Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет80/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Кеңесушілік дәйектер 
Кеңесушілік дәйектеу, негізінен, сынға алудың техникалық әдістерін 
өзінен шығарады, себебі ол нақты деректермен, үлгілермен және 
нормалармен қатынаста болады. Сондықтан кеңесушілік сөйлемнің 
тағдыры оның қабылдануына байланысты, сол сияқты тұжырымдамамен 
астарлас болады, бұл нақты өткеннің анықтамасы немесе бағасы. 
Кеңесушілік дәйегінің мәні –мүмкіндік, сондықтан сөйлем өзі әлі 
ешқандай шынайылыққа сәйкес келмейтін белгілі бір үлгіні көрсетеді.  
Сөйлем әрекетке қаратпа негіз ретінде шығады, яғни ол түсіндірмелі, 
ұйымдастырылған, уақытқа бөлінген және орындаушыларға бөлінген 
болуы керек. Кеңесушілік тіл келісімі – ол белгілі бір түрде және белгілі 
мақсатта екі жақтың келісімді әсер етуі, ал қосылғандылық – әрекеттегі 
бірлесушілік. Қызметке тілді қосу ритордан қулыққа (пафос) ерекше 
назарды талап етеді, оны тек қана шешім қабылдау ісінде қажетті қолдау 
және дамыту керек емес, оған қоса оның жүзеге асырылу үрдісіндегі 
ерекшеліктерін де дамыту керек. Міне, осы себепті, хабарламалы 
дәйектілеу эпидейктикалық секілді дәрісханадағы жүйелі тіл 
қатынастарының ұйымдастырылуын қажет етеді. 
Кеңесушілік дәйектің дұрыс құрылуы үшін оның аналитикалық 
(объекті) және нормативті-болжамды (пәні) құрылымы нақты болуы 
қажет. 
Кеңесушілік дәйектің аналитикалық бөлігі бекіту және анықтау 
дәрежесіне сай келеді және пәннің нақтылығы мен оның болмысының 
қосылуынан тұрады, ал нормативті-болжамды бөлігі сол пәннің 


123
болмысымен және де сапасымен, өзгеріске жататындығымен нақты ісі 
бар.
Нормативті-болжамды бөлігі бағалау дәрежесіне сай келеді, 
себебі бұл жерде пәнмен не істеуге болады және не істеген жөн деген 
сұрақ қарастырылады және бұл мүмкін өзгерістер преценденттермен 
ережелермен, үлгілермен қосылып пәннің жаңа күйі анықталады, ал ол 
әрекеттің мақсаты ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет