Дєріс тезистері


-тақырып. Қимыл-қозғалыс ойындары



Pdf көрінісі
бет129/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   217
ДШТӘ лекция

13-тақырып. Қимыл-қозғалыс ойындары 
 
1. Ойын - дене тәрбиесі құралы 
2. Қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама 
3. Қимыл-қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесі. Қимыл-қозғалыс 
ойындарының негізін салған ғалымдар (Ф.Лесгафт, Н.И.Пирогов, 
Е.Н.Водовозова, П.Ф.Каптеров, Е.А.Аркин) 
4. Ойындардың жіктелуі: сюжетті, сюжетсіз қимыл қозғалыс ойындары, 
спорттық ойын элементтері бар ойындар 
5. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама. Қимыл-қозғалыс 
ойындарын басқару әдістемесі (Сағындықов, Иманбеков, Айтбаева) 
 
Ойын - дене тәрбиесі құралы. Мектепке дейінгі балалар болашақ қоғам иесі 
болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, ӛзінің тӛл мәдениетін 
білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары 
білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған 
тәжірибесін, мәдениетін жасӛспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған 
ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, ӛмірге деген кӛзқарасын, бағытын 
дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелердегі 
дене тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әртүрлі іс-әрекеттер 
арқылы жүзеге асырылады. Балалармен ойынның әртүрін ұйымдастыра 
отырып, дене қимылын жан-жақты дамытуға, салауатты ӛмір салтына 
тәрбиелеуге болады. Ойын - балалар ӛмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі 
мен табиғи ӛсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйретеді, 
табиғат құбылысын танытып, олардың кӛру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік 
пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам ӛркениетке бейім болуы үшін балалық 
шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ 
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала 
денесінің дамуы мен ой-дүниесінің ӛркен жаюы ойынға тікелей тәуелді 
екендігін атап кӛрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға 
жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. 
Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, ӛзі 


215 
жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, 
ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. 
Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала ӛмірге әзірленеді. Ойын-мектеп 
жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров 
«Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Ӛйткені, ойын үстінде 
баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі, қызығуы анық байқалады. Ойындар 
мазмұны мен түріне қарай бӛлінеді. Мысалға алсақ, соның ішінде қимыл-
қозғалыстық ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге 
тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды 
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және 
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың ӛзара қарым-қатынасын 
реттеп, олардың бойында адами сапаларды қалыптастырады. Бала қалаған 
ойынына сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі 
жеткізуге тырысады. Соның ішінде дене шынықтыруда жиі қолданылатын 
қимыл-қозғалыс ойынында балалар әртүрлі қимылдар жасай отырып, 
санамақтар, ӛлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың 
ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты 
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, 
жолдастық кӛмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты сапалар 
тәрбиеленеді. Бала ӛмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген 
ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы 
қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың жан-жақты 
тәрбиесінің дамуында маңызды рӛл атқарады. Баланың ӛмірге қадам 
басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. 
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, ӛсер 
бала бола ма?» деп айтқандай баланың ӛмірінде ойын ерекше орын алады. 
Жас баланың ӛмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері 
осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар 
мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және ӛнер 
қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. 
Кӛптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және 
ойынға тән ерекшеліктерді кӛркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. 
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің 
біразы ӛз еңбектерінде ӛнер және ойын кӛркемдік іс-әрекеттің алғашқы 
қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындық, оның бейнелі сәулесі кӛрінеді. 
Жалпы ойынға тән нәрсе ӛмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі 
іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары 
бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. 
Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық т.б. 
тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар ӛзін 
еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, 
ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім 
әлеміне сүңгиді. Сондықтан да мектепке дейінгі тәрбиеде бала ойынына 
ерекше мән беріледі, ӛйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың 
түйсігі мен әсері адамның кӛңіліне ӛмірлік ӛшпестей із қалдырады. Бала ойын 


216 
арқылы ӛзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-
мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын ӛмірде жүзеге асыруға 
мүмкіндік алады. Сӛйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекеттің ертеңгі шындық 
ақиқатқа айналауына жол салады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке 
басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге 
болады. Бала ойын арқылы ӛзінің дене қимылын дамытады, шынығады, күш-
жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын 
ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Болашақ құзыретті жеке тұлғаның 
даму, тәрбие жолы, тәлімдік ӛнегесі ойыннан бастап ӛрбиді. 
Осындай ой-пікірлерден кейін ойын туралы тұжырым жасасақ: 
-ойын-тәрбие негізі; 
-ойын-ұлттық сананың қалыптасуы; 
-ойын-дене қимылын дамытудың бірден-бір жолы; 
-ойын-дене қасиетін дамытудың таптырмас құралы; 
-ойын-қоршаған дүниені танудың жолы; 
-ойын-еңбекке тәрбиелеудің басты құралы; 
-ойын-әлеуметтік ортаға үйренудің алғы шарты; 
-ойын-шығармашылықтың бастауы; 
-ойын-денсаулық; 
-ойын-қатынас құралы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет