Мақсат қою (мәселелі жағдаят) №2 (а) тапсырманы оқыңыз. Оны шығара аламыз ба? Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? (Жаңа есеп түрлерін шығарып үйрену).
12–29
Жаңаны ашу. Есепті оқыңыз:
«Жолаушылар 24 сағат жол жүрді. Олар уақыттың 1/4 бөлігін пойызда өткізді. Жолаушылар пойызда қанша уақыт болды?»
Есепте, біз бүтінді табуымыз керек пе, әлде бөлікті табуымыз керек пе?
(Мына сұраққа жауап табу керек: егер бүтін белгілі болса, бөлікті табуды есептеу керек).
– Алдымен жауапты өз беттеріңізбен тауып көріңіздер, сосын шешіміңізді ортаға салыңыз. Өз ойыңызды сызба немесе сурет түрінде дәлелдеңіз (қажетті сурет оқулықта).
Есепті тексеру барысында оқушылар шешім шығарады: санның бір бөлігін табу үшін, осы санды бөліміне бөлу керек (шаманың бір бөлігінің неге тең екенін білу үшін).
Екінші есеп бойынша осыған ұқсас жұмыс жүргізіліп, қорытынды жасалады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
№3 тапсырманы түсіндіре отырып орындауды ұсынады. Кесте құрастыруға болады.
Өткен уақыт
Жолдың бөлігі
Жолдың жалпы уақыты
1- пойыз 6 сағ
Жаңаны қолдану. Мұғалім оқулықтағы №5 тапсырманы орындауды ұсынады.Өзін-өзі бағалауды сұрайды.
Дәптерден бағалау критерийлері бар тапсырманы орындау.
Мен:
– санның және шаманың бөліктерін табуға арналған есептерді шығарып, зерттеуді санды/шаманы бөлігі бойынша табуды;
– кері есепті құрастыру және шығаруды;
– санның/шаманың бөлігін сан бойынша табуды білемін.
Өткенмен жұмыс. № 6 және 7 тапсырманы орындау барысында мұғалім тапсырманың орындалуының дұрыстығын және орындау жылдамдығын тексереді.
Оқулық.
41–45
Рефлексия. Сабақ туралы айтыңыз.
Қандай жаңа нәрсе білдіңіз?
Нені үйрендіңіз?
Қандай ережені білу керек? Айтып беріңіз. Мысал келтіріңіз.
Берілген ережені жақсы түсіндік деп ойлайсыңдар ма? Өзіңізді жетістік сызғышында бағалаңыз.