Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі


КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ



Pdf көрінісі
бет4/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
foreign 788

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ 
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар пән бойынша оқу үдерісін 
ұйымдастыруда кӛмектесетін негізгі құжаттардың бірі болып 
табылады, ол оқу бағдарламасының қатаң ретпен орындалуын 
әдістемелік жағынан дұрыс жоспарлауды және байланысты пәндермен 
үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жақсы ойластырылған және сапалы 
құрастырылған жоспар сабаққа қажетті кӛрнекі оқу құралдарын алдын 
ала дайындауға, зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың ӛткізілуін 
дұрыс жоспарлауға кӛмектеседі. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың 
бар болуы оқу бӛлімі мен циклдік комиссияның тарапынан 
бағдарламаның орындалу барысы мен оқушыларда біркелкі жұмыс 
мӛлшері болуына жүйелі түрде бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. 
Жаңа оқу жылындағы жұмыс мӛлшерін оқытушы әдетте ағымдағы 
жылдың аяғында біледі. Демек, оның ӛз қызметін жоспарлап, оны 
бағдарламамен және күнтізбелік орындау мерзімдерімен үйлестіруге 
уақыты бар болады. Ӛз жұмысы мен оқушылардың болашақ қызметін 
жоспарлау – оқыту үдерісін ғылыми ұйымдастырудың негізі. 
Барлық оқу мӛлшерін және пән бойынша жұмыс бағдарламасын 
біле отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға кірісуге болады. 
Күнтізбелік жоспар пәнді оқуға бӛлінген сағат саны мен жұмыс 
8
1.3.


мӛлшерінің бӛлінісіне байланысты жарты жылдыққа немесе бүкіл оқу 
жылына жасалады. Жоспар үлгісі бүкіл оқу орнына бірыңғай болып 
табылады. 
Келе жатқан оқу жылына күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды 
әзірлеу ағымдағы жылдың соңында аяқталу керек, ӛйткені әрбір 
оқытушының педагогикалық 
жұмыс мӛлшері 
белгілі болады. 
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқытушы әзірлеген бағдарламаға 
дәлме-дәл сәйкес болу керек. Пән бойынша жоспар жұмыс 
бағдарламасының барлық қолдану уақытына құрастырылады, пәндік 
комиссиямен қарастырылады және сәйкес инстанцияларда бекітіледі. 
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастыру барысында келесіні 
ескеру керек: 
■ 
күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізгі бетінде берілген пәнге 
оқу жоспары бойынша бӛлінген сағат саны кӛрсетіледі; 
■ 
1-бағанда сабақ нӛмірі, 2-бағанда күні мен айы кӛрсетіледі; 
■ 
3-бағанда оқу бағдарламасының бӛлімдері мен тақырыптары және 
әрбір сабақтың тақырыптары кезекпен жазылады; 
■ 
3 - және 4-бағандар оқытушының тәжірибесін ескере отырып, 
бағдарламаны мұқият талдағаннан кейін толтырылады. 
Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың үлгі нұсқасымен 3-қосымшада 
танысуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет