Адвокат — бұл тек кәсіптің белгісі қана емес, сондай-ақ бірінші
кезекте мінездің рухтық және әдептілік тұрпаты; бұл әділдікке
деген сарқылмас, ең биік органикалық қажеттілік, бұл сол үшін
күреске дайын тұрғандық.
Яков Семенович Киселев
(1896—1984),
Ленинград
адвокаты,
әдебиетші.
«Неделя»
атты
апталықта
1977
жылдың
қыркүйегінде
естелік
басылымға
шыққан
(«Известия»
газетіне
қосымша)
«Соңғы
сөз
алдында», «Соттағы сөз сөйлеу»
кітаптарының
авторы.
Я.С.Киселевтың
«Известие»
газетіндегі
берген
сұқбатынан
алынған үзінді (1977):
Корреспондент: Кеңес адвокатының нағыз сипаттық келбетіне
нені атар едіңіз?
Киселев: Әділеттікке сенімділік, әділетсіздікті өзінің жеке
қасіреті есебінде қабылдай алу қабілеті.
166
Е. М. Лесинаны қорғауындағы Я. С. Кисилевтің сөзі
Құрметті сот төрағалары!
Прокурор мырза айтайын деген ойын өте анық және
сабырлылықпен жеткізді. Бұған жауап ретінде қорғаушыға тек қана
тұрып, құрмет білдіріп: «Әділдік жеңсін» деген сөзінен басқа ештеңе
қалмады.
Прокурор мырза айғақтарға сәйкес, Ева Михайловна Лесина
құрылыс тресінде қарапайым кассир қызметін атқарып жүріп, осы
трестте бухгалтердің қызметін атқаратын Багрянцеваның керісінше
осы қылмысқа тартылғанын мойындады. Бірінші тексеру кезінде-ақ
бұның барлығы шыға келді. Лесина және Багрянцева 3959 сом, 54
тиын ұрлап алды. Ештеңе көзден тыс қалған жоқ, ештеңе қосылған да
жоқ. Сондай дәлдікпен қылмыс жасалған уақыты да көрсетілген.
Тек қана күні мен ақшаның сомасы қана тексеріліп қойған жоқ,
сонымен қатар Ева Михайловна Лесинанның мінез-құлқы анық
көрсетілді. Лесина таза жүректі, 32 жыл трестте жұмыс істеп, адал
қызмет атқарған. Лесина қылмыс жасағанына өкініп, қылмысты
ашуға ат салысты. Прокурор мырза қайта-қайта Лесина- жасы үлкен,
зейнеткер деп есімізге түсіре берді. Жазанынң жеңілдететін
жағдайларын ашып, анық көрсетті. Бір қарағанда Ева Михайловна
Лесинаның ісінен анық не болуы мүмкін? Барлығы шешілді, барлығы
дәлелденді. Соттың жұмысын әдетте шығармашылық жұмыс деп
атайды. Бұл дұрыс тоқтам себебі, соттың жұмысы өте күрделі әрі
қиын. Шығармашылық жұмыс дегеніміз - тек қана көрінетін
құбылыстарды байқап қана қоймай, сонымен қатар осы
құбылыстардың тереңіне үңіліп қарап, шындыққа жету.
Кейбіреулердің ойынша, адамтану - әдебиеттің монополиясы деп
санайды. Адамтану - сот үшін маңызды ғылымдырдың бірі, оны
ешкім оқытпайды, үйрепейді. Бірақ әрдайым оған үйренеді.
Адамтану – сот күнделікті онымен бір істен екінші іске дейін кездесе
береді. Адамтану ғылымы Е.М. Лесинаны түсінуде зор ықпалын
тигізді. Анкетадан үзінді: Лесинаның құрылыс стресіндегі жұмыс
стажы 32 жыл. Анкетадан үзіндіні еске түсірейік: 1932 жылы жас қыз
құрылыс трестке жұмысқа келді. Бұл жұмысқа келіп, көп уақыт
істелмейтіндігіне үміттеніп. Кассирдың жұмысы тартымды әрі онша
қызықты емес еді. 24 жасар Ева Лесина осы трестте біраз жұмыс істеп
көрем, сосын жаныма жайлы жұмыс табыла қалса тез арада соған
ауысамын деп ойлады. 32 жыл бұрын Ева Лесина көлемі жағынан
кішкене қана бөлмеге отырып, кішкентай терезеден басқа адамдармен
сөйлесе бастады. Сол кезде осы жерде бар өмірі өтеді деп ойламады
ма екен? Арада екі жыл өтті. Жас қыз өз жұмысына, дәл айтқанда
жұмыс бабымен кездесетін адамдарға үйреніп қалды. Ленинградта бір
туысқаны жоқ, жалғыз қыз жұмыс істеп жүрген адамдарына бауыр
басып қалды. Бір сөзбен айтқанда Ева Михайловна Лесина
167
жұмысында өзінің жанұясын тапқандай болып, олармен қоштасқысы
келмеді. Жылдар өтті, жұмысшылар өзгерді, трест бір орыннан екінші
орынға көшті, бірнеше рет атын өзгертті. Бірақ кассир қана өзгермеді.
Жас қыз енді орта жастағы әйел болды. Айналадағы бәрі өзгерді, тек
қана оның өмірі өзгеріссіз қалды. Трест, трест және тек қана трест
бола берді. Жанұя жоқ, туған-туысқандары жоқ, өзге де
қызығушылықтары да жоқ Ева Михайловнаның жұмысынан басқа
ештеңе болмады. Ева Михайловна Лесинаның өмірі осы тресте өтті.
Аса батылдығымен көзге түспейтін орта жастағы әйел, тресттегі
қиыншылықтарда өзіндікіндей көріп. Соларды шешу үшін не
істемейтін десеңші. Куәгер Макаренко: «Егер басшылыққа жаман,
жағымсыз хабар жайлы айту керек болса оны жалғыз қана істейтін
адам осы Ева Михайловна Лесина ». Осыны айтып отырған себебім,
Ева
Лесина
осы
трестегі
барлық
қиыншылықтар,
оның
қиыншылықтары болатын. Лесина оған сенген адамның үміттерін
ақтаған жоқ. Бұл оның кінәсін өсірмей ме? Енді Ева Михайловна
қалай қылмыскер атанғанын анықтау керек. Прокурор мырза осы
сұраққа жауап беруге тырысты: Лесина әдейі Багрянцовамен
қылмысқа тартылды. Иә, тартылды! Бірақ қалай?неге оған төтеп бере
алмады? Ева Михайловна Лесина үшін жұмысындағы қызметкерлер
оның жұмысындай оған ыстық әрі қымбат адамдар болды. Соның
ішіндегі ең қымбат, ең жақыны болған Надежда Сергееевна
Багрянцова. Надежда Сергеевна трестте 15 жылдан аса уақыт жұмыс
істеді. Жұмысты Лесинамен бірге кассир болудан бастады. Көп
кешікпей бухгалтер-расчетчик жұмысын атқара бастады. Содан бірі
Багрянцева және Лесина бір-бірінен ажырамаған. Багрянцева
төленетін ведомостерді дайындаса, Лесина болса сол бойынша
қызметкерлерге еңбекақы төледі. Қателіктер туған кезде екеуі бір-
біріне ызаланбай, бейбіт жолмен барлық келіспеушіліктерді жауып
отырды. Екеуі бір-біріне көмектесіп, өте жақын адамдар болып кетті.
Кейін бұл екеуінің арасындағы үлкен достыққа айналды. Барлығы
білетіндей Багрянцева және Казырева заңсыз әрекеттермен
байланысты. Егер осы туралы Лесина біліп қойса, ешкімге жақсы
болмайтындығын жақсы түсінген Казырева, Лесинаға ештеңе
білдіртпеу үшін барлығын істеді. Бірақ Лесинаның Багрянцевадан
басқа ешкімі жоқ екенін біле тұра, Лесина оснының барлығын біліп
қойса да ештеңе жасай алмайтындығына кәміл сенген. Ары ойлап,
бері ойлап оған айтатыны туралы шешім қабылдап 14 қаңтар 1963
жылы ведомость алып, Багрянцева цифрлардың бәрін өзгертті: 15
сомды 45 сомға және 19 сомды 79 сомға. Дәл сол күні, яғни 14
қаңтарда адал досы Багрянцеваның қылмыскер екенін білгеннен көп
кешікпей, ревизор да келе қалды. Келді де құжаттарды талап етті. Бұл
жерде ойлауға да уақыт болған жоқ. Тез арада Багрянцеваның
жасағанын ревизорға ұстап беру немесе ештеңе айтпай бәрін өз
жайына қалдыруды ойлады. Лесина үн қатпады. Сонымен Лесина
168
қылмысқа тартылды. Жоқ, Лесина өз-өзін ақтамайды. Багрянцеваны
ұстап беру оның қолында болды, бірақ ол оны істеген жоқ.
Багрянцеваның кішкене болса да көмегімді тигіземін деген үмітпен,
Ева Михайловнаның касса бойынша есебінде 1200 сом жетіспегендігі
туралы айтты. Соны жабу үшін ғана Лесина осы қылмысқа барды.
Лесина бұған не деді? Багрянцева Лесинаның жазасын жеңілдету
үшін айтқанын түсініп, бірақ оны қабылдамады. Ешқандай
жетіспеушілік болған жоқ деп кесіп айтты. Ол өзінің кінәсін
толығымен мойындады. Лесина шындығында да кінәлі. Оны жазалау
керек. Прокурор мырза оны 3 жылдан кем емес мерзімге дейін бас
бостандығынан айыруды сұрады. Прокурор мырза Лесинаны ҚК 43-
бабы бойынша жазалауды сұрады. 3 жыл бас бостандығынан айыру
бұл ҚК РСФСР 3- бөлім 92-бапта көрсетілгеннен 2 есе аз. 3 жыл Ева
Михайловна Лесинаны бас бостандығынан айырады делік. Ева
Михайловна өзі Ленинградта пәтерде тұрады. Заң бойынша 3 жылдан
кейін ол осы жерде тұру құқығынан айырылады. Жазасын өтеп болған
соң оның тұратын жері қалмайды. 3 жылдан соң 60 жастағы кемпір
болады. Енді кассир болып жұмыс істей алмайды, ал басқа жұмыс
атқара да алмайды. Бұл оны қинамай-ақ қоюына болады. Себебі ол
зейнетақы алады. Бірақта жұмыс істемегендіктен пәтер не
жатаханадан орын ала алмайды. Ленинградта оның ешкімі де жоқ,
Ленинграттан тыс жерде де ешкімі жоқ. Ол қайда бармақ?
Қорқыныштардың жартысы бекерден-бекер себебі, ол үйсіз
қалмайды. Оны бір жерге орналастырады. Бізді үйретеді: жаза
индивидуализировандырылған болуы керек. Жазаланатын адамның
жаза күшіне сай келе ме, келмей ме соны ескеру қажет. Осының
барлығын ескеріп менің айтқаныма ойлануыңызды сұраймын. Лесина
Ева Михайловнаға ҚК РСФСР 43- бабы бойынша қысқа мерзімді бас
бостандығынан айыру туралы үкім шықты.
|