ЛИТЕРАТУРА
1. Курмангалиев, Р. М. Круговорот воды и закономерности флюидогеодинамики земной коры / Р. М. Курмангалиев. – Уральск, 2004. – С. 104-125.
2. Сыдыков, Ж. С. Каспийское море и его прибрежная зона / Ж. С. Сыдыков, В. В. Голубцов, Куандыков Б. М. – Алматы: Өлке, 1995. – С. 116-119.
3. Курмангалиев, Р. М. О механизме гетерогенности климата Центральной Азии / Р. М. Курмангалиев // Вода в биосферных процессах. – Уральск, 2001. – С. 8 – 29.
4. Чепмен, Р. Е. Геология и воды. Введение в механику флюидов для геологов / Р. Е. Чепмен. – Л., 1983. – 159 с.
5. Паталха, Е. И. Термодинамический режим метаморфизма / Е. И. Паталха, А. И. Поляков, Н. Н. Севрюгин. – Л.: Наука, 1976. – С. 44-48.
6. Uffen, R. The stress vealize hypothesis of magma fovmation / R. Uffen, U. A. Jessop – Bull.Volc. – 1963 – V. 26 – NO 13 – р 98-106.
7. Камалов, С. М. Геологическое строение, оценка запасов, состав углеводородного сырья и состояние освоения месторождения Карачаганак / С. М. Камалов, Н. С. Камалов. – Уральск, 1995. – 60с.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ФИЛОСОФИЯ
УДК 091
махаббат философиясы
Г. М. Хайруллина
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Жоғарғы оқу орындарына арналған «Философия» пәнінің бағдарламасында «Махаббат философиясы» деген тақырып бар. Ұсынылып отырған мақала студенттерге көмектеседі. Философия және әдебиет саласындағы материалдарға сүйене отырып, автор махаббаттың мәнін ашуға тырысады.
В программе курса «Философия» для вузов есть тема «Философия любви». Данная статья поможет студентам ориентироваться в этой сложной теме. Автор, используя материалы философии и литературы, пытается разобраться в сущности любви.
There is the subject «Philosophy of love» in the programme of Philosophy course for high school. This article will help the students to understand this complex subject. The author, using philosophy and literature materials, tries to understand the nature of love.
Махаббат – өмір бастауы. Әдебиеттің, поэзияның, прозаның т.б. дені – махаббат тақырыбы. Махаббат туралы жазылған философиялық трактаттар да баршылық. Әдебиетте «махабатт философиясы» деген ұғым бар.
Махаббат деген не өзі; Сағыныш па? Әлде тәтті мұң шығар. Мүмкін... мүмкін, тағдырдың жазғаны болар.
Махаббат – адамгершілік негізі, мейірімнің көзі, инабат тәрбиесі, сезім тұнығы. Адамдардың арасындағы «тартылыс» заңы да сол махаббатқа сүйенеді. Жүрегінің жылуы мен қайырым шапағаты мол, өмір бойы адамға ғашық болып өткен Абайдың: «Махаббатсыз дүние бос. Хайуанға оны қосыңдар», – деп айтқаны сондықтан.
Махаббат бәрімізге таныс нәрсе сияқты. Бірақ жастар махаббаттың мәніне үңіле бермейтін сияқты. Көптеген жастар үшін махаббат театрланған ойын сияқты. Махаббаттың мәнін түсіну үшін «адамтану» деген күрделі ғылымды меңгеру керек. Әдетте махаббат ұғымы оңды-солды, неге болса соған қолданыла береді.
Махаббат тақырыбы әдебиетте, сонау көне заманнан бері сөз болып келеді. «Ләйлі-Мәжнүн», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» эпостарын қоспағанда махаббатқа арналған рубаяттар мен ғашықтық қиссалар қаншама? Сонау Хауа-Ана мен Адам Атадан бастап, бүгінгі күнге дейін тіл біткеннің бәрінде махаббат суреттеледі. Оның барлығын қамту мүмкін емес. Махббат көп мағыналы түсінік. Ол үлкенге де, кішіге де ортақ.
Махаббат – адам жанының басқа адамға немесе белгілі бір идеяға бағытталатын сүйіспеншілік пен құштарлық сезімінің интимдік және адамгершілік түрде көрінуі. Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Бірақ бізді көбінесе толғандыратын жайы – ер адамның әйел адамға деген махаббаты. Ол адам жанының аса терең сезімдерінен еркін түрде пайда болады. Сүйіспеншілікті мәжбүр ету, зорлау арқылы тудыруға, сондай жолдармен жойып жіберуге болмайды.
Махаббаттың мәні биологиялық және рухани, жеке және әлеуметтік, интимді және жалпыға ортақтасу сияқты қарама-қарсылықтардың бір жерде түйісуі арқылы анықталады. Алайда махаббат қандай формада көрінбесін, айталық, ананың балаға, ғашықтардың бір-біріне, адамның Отанға деген сезімі бұлардың арасында ортақ психологиялық байланыс бар.
Махаббатта сезім мен ақыл ұштасып, адам парасатты табиғи күш ретінде көрінеді. Өйткені жеке адам ұғымын оның сезімдік табиғатынан бөліп алып қарауға болмайды. Махаббат сезімдеріне бөленген адамда нәзіктік пен қызғаныш қасиеттері пайда болады. Өткінші сезімге қарама-қарсы нағыз махаббат өзінің жан толғанысының тереңдігімен, жүрек лүпілімен, бүкіл болмысымен ерекшеленеді. Махаббаттың осындай болмысын ұлы Абай:
«Асыл адам айнымас, бір бетінен қайрылмас,
Көрсем дағы, көрмесем де, көңілім сенен айнымас», – деп сипаттапты.
Жазушы-ақындар, ойшылдар, сазгерлер, суретшілер махаббатты құдұретті күшке теңеп, тарихтың өзгеруіне өз үлесін қосты дейді. Ғылымдар махабаттың пайда болуының себебін, материалдық түпнегізін түсіндіргісі келеді. Бірақ оны түсіндіру ғылымдардың қолынан келмейді. Арнайы махаббат туралы ғылымды көзге елестету мүмкін емес. Махаббат – ғылым тақырыбы емес. Махаббаттың мәні ер адам мен әйел заты арасындағы өзгешіліктерден басталса керек. Бұл көпшілікке мәлім. Әйелдің еркектен айырмашылығы белгілі. Аңыздағы идеяға сүйенсек, Адам-Ата Хауа-Анадан бұрын жаралған, ол дүниеде бар болғанда әйел заты әлі жоқ еді. Сондықтан еркек әйелдің жасы үлкен ағасы. Ал Хау-Ана дүниеге келгеннен бастап адамға қатысты проблема пайда болды: ол күнә. Біз күнә дегенде жаратушының айтқанына қайшы келетін әрекетті айтып отырмыз. Әйелдің еркектен айырмашылығы – оның сұлулықты сезетін нәзік жанында. Сұлулықтан қашқан әйел-қылықсыз әйел, яғни өз табиғатына қарсы болған жан. Сұлу емес әйел заты жоқ. Әйелдің сұлу болмауы мүмкін емес. Мәселе тек қажетті қылықта, табиғи мінезде, сәбилік пәктікте,ұнасымды киінуінде. Сұлулық тек әйел өлшемі екенін ескеру керек. Сұлулық ер адамға қолданылмайтын өлшем,сұлу жігіт деу, оның жетістігі емес. Сұлу болу әр әйелдің қолында, ол бір. Екіншіден, сұлу әйел адам тағдыры, олай болса, әрбір әйел сұлулыққа ұмтылу керек. Бірақ сезімге берілмеу керек. Сезімдер тасқынына қарсы тұру үшін, оны арнаға түсіретін еркек мінез керек.
Ер адам атқара алмайтын іске әйел емін-еркін барады. Әйелдердің ондай ісін ерлік деп атау қиын. Себебі «ерлік» дегенді ер адамдар иеленіп алған. Ол да дұрыс. Ерлік деген-шектеулі харекет, ал әйел атқаратын ғажайып іс ерліктен анағұрлым жоғары. Әйел мен ер табиғатын түсіндіретін діндер (христиан, ислам) ерлер мен әйелдерді оқытуда құдайға ғибадат жасауды бөлек жүргізген. Ресейде Қазан төңкерісіне дейін «арулар оқу орны» бөлек болған. Қазақстанда қыздар институты әлі де бар, оны сақтау қажеттілігі саяси ғана емес, табиғи қажеттілік. Әйелдің жазуы да ерлерге қарағанда өзгеше,дауысы да, жүріс-тұрысы да бөлек. Әйел жанын түсіну өзгеше табиғат,өзгеше таным тәсілін талап етеді.
Махаббат, ғашықтық, әйел ойлары туралы терең түсініктерді, жырлар мен романдарды кімдер жазды? Әлемдік өнер классиктерінің көпшілігі ерлер, олар өздерінің негізі тақырыбына әйел болмысын алды. Қауым білетін Гомердің «Иллиадасы» мен «Одейссеясынан» бастап, барлық классиканың өнер мен әдебиет туындыларын қарасақ, бірінші орында – әйел проблемасы. Әйелсіз қоғамда қозғалыс болмайды. Поэзияның өзі – әйел тақырыбын негізге алған өнер саласы. М. Әуезов «Әйел – өмір тірегі» деген; адамның өмір сүруі үшін ең қажетті не? Ол – ауа, яғни әйел, қоғамның ауадай қажетті кеңістігі. Ф. Достаевский «Сұлулық дүниені құтқарады» десе, Абай: «Өмір негізі сұлулықта, ал сұлулық деген әйелден өзге нәрсе емес», – дейді. Айталық, ғашықтық жырларда Қозы үшін Баян, Ромео үшін Джульетта өмірін қияды. Сүйгені үшін өмірін қиюға әйел заты дайын. Міне, осыдан кейін махаббат ұғымын толық түсіну үшін оның ғашықтықтан айырмашылығын білу керек. Шығыс поэзисянда ер адамның әйелге, әйелдің ер адамға деген ыстық құштарлығына бас ию бар. Поэтикалық мифте Мәжнүн таудағы тасқа да, өзен суын да, өскен ағашқа да Ләйлі деген, демек ол үшін жаралған дүние – Ләйлі, ал Ләйлі осы дүниедегі қыз есімі ғана. Сондықтан ғашықтықты махаббат синонимы деп қарастыруға болмайды.
Абайдың айтуынша, Алла адамзатты махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамзатқа дейінгі болған жаратушы құдыреті. Ал ғашықтық болса адам Алласына рухани сезім, келе-келе қыз бен жігіт арасында рухани тұтастыққа қатысты қолданыла бастаған, тек осы мәнде ғашықтық пен махаббат ұқсастығы бар. Абай дүниетанымында махаббат адамзатты жаратушы Құдай құдіретті болса, Иассауи дүниетанымында пенденің жаратушыға деген шексіз сүйіспеншілігі. Дінді, жаратушыны мойындамайтындар үшін ғашықтық пен махаббаттың өзгешілігі жоқ, олар бір түсінік, бірінің орнына бірін еркін қолдана беруге болады [1]. Ғашықтық пен махаббат орыс тілінде «любовь» деген бір ұғыммен беріледі. Бұл материалистік, атеистік түсінікке сай келеді. Тұрмыста ғашықтықты қолдану кең етек алған, мұндайда Абайдың «ғашықтық құмарлықпен ол екі жол», – дегенін есте ұстаған жөн, себебі ғашықтық адамның рухани қуаттылық өлшемі, әрі көрінісі. Көп ғасырлардан бері адамзат өзіне-өзі сұрақ қояды-махаббат қалай пайда болды, адаммен бірге ме, әлде кейін бе? Платонды қайда қоямыз? Платондай махаббатты түсіндірген адам аз. Платонша махаббат адамды көрмей, білмей оған ғашық болу. Бұл жағдай Платонға күш берген. Соның бейнесін елестету арқылы нақты көрмей-ақ оның ақылдығына, көріктілігіне ғашық болған.
Бұдан 35 ғасыр бұрын Ежелгі Египетте алғашқы махаббат лирикасы пайда болды; ол кең етек жайып, өнердің бір саласына айналды. Онда бейнеленген махаббат жай қызығушылық қана емес, бар ішкі дүние сезімі бүгінгі күнгі махаббатқа ұқсас. Уақыт өте адамдар да өзгерді, олардың өмір сүру салты да, психологиясы да өзгерді. Махаббат мәні – терең, ол тек сезім емес, сонымен қатар жан рахаты, тән ұқсастығы және сонымен қоса жан ұқсастығы. Махаббат – екі адамның қосылуы, ал әрбір жеке адам табиғаттағы құбылыстардай қайталанбайды. Көбіне адамды адам қылған да махаббат.
Ол махаббат – ер мен әйел арасында.
Платон «Той» сұхбатында сүйіспеншіліктің, әсіресе әдемілікке деген сүйіспеншіліктің мәнін ашып көрсетеді. Өйткені, оның ойынша, әдемілікке ұмтылу, оны сүю игілікке әкеледі. Ендеше, мұндай сүйіспеншіліктің бірнеше түрі бар екен. Соның бірі – шығармашылық. Платонның ойынша, шығармашылық болмыс еместен болмысқа қарай өту. Кез-келген өнер туындысы – қас шебердің қолынан шыққан әдемі дүниелер шығармашылықтың жемісі. Ал адамды жасау – бұдан асқан шығармашылық бола ма?
Бірақ даналықты сүйген адамның бәрі жаратушы бола бермейді екен. Ол үшін алдымен сол адамның өзі әдемілікті бойына сіңіруі қажет. Платонның ойынша, махаббат, сүйіспеншілік дегендер адам бойына әдемілікті сіңіріп соны дүниеге әкелу. Дүниеге келу, туу деген әлемге жаратылған пенденің мәңгі өлмейтіндігінің бір белгісі. Олай болса, сүйіспеншілік, махаббат мәңгілікке ұмтылу болып табылады.
Қайта өрлеу дәуірінде махаббат тақырыбы кеңінен ашыла бастады. Бұл кезең адамның шіркеудің қысымынан босап шыққан кезіне сәйкес келеді. Онда махаббат түсінігі мен жыныстық және сезім, ойдың ерекше түрі басқа адамға бағытталу керек екендігі айқын, ашық айтыла бастады. Бұл сезіммен таныс емес адам жоқ. Сонымен қатар махаббатсыз адамның моралы қалыптаса алмайды. Соқыр адам-жарық, керең туралы, адам дыбыс туралы аз да болса білетіндей, адам да махаббат туралы білуі тиіс. Дүниеде адам да жалғыз. Бірақ әр заттың дүиеде өз орны бар. Соған байланысты адам да жынысы бойынша ер және әйел болып бөлінген, олардың дене мүшелерінде де айырмашылықтар бар. Олардың қызметтері де бөлек.
Ежелгі Үнді философиясының «Шабдан бұтағы» деген диалектикалық трактатында махаббат былай сипатталады.
Адам құштарлығының үш негізі бар:
Жан, сана, дене.
Жан ынтығынан – достық туады.
Сана ынтығынан – сыйластық туады.
Осы үш ынтықтың бірлігінен – махаббат туады.
Олай болса, махаббат дегеніміз көптеген элементтерден тұратын күрделі интелектуалдық-эмоционалдық жүйе. Шын сүйген адам қара басының қамын ұмытып, барлық арман мүддесімен ғашығына құмар болады. Сол арқылы бақыт тұтқасын ұстағандай болады.
Жеке адам қалыптасу кезінде өзіне қойылған шектер мен талаптарды көріп, оның алдын алу жолын іздейді. Махаббат дегеніміз – шындыққа, мәңгілікке жетудің бірден бір жолы. Философияның өзі даналыққа құштарлық, махаббат деп аталу бекер емес. Махаббат басқа адамды түсінуге көмектеседі. Ол бірін-бірін сүйетін адамдарды байланыстырып, ең күшті сезім тудырады. Бірақ махаббат тез басылатын бақыт толқыны емес, ол адамдардың ішкі сезімі мен сүіспеншілікті қажет ететін өнер түрі. Атақты американ философы Эрих Фромм «Махаббат өнері» деген еңбегінде осы туралы айтады: «Махаббат бүкіл адам баласы басынан өткізе алатын сентиминтальды сезім емес. Егер сен өзіңе жақын адамды шын ниетіңмен сүймесең махаббатқа деген ұмтылыс бекер». Өз еңбегінде Фромм махаббатты білдіретін нәрсені атап көрсетеді. Олар – шын ниетіңмен берілу, жақының туралы қам жеу, жауапкершілік, сыйластық және түсінік.
Жалпы махаббат тең адамдар арасында болады.
Аналық махаббат – ата-ананың баласына махаббаты.
Жыныстық махаббат – ер мен әйел арасында болады.
Махаббат адамның күнделікті күйбің – шүйбіңінен, тұрмыс тіршілігінен жоғары тұрған сқақ сезім. Махаббаттың айналасында физикалық, физиологиялық ештеңе жоқ, махаббат пен нәпсіқұмарлықты шатастыруға болмайды. Махаббат әсте де норма емес. Махаббатты ештеңемен өлшеуге болмайды. Сүйіспеншілікті ақыл таразысына салып өлшеп пішіп, біз оның мән-жайын біле алмаймыз. Бұл махаббат емес, есеп-қисап, сауда-саттық болар еді [2].
Достық – махаббат бастамасы. Қыз бен ұл арасындағы достықтың түріне келсек, оның өзі әлі күнге дейін зерттелмеген. Олардың әрқайсысы өміріндегі жақын досын қалай іздеу керек және кімді, қандай адамды қалау қажет екені туралы ресми түрде әдебиеттер жоқ. «Махаббат жоқ, соған әрекет бар...» т. б. сол сияқты өте зиянды әрекеттер мен түсініктер өте сезгіш жас өспірімдерді өмірге қадам басқан шақта жолдан адастырады, қиын жағдайларға әкеп соқтырады. Орыстың ұлы жазушысы Толстой: «Егер сен бір нәрсені ұнатпасаң, ол сенің бойыңда махаббат жоқ дегенді білдірмейді. Қайта сенің бойыңда махаббатқа кедергі жасайтын нәрсе бар деген сөз. Сенің жаның, жүрегің, бұл ұлы сезімге толы, бірақ бұл сезім сен үшін ашық емес, себебі сенің күнәларың рұқсат етпейді. Сенің тәніңді қарайтып тұрған күнәларынан құтылудың жолын тап» [3].
Махаббат тіршілік иесіне тән табиғи инстинкттер мен бой құмарлығынан туғанмен, өзінің аса жоғары дамуы мен көріну түрінде шын мәніндегі сұлулық пен ләзаттың нышанына айналады. Сол арқылы адамның жан дүниесін баурап, зор рухани күш пен өмірге деген құштарлық туады. Сонымен қоса махаббат адамның жеке басының дамуында аса зор роль атқарады.
Кешегі өткен тарихқа бір сәт көз жіберсек, халқымыздың інжу-маржан сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Қозы-Көрпеш пен Қыз Жібек-Төлеген, Еңлік-Кебек, Ләйлі-Мәжнүн, Қобыланды мен Құртқа сияқты бейнелер адамгершілік парасатымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биік дараланып көрінеді. Бұл ғашықтық-эпостық, батырлық жырлардың бәрінде де туған жерге деген, ата-анаға, ғашық жарға деген шынайы да асқақ махаббат сезімі бейнеленеді. Өмір қыспағынан шыға алмай, бір-біріне қосыла алмаған, ғұмыр бойы арманда кеткен көз жасын төккен, тіптен асыл жарға деген адамдардың жолында жас өмірін қиған аяулы арулар мен намыс туын жықпаған ерлер қаншама десеңізші. Махаббат, достық күнделікті өмірде орын алатын барлық жеңістер мен жеңілістерден, қуаныш пен реніштен, табыс пен сәтсіздіктен қымбат. Түкке тұрмас нәрсеге бола достыққа, махаббатқа кір келтіруге болмайды. Достық пен махаббат тек адамдар арасында орын алады. XVIII ғ. өмір сүрген Есей бидің тауып айтқан бір нақыл сөзі ойға келеді:
Бай мен бай құда болса,
Арасында жорға жүрер.
Кедей мен кедей құда болса,
Арасында дорба жүрер.
Бай мен кедей құда болса,
Бір-біріне зорға жүрер.
Достар мен ғашықтар бірдей бір-біріне тең келе бермейді. Алғашқыда адамдарды тең ететін қүш сезім ғана. Кейінен таныса келе достар – ғашықтар бірінен бірі қалыспауға, бірдей деңгейге көтерілуге тырысады. Достық та, махаббат та атына заты сай болса, адамдарды өзгертеді, жақсартады, жетілдіреді. Ақан мен Тоты, Абай мен Тоғжан, Естай мен Қорлан махаббаттары дәл осындай, мәңгі тот баспайтын, қайта уақыт өткен сайын алмастай жарқырап, қос аққудай бір-біріне ынтазар екі жастық мөлдір кәусар сезімдерінің айнымас үлгісіндей адамгершіліктің алтын қазынасына айналды. Иә, шынайы сүйіспеншілік қана адамдарды қол жетпес биік шыңға көтереді, жанын жаз, көңілін көктем етеді.
Абай – адам баласының достығын жыр етті. Соның ішінде, әсіресе, шын достық пен адал махаббатты көкке көтере жырлады. Ол бар азабына төзетін шынайы сезімді, сүйген жарға адал болу идеясын ұсынып, жастарды жар сүюде тұрақты болуға шақырады. Абай махаббатты бүкіл тіршіліктің нәрі, ұзақ өмірдің сәні дейді. «Көңілді босататын, жаныңды айқара ашатын, жалғыздық та, зарыққанда, тарыққанда, ем болатын шипа – махаббат,адам шын сүймесе, махаббат жүректі жаралайтын тікенек. Жар сүйсе жүрек жазылады, сүймесе әлсірейді».
«Махаббат тәтті у, дүниенің у-шуы жүрекке махаббаттай күшті әсер ете алмайды», – деген нақыл сөз өмірден, тәжірибеден алынған.
Достық, ғашықтық – махаббаттың бір көрінісі. Махаббат сирек кездесетін нәрсе деп ойлаймын. Бірақ әр адам өзіндік бір махаббаттың бар екеніне сенеді, соған арқа таңады. Махаббат әрбір адамның бойында үміт оятады. Махаббат болмаса әлемде үндестік те, тіпті адамдар да өмір сүрмеген болар еді. Кейбір адамдар махаббаттың не екенін білмей де өмір сүру мүмкін.
Махаббатты терең түсініп, ардақтай біл, оны көздің қарашығындай сақта, осыны түсінген адам ғана Отанына абыройлы, еліне қадірлі, баққытты адам болады. Шынайы махаббат сайрап жатқан даңғыл жол емес, оның ойпаты мен шұңқырлары да жеткілікті, соны түсіне білсең ғана «мен өмір сүрдім, бақыттымын» деп ауыз толтырып айтуға қақың бар....
Мал да аяулы, жан да аяулы болса егер,
Малды аяма, жаның үшін малды сат!
Жан да аяулы, жар да аяулы болса егер,
Жанды аяма, жарың үшін жанды сат!
Осы емеспе Шәкәрімше махаббаттың түсінігі [4]!
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ғарифолла, Есім Сана болмысы / Есім Ғарифолла – Ғылыми баспа орталығы – Алматы: Ғылым, – 2002. – 187 б.
2. Рысқалиев, Т. Х. Философия тарихына шолу / Т. Х. Рысқалиев – Орал: Дастан – 2005. – 107-108 б.
3. Толстой, Л. Н. Круг чтения... Т.1 / Л. Н. Толстой – М: Политиздат – 1992. – С. 28-29.
4. Ғарифолла, Есім Қазақ философиясының тарихы / Есім Ғарифолла – А: Қазақ университеті – 2006. – 140 б.
Мазмұны – Содержание
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ
АГРОНОМИЯ
Браун Э. Э., Нургалиева Г. К. Особенности роста и развития сортов картофеля разной спелости в условиях Западно-Казахстанской области.................................................................................................................... 3
Салихов Т. К., Сапарова Н. А. Продуктивность картофеля от внесения удобрений.................................................................................................................. 7
Султанова А. К. Улучшение пищевой и биологической ценности хлебобулочных изделий путем использования продуктов переработки
перспективных зерновых культур ........................................................................ 9
Тлепов А. С. Гранулометрический состав почвы и его роль в накоплении органического вещества......................................................................................... 13
ЗООТЕХНИЯ
Айжариков Т. Ж., Каюмов Ф. Г., Сидихов Т. M., Губашев Н. М. Влияние промышленного скрещивания на продуктивность
молодняка разных генотипов.............................................................................. 16
Бозымова А. К. Мясная продуктивность кроссбредного молодняка....... 20
ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
Абсатиров Г. Г. Возможности управления эпизоотическим процессом........23
Ашетов И. К., Сариев Н. Ж. Изучение отдаленных последствий абамекура.. 27
Кереев А. К. Қошқарлардың ұмасы және оның ішкі
құрамының анатомиясы........................................................................................... 31
Мурзабаев К. Е., Таубаев Ө. Б. Пастереллезге қарсы қолданылған
эмульгирленген вакцинаға ауыл шаруашылық малдары
ағзаларының реакциясы........................................................................................... 37
Наметов А. М., Абдулла А. А., Орынханов К. А. Применение шунгитовой
воды при лечении стоматитов у кошек ………………………………........……… 40
Сариев Н. Ж. Абамекур против гиподерматоза крупного рогатого скота... 43
Таубаев Ө. Б. Ірі қараның пастереллезіне қарсы поливаленттік
вакцинаның иммуногендігін және иммуногендік коэффициентін
анықтау нәтижелері……………………………………………………………..…… 46
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Уразгалеев Т. К., Бектилевов А. Ю. Отрицательное воздействие
воды в горюче-смазочных материалах на работу механизмов автомобильной техники……………………………………………….…….49
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Абдиева А. К. Анализ работы с кадровым резервом и его влияние
на финансовую устойчивость предприятия.....................................................56
Ажмагамбетова М. Б. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті банктік несиелендіру............................................................................................................. 60
Молдағалиева А. Н., Траисова Т. Н. Жеке тұлғаларға көрсетілетін
Банктік қызметтің негізгі түрлері .................................................................... 64
Насырова Б. Б. Транспортно-географическое положение
Мичуринского и Подстепновского сельских округов г. Уральска ....................69
Хусаинов Б. М., Габбасова Ж. Ж. Қазақстан Республикасының
Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру кезіндегі бидай өндірісінің аспектілері......72
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
ЭКОЛОГИЯ
Курмангалиев Р. М. О гидрогеомеханической природе Шалкарского землетрясения и мерах по предотвращению дальнейших сейсмопроявлений .................................................................................................................................. 77
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ФИЛОСОФИЯ
Хайруллина Г. М. Махаббат философиясы....................................................87
Достарыңызбен бөлісу: |