Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


Қорғап сөз сөйлеудің мазмұны және құрылысы



Pdf көрінісі
бет109/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Қорғап сөз сөйлеудің мазмұны және құрылысы 
Қорғаушының сөзінде, сот талқылауындағы өзінің қатысуының 
шарықтау шегі болатын, сот тергеуінің нәтижесі қорытылады, 
қорғаушы позициясынан іс бойынша жиналған дәлелдерге саралау 
беріледі, айыпталушының жеке басы мінезделінеді, осының негізінде 
белгілі бір қорытындыға келеді.
Қорғап сөз сөйлеудегі басты процесуалды тақырыптар судьяның 
үкім шығаруда рұқсат етілген сұрақтар төңірегінде қалыптасады. Дәл 
осы сұрақтар кез келген қорғап сөз сөйлеудің басты мақамын 
анықтайды:
1) Айыпталушы жасады деген қылмыстық іс болды ма?: 
айыптаушы болжамы – адам өлтіру, қорғаушының болжамы – өзін-өзі 
өлтіру немесе жазатайым оқиғадан адам өлуі; айыптаушы болжамы – 
өрт қою, қорғаушының болжамы – апат салдарынан шыққан өрт т.б.;
2) Бұл әрекетте қылмыстың құрамы бар ма?
3) Қандай қылмыстық заңда ол қарастырылған?
4) Бұл қылмысты айыпталушы жасады ма?
5) Ол оның жүзеге асырылуына кінәлі ме?
6) айыпталушы жазаға тартыла ма және тағы сол секілді. 
Осылайша, қорғап сөз сөйлеудің тақырыбы болып шешенмен 
жетілдірілетін негізгі ой табылады. Көбіне қорғап сөз сөйлеу бірнеше 
тақырыптардан тұрады: негізгі және қосалқы (процессуалдық немесе
материалды-құқықтық түрінде).


162
Қорғап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі мен кезекті элементтерінің 
қатынастылығы 
Қорғап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі мен кезекті элементтерінің 
қатынастылығы ақтаушының процессуалдық ұстанымына байланысты. 
Ақтау туралы өтініш білдірген кезде, әлбетте сөз басы жеке тұлғаны 
мінездемелеуден басталады. Кейбір жағдайларда қорғалушының 
жағымды мінездемесі оның кінәсіздігінің дәлелі бола алады, оған 
тағылған айыптың дұрыстығына күмән келтіртеді, содан соң оның 
кінәсіздігін дәлелдейтін өзге дәлелдемелермен таныстырып өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет