Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


Қорғап сөз сөйлеудің қорытынды бөлімі



Pdf көрінісі
бет110/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Қорғап сөз сөйлеудің қорытынды бөлімі. 
Қорғап сөз сөйлеудің қорытынды бөлімі (кейде ол болмауы да 
мүмкін) белгілі бір қорытындыға келіп, ақтаушы ақтауды немесе ең 
минималды мерзімін тағайындауды өтінеді. Келесі нұсқа ыңғайлы нұсқа 
болып табылады, қорытынды бөлім бастапқы сөздің мотивтерін 
қайталауы. Мұндай тәсілді ақтаушы А.С. Экмекчи тубдиспансердің бас 
дәрігеріне қатысты іске қатысуда қолданған. Ол өзінің қорғап сөйлеген 
сөзінде Вера Михайловна Цыгарованың атқарған қызметі мен қоғамға 
жасаған еңбектері мен адам денсаулығы мен өмірін сақтаудағы орын 
толмас қызметін атап өтіп, оған куәгерлердің жақсы мінездеме бергенін 
ескере өткен. Кейін, қорғаушы оның кінәсіздігін дәлелдейтін 
дәлелдемелерге сараптама жүргізді. Қорытынды бөлімінде ақтаушы 
сөзінің бастапқы сарымын қайталап, айыпталушының болашақта өз 
қызметімен халыққа келтіретін пайдасының көптігіне тоқталып өткен. 
Қорытынды бөлімде, қорғап сөз сөйлеуге арналған, атап өтетін бір жайт, 
оның құрылымы бірінші кезекте оның ақтаушы таңдаған процесуалды 
позициясына байланысты болады. Жауапкершілікті жеңілдетуді өтінетін 
қорғап сөз сөйлеуде:
1) жеңілдететін мән-жай;
2) өмір сүру мен тәрбиелеудің сипаты;
3) отбасымен, достарымен және ұжым арасындағы қарым - қатынастың 
сипаты;
4) жасалған іс-әрекеттегі психологиялық ахуалы және тағы тағы 
басқалары ескерілуі қажет.
Әділсот – құрбандық шалу емес, мұнда ортағасырлық догмалар 
қызмет етпейді, «құрбан бар жерде, тұтқын да бар» деген тұжырым 
мұнда орынсыз. Әділ соттың логикасы өзгеше, мүлдем басқа 
міндеттер мен мақсаттар, ал трагизм істі жеңілдетпейді, керісінше 
соттың ісін ауырлатады. Ол істің мән- жайларына максималды 
объективті баға беруге міндеттейді, бір адами трагедиясынан екінші 
трагедияның орын алмауы үшін. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет