143
қараңдар, екі жаққа жайыңдар). Бұл тапсырманы кӛрнекі кӛрсетусіз орындау
жағдайында алдын ала бағдар жасауға мүмкіндік туғызады. Сӛйтіп, балаларда
қимыл-қозғалыс туралы, олар қалай және қандай ретпен орындалуы тиіс екені
жайлы ұғым пайда болады. Бұл бастапқы және ӛте
маңызды сәт болып
табылады. Ол балалардың жаттығуларды дұрыс орындауын қамтамасыз етеді.
П.Ф.JIесгафттың анықтауы бойынша «қимыл-қозғалыс туралы ұғым»
дененің қозғалатын мүшелері, амплитуда, бағыт, шапшаңдық, ширығу,
қозғалыстың тағы басқа компоненттері туралы ұғымдардан тұрады. Демек,
мұндай жағдайда, балада дененің қозғалатын мүшелерінің бейнесі оның
барлық түйсінетін компоненттері құрамы жиынтығымен бірге пайда болады.
Балалар жаттығуларды сӛзбен берілген тапсырма бойынша орындағаннан соң
педагог оның жеке элементтерінің орындалуы дұрыстығын осы жағдайға
қажетті кез келген тәсіл: нұсқау беру, кӛрнекі кӛрсету, түсіндіру
жолымен
нақтылай түседі. Бұл балалардың санасына сіңген тапсырмаларды
практикалық тексерумен нақтылай түсу қызметін атқарады.
Қимыл-қозғалыс әрекеттерге үйретудің келтірілген әдістемесі профессор
А.Ц.Пунидің еңбектеріне сүйенеді, оларды елестетудің қимыл-қозғалыс
дағдыларын қалыптастырудағы рӛлі және қимыл-қозғалысты елестетудің
жаттықтырғыштық әрекет-әсері ашылып кӛрсетіледі. Ол психологияда
«идеомоторлық реакциялар» деп аталатын ӛзіндік ерекшелігі бар процестен
кӛрінеді.
Идеомоторлық реакциялар негізінен И.П.Павловтың: «Cіз белгілі бір
қозғалыс жайлы ойлап тұрсаңыз (яғни кинестезиялық түсінігіңіз бар), сол
қозғалысты еріксіз, байқамай жасайсыз», деген қағидасымен анықталады.
.
Адам ӛзінше қозғалысты елестеткенде оның ми
қыртысында кинестезиялық
клеткалардың орталық қозу процесі пайда болады. Бұл сол қозғалысты
практика жүзінде орындау кезінде жасалған және бекіне түскен жүйенің
мерзімді жүйкелік байланыстарының жандануы ӛтіп жатқанын білдіреді.
Орталық қозу себебі сыртқы қоздырғыш рӛлін атқаратын сӛз болуы мүмкін.
Қимыл-қозғалыстық тапсырма ұсыну сәтіндегі айтылған сӛз қимыл-
қозғалыстың мазмұны мен құрылымын кӛз алдына әкелуге кӛмектеседі. Кей
жағдайда сӛз тілсіз болуы да мүмкін, мұндайда ол адамның белгілі бір әрекетті
қалай жасау жайындағы ойы болып табылады. Ол да кинестезиялық
клеткалардың қозуын тудырады. Мұның нәтижесі - осы қозғалысты тәжірибе
жүзінде орындауға сәйкес адамда туған елес болып табылады. Егер
«жаттығуды меңгеру кезінде байланыстар қалыптасса, онда, кез келген, соның
ішінде ойша қайталау кезінде де осы байланыстарды жетілдіру, соның
нәтижесінде жаттығуды атқарудың тәжірибе жүзінде жақсаруы да жүріп
жатады».
Осының бәрін ескере отырып, тәрбиеші балаларда қимыл-қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру процесінде әртүрлі тәсілдерді пайдаланады.
Мәселен, балаларды үйрету процесінде тәрбиеші дағдыларды қалыптастыру
орнықты дәрежеге жетіп, балалар қимыл-қозғалыс әрекеттерін ӛз беттерімен
орындауы тиіс болған кезде олардың біреуіне қазіргі сәтте жаттығуды
орындамай-ақ, осы әрекеттің бүкіл ретін еске түсіріп, әңгімелеп беруді
ұсынады. Бала қимыл-қозғалыс ретін еске түсіріп отырып, мысалы: «Aлдымен
144
таяқты жоғары кӛтеріп, соған қарау керек, содан соң оны жоғары кӛтерген оң
тізеге түсіріп, бұдан кейін қайта жоғары кӛтеру және тӛмен түсіру керек», -
дейді. Алғашқы кезде балалар әдетте ӛз сӛзін
тиісті қимыл-қозғалыстармен
сүйемелдеуге тырысады. Мұндай жағдайда сӛзбен бірге қимылдап қозғалу
естің кӛру-қимылдық елесінің кӛрінісі болып табылады және баланың
тапсырмаға жауап реакциясын жеңілдетеді. Кейде тәрбиеші балалардың бәріне
қимыл-қозғалысты еске түсіруді ұсынады, яғни олар, үндемей, іштерінен нені
қалай жасау керектігін елестетулері керек. Yйретудің мұндай тәсілдері қимыл-
қозғалыс жайлы елес пайда болуына кӛмектеседі, бұл балалардың қимыл-
қозғалысты орындау дұрыстығымен, олардың белсенді ынталы, эмоциялық
күйімен, ден қоюдың жинақылығымен және тұрақтылығымен дәлелденеді. Бұл
тәсілдерді жүйелі түрде қолданғанда
балалар тәрбиешіден қимыл-
қозғалыстарды міндетті түрде кӛрсетуді күтпейді: олар назарды тапсырманың
түсіндірілуіне аударады, содан соң жаттығуды сенімділікпен және ӛз бетінше
орындауға кіріседі. Бұдан әрі тәрбиеші сӛйлесу тәсілін жаңа жаттыруларды
үйрену кезінде пайдалана алады. Жаңа қимыл-қозғалыстардың қай-қайсысында
да балаларға таныс элементтер үнемі болады, сондықтан ол тегінде таныс
элементтердің жаңа үйлесімі ғана болып табылады. Жүйелі жұмыстың
нәтижесінде балалардың бәрі де тәрбиешілердің
талаптарын ойдағыдай
меңгереді, оларға практикалық қимыл-қозғалыстармен дұрыс, саналы және
эмоциялы жауап қайырады. Олар сӛзбен берілген тапсырмаларды жақсы
бағдарлайды және оларды қимыл-қозғалысқа дәлме-дәл айналдырады. Осының
бәрін ескере отырып, тәрбиеші балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру процесінде әртүрлі тәсілдер пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: