Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


Билердің шешендік өнерінің айырмашылық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет44/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Билердің шешендік өнерінің айырмашылық ерекшеліктері. 
1992 жылы шыққан «Билер сөзі» хрестоматиясында билердің 
шешендігі туралы өте қызықты материалдар жарияланған. Халық 
аузында шешен- билердің барлығы туралы аңыз-әңгімелер 
қалғантұғын. Мысалы, Төле би туралы сөз қозғағанда, оның заңдар 
туралы өте терең білімі айтылады, Қазыбек би болса, өзінің 
шынайлығымен ерекшеленеді, Әйтеке бидің мазмұнды қарапайым 
сөздермен халықтың есінде қалған, Досбол би кез келген сөз 
бәсекесінде өзінің сөз тапқырлығымен алдына жан салмаған. Билердің 
шешендік өнерімен қоса, ақылды, астарлы, мағыналы сөздермен де 
белгілі болған. Халық арасында билердің талай қанатты сөздері 
қалған, мысалы: «тура биде – туыс жоқ», «би – халық үшін, бай – 
табыс үшін», «дұшпанына сырынды айтпа – сыртыңнан ұрар» 
дегендей. 
Ғалым – педагог Ы. Алтынсарин нақыл сөздерді жинады және 
оларды жариялады. Ол өзінің хрестоматиясына «Ізбасты», «Байұлы», 
«Жәнібек батыр», «Жиренше шешен» тағы басқалардың көргендікке, 
тапқырлыққа құрылған «даналық әліппелерін» енгізіп, кезінде оларды 
оқуға ұсынған. Алғашқы ұстаз аталы сөздің құндылығын сол кезде–ақ 
білген. 
Шешендік сөздерді тұңғыш зерттеушілердің бірі - М. Әуезов 
болса, 30-жылдары оларды іріктеп, жинап, халықтың керегіне 
жаратуға үлес қосып, қамқор болған, асыл сөздерді оқырман қауымға 
ұсынушы және балаларды ізгілікке тәрбиелеуде таптырмас құрал 
екенін оқытушы С. Сейфуллин болды. Сәкен Сейфуллин өзінің «Қазақ 
әдебиеті» дейтін кітабында шешен билердің әлеуметтік қызметтерін


84
шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтап, 
бірсыпыра нұсқауларын жариялады. 
Билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, 
жатқа айтқызу жас ұрпақты шешендікке, ата-бабадан қалған мол 
мұраны игертуге баулиды. 
Қазақ шeшeндiк сөздeрi - бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк 
танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi 
бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн 
дараланған, сондай-ақ, ас бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта 
көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. 
Бүгiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк 
сөздeрдiң көлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық түрлeрiнiң дe алyан 
түрлi eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe 
кәдeгe асып жатқан шығармалар eкeндiгiнe көз жeткiздiк. 
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден 
басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) 
есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-
XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, 
Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген 
кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай 
басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолын- дағы 
күрес жылдары еді. 
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті 
туынды- ларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан 
ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында 
тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары - жыраулар 
толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше. 
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, 
ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик 
В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар 
мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын 
ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер 
ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң 
қаласын», - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен 
табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен 
шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. 
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін 
жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық 
даналығының 
жас 
өспірімдерді 
тапқырлыққа, 
өткірлікке, 
адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз 
еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Сондықтан да, қазаққа 
жиен болып келетін 19 ғасырдағы әйгілі адвокат Ф.Н.Плевакода өзінің 
соттағы шешендік дарынын анасының тәлімінен сарқыған болар. 
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі - М.Әуезов. 
«Қазақ әдебиеті тарихы» (1927ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген 


85
арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар 
келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына 
дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын 
зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов 
шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді 
(1926 ж.). Ол сөздерді: шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш 
топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, 
сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы 
сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша 
түсініктер, тың анықтамалар берген. 
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға 
құрылады. Халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен 
өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, 
тіл жарасы бітпейді», «Аталы сөзге арсыз қана тоқтамайды», - деп 
сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, 
шешеннің (оратордың) ең негізгі құралы - сөз. Ол тындаушының 
жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. 
Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден 
ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, 
сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, 
қалай сөйлейтініңді біл», - деп толғайды. Бұлар - Ердің құнын екі ауыз 
сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді 
жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі. Мұндай сөз 
білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге 
құқық берілген. Шешендік өнер - көрген-білгенді көкейге тоқып, көп 
үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай 
жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы 
Бұқар жырау: ...Көш бастау қиын емес – Қонатын жерде су бар. Қол 
бастау қиын емес - Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау 
қиын - Шешімін таппас дау бар, – деп дұрыс аңғартады. Нағыз шешен 
үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, 
топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз 
сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет. 
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ 
шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді 
де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. 
Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп 
отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар 
тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік 
сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры 
талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, 
әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген. 
Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен қана емес, 
сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет