Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


§ 13. Қорғап сөз сөйлеу



Pdf көрінісі
бет108/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

160
§ 13. Қорғап сөз сөйлеу: 
 жалпы ерекшеліктері,
құрылысы 
ІІ бөлім. Негізгі айыптаушы ретіндегі Кеңес өкіметі атынан сөз 
сөйлеген 
Руденко сөздері: 
«Адамзат тарихында әділеттік соты дүниеге осыншама ауыр қайғы-
қасірет әкелген қылмысты тұңғыш рет қарамақшы. Сот орындығында 
қылмыстың көкесін жасау мақсатында қолдарына тұтас бір 
мемлекетті түсіріп, соны қаруға айналдырып алған қарақшылар отыр. 
Осы отырған айыпкерлер арқылы біз олар қылмыстарын іске асыру 
үшін құрған мекеме, ұйымдары мен адамзатқа қарсы құрылған жалған 
теория, идеяларын да айыптауға тиіспіз. 
Сот орындығында қойылатын, бұлардың қылмыстарының негізі 
болып саналатын нақты айыптар мен оқиғаларды қарамас бұрын осы 
үдеріске тікелей қатысы бар құқықтық мәселелерге тоқтап өту жөн 
деп санаймын. Өйткені, бұл процесс адамзат тарихындағы 
ұйымдасқан жауыздыққа үкім шығарайын деп отырған тұңғыш 
процесс – халықаралық трибуналға осы жөнінде жазбаша да, ауызша 
да түсірген өтініштерде осы талап сансыз рет қайталанады. Процесс 
оны хабарынан тыс қалдырмау керек». 
ІІІ бөлім. Негізгі айыптаушылар есебіндегі АҚШ айыптаушысы 
Джексонның соттағы сөз сөйлеуі. 
«Біздің қаралап, жазаға тартқалы жатқан қылмыстардың 
молдығы, олардың зұлымдығы мен келтірген кесел-зияны 
соншалықты, өркениетті қоғам оларды ескерусіз қалдыра алмайды. 
Өйткені өркениет әлемі мұндай құбылыстың қайталануына қайтып 
шыдай алмайды. Адам баласы өмірде орын алған қылмыс үшін айыбы 
шамалы көлденең адамдарды емес, сонымен бірге, ұйымдасып, үлкен 
өкіметке ие болып, дүниенің бір де бір шаңырағын аямайтын қауіпті 
қару қылып, қылмысты жасағандардың өздерін жазалауды талап етеді. 
Судья мырзалар, Біріккен Ұлттар Ұйымы бүгіндері біздің алдымызға 
көлемі жағынан адам айтқысыз осындай зор істі қарауды қойып отыр. 
Сот орындығында бір кезде өздері азаптаған, атқан, асқан, отқа 
жаққан жандардың қайғы-қасіреті естеріне түсіп, оларға қарсы 
жұмсалған жауыздық қарулары қолдарынан қағылып, құр сүлделері 
қана қалған 24 қос аяқты хайуан отыр»- деп ойсырата сөйледі. 
Қорғап сөйлеген сөздің жалпы 
түсінігіне 
қорғаушының 
айыпталушыны 
қылмыстық істі 
қарау кезінде жақтап сөйлеген сөзі 
мен жәбірленушінің өкілі азаматтық 
талапкер мен азаматтық жауапкердің сөздері кіреді. Бұл жерде қорғау 
функциясы жағдайларды білуге, айыпталушыны ақтайтын, оның 
жауаптылығын болдырмайтын немесе жеңілдететін сонымен қатар 


161
оның жеке және мүліктік құқықтарын қорғауға бағытталған 
процессуалдық қызметтен тұрады. Қорғаушыны сот жарыссөзіне 
қатысуы оған айыптаушының келтірген версиясын қатаң сынға алып, 
сотқа айыпталушының пайдасына барлық дәлелдерді баяндауға 
мүмкіндік береді. Әлбетте, сот жарыссөзінің қатысушы- ларының 
дәлелдеу шегі, бір-біріне келмейді.
Егер айыптаушыға айыпталушының кінәлілігін дәлелдеу керек 
болса, 
қорғаушының 
басты 
мақсаты 
– 
айыпталушының 
жазықсыздығы толығымен дәлелденбесе де оны ақтауды кеуделеуі 
қажет. Ақтаушының қызметінде негізгі 3 этапты айқын ажыратып, 
көрсетуге болады.
Олар:
1) ақтаудың жалпы концепциясын қалыптастыру;
2) қорғау тактикасын жасау;
3) қорғауды орындау, соның ішінде қорғап сөйлеуді де.
Қорғап сөйлейтін сөздің мазмұны ақтаушының іс бойынша 
таңдаған айқындамасымен анықталады, бірі-жауапкершілікті 
жеңілдететін 
дәлелдер 
жиынтығының 
жазаны 
жеңілдетуге 
бағытталған өтініш туындайды, ал айыптауды өзгертуден - істі қайта 
қарауға 
жіберуге 
өтініш 
білдіру, 
сондай-ақ 
айыптаудың 
дәлелденбеуінен – ақтауды өтіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет