6.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін іске қосу жолдарын ойлап
табу. Сабақта проблемалық және ізденістік жағдай жасаудың әдістері
мен амалдарын анықтау. Оқушылардың ӛзіндік
жұмыстарының
мазмұны мен құрылысын белгілеу.
7.
Жеке кезеңдер және жалпы бүкіл сабақ бойынша қорытынды
жасау үлгісін анықтау.
8.
Жаттығулар жүйесі мен оларды орындау тәсілдерін белгілеу,
оқушылар әдетте жіберетін қателерді алдын ала қарастыру.
9.
Тақтадағы жазбалар мен суреттерді жоспарлау. Сабақта
оқулықты пайдалану жолдарын ойластыру.
10. Сабақ барысында немесе оның соңында оқу материалын бекіту
әдістемесін әзірлеу.
11. Оқушылардың білімін бақылау және есепке алу әдістемесін
ойластыру.
12. Үй тапсырмасының мазмұны мен кӛлемін анықтау.
13. Үй тапсырмасын орындау бойынша оқушыларға берілетін
ұсыныстарды ойластыру.
14.
Сабақтан тыс оқуға, пәндік олимпиадаға дайындалуға, реферат
жазуға және т.б. әдебиет ұсыну.
Жаңадан бастаған оқытушыларға пайдалы болатын бірнеше
кеңестер келтірейік:
■
егер жоспарды электрондық түрде жазуға мүмкіндік болмаса, онда
оны дәптерге қарағанда, жеке қағаздарға жазған жақсырақ. Егер
жоспардың белгілі бір элементіне түзету енгізу не ӛзгерту керек
болса, онда оны оңай жасауға болады;
■
сабақтың кезеңдеріне жұмсалатын уақыт міндетті түрде бір
жиынтық сабаққа 80 мин. есеппен жоспарланады.
Болашақта
тәжірибе жинағаннан кейін, бұл қажет болмауы мүмкін. Бірақ
жаңадан бастап келе жатқан оқытушылардың ең таралған қателігі –
мазмұндауға беріліп кету немесе түсіндіруге кӛп кӛңіл бӛлу. Бұл
кӛпшілік
жағдайларда
уақыттың
болмауына
байланысты
жоспарланғанды іске асыруға мүмкіндік бермейді;
■
сабаққа арналған конспектіде оның белгілі бір кезіне сәйкес келетін
жазбаларды, эскиздарды, формулаларды, күрделі
жағдайларды
кӛрсету жӛн. Сабақ қызықтырып кетеді және, тіпті, тәжірибелі
оқытушы кӛз алдында жоспары болмаса, жоспарланған үлгіні
ұмытып кетуі мүмкін;
■
жоспарды түрлі түсті етіп жасау жақсырақ. Негізгі мәліметті түрлі
түспен белгілеу дағдысы оқытушыға сол элемент туралы ұмытуға
жол бермейді;
■
пәнаралық байланыстарды жоспарда ойластырып, ал
сабақта
білдірмей
кӛрсеткен
дұрыс.
Мысалы,
«Шойын
ӛндірісі»
тақырыбында келесі пәнаралық байланыстарды атап ӛтуге болады:
химия – тотығу, қалпына келу; физика – балқу температурасы, қатты
зат, магниттік қасиеттер;
10
■
оқушылардың қосымша әдебиет оқуын жоспарлау керек, тек
мамандыққа байланысты ғана емес, сондай-ақ материалдарды ашу
тарихы, олардың ӛңделуі мен техникадағы қолданысы туралы
мақалалар, кітаптар ұсыну керек;
■
әрбір жоспардың аяғында келесі екі баған жасау дағдысын
қалыптастыру маңызды: «Сабақ бойынша ескертулер», «Сабақ
жүргізу бойынша түзетулер». Сонда ӛзіндік
талдау жасай отырып,
сіз ӛз қателіктеріңізді бірден есепке алып, болашақта қайталамайтын
боласыз.
Сабақ жоспарының үлгі нұсқасымен 4-қосымшада танысуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: