдалану балалардың ӛздері игерген қимыл дағдыларын жан-жақты қолдану 
мүмкіндігін қалыптастыруға, дене күші қабілетін, заттарды ойынға колдана білу 


224 
әрекетін, сергектікті, бақылағыштықты, кеңістікте бағдар белгілей білуді 
жетілдіруге кӛмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет