Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


Мазмұндау келесі түрлерде болуы тиіс



Pdf көрінісі
бет89/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Мазмұндау келесі түрлерде болуы тиіс: 
1.Шынға ұлас. Бұл дегеніміз деректердің ішінен күмән 
тудырмайтындай нақтылы жағдайға сайларын қана таңдап алу 
керектігі. Деректер тыңдарманның тәжірибесіне сайкес болуы керек. 
2.Қабылданатын. Мазмұндауда келтірілетін деректер мен сөздер 
оқырманның немесе тыңдарманның ішкі сезімдеріне, намысына тиіп, 
қорлайтындай болмауы керек, тіпті мұндай адамдар саны аз болса да. 
3.Анық. Бұл дегеніміз ондағы сөздер мен нақыл сөздер 
тыңдармандарға таныс және бірден түсінетіндей болуы тиіс. Сол 
себепті мазмұндауда мүмкіндігінше ұзақ әрі қиын сөйлемдерді, 
сөздердің әдеттен тыс орналастырылуын, әртүрлі теңеулерді екі 
мағыналылықта қолданбауы керек. 
4.Ретті. Бұл оқиғалар мен іс-әрекеттерді бөлу реттерімен 
баяндау. 
5.Туындату. Бұл оған қатысы жоқ мән-жайлармен ауырлатуға 
керек еместігі. Мазмұндамада оның негізгі мазмұны тез есте 
қаларлықтай болуы керек. 
6.Қызықты. Қызығушылық таныту үшін анық белгілі мән-
жайлардан бей-мәлім жағдайларға көшу. 
7.Аяқталған. Бұл дегеніміз мазмұндама іштей байланысты мән 
жайлар мен оқиғалардан тұрады, олар мағыналы бірлік құрайды және 
де мазмұндама соңында айтылғандардың қорытындысы шығарылып, 
түйін қалыптастыру немесе мінездеме беріледі. 
Сипаттау – бұл сөйлесу жағдайына қарамай еркін болатын пәннің 
кейпі және мазмұндаудың эпидейктикалық пішіні болып табылады. 
Сипаттауда тыңдаушы мен айтушы бір нүктеде тұрғандай болады 
және сол жерден сипатталатын пәнді бірге қарастырады. Бұл нүктенің 
пәнге қатысты орналасуы сиапаттау барысында өзгеруі мүмкін, бірақ 
айтушы мен тыңдаушының біртұтастығы сақталады. Сипаттау өнері 
негізінен осы біртұтастықтың сақталуынан тұрады. 
Сипаттау орталығы – зат есім, сын есім немесе қозғалыс пен 
қатынастағы етістік, әдетте осы шақта болады. 
Сипаттау анықтаудың жиналған нысандық түрін көрсетеді. 
Сәйкесінше сипаттау пәннің мінезіне қарай заттардың, жағдайлардың, 
әрекеттердің, адамдардың, ойлар мен құрылымдардың мінездерін – 
теория, гипотеза, ұсыныстардың суреттеулеріне бөлінеді. 


138
Сөздің нысандық түріне қарай сипаттау нақты және жасанды 
болады: біріншілері – пәнге оның шарықтау шегінде бейне береді, 
екіншісі – құрылыстың аналитикалық бейнесі, құрылысы, бекітілуі
яғни пәннің идеясын береді. 
Олар өз кезегінде міндеті мен композициясына байланысты 
дедуктивті, императивті және аралас болады. Сипаттау құрылымның 
басты элементі болып табылады. Ол әмбебап құрамның ең күшті 
тұжырымы деуге болады, себебі сипаттауда деректер сипатталғанда 
тыңдаушыға айтушымен тең мөлшерде тиесілі болатындай етіп 
көрсетіледі. Суреттеу басты бейнеде жазбаша сөйлемге тиесілі, себебі 
ауызша сөзде суреттеудің көлемі мен сөздік мағынасы шектеулі , 
шешенге тыңдарман назарын ұстап тұру үшін жиі-жиі суреттеуді 
тоқтатып, одан да қызықтырақ әңгімелеуге көшіп сөзді айшықты мән-
жайлармен көркемдеу қажет. 
Бәрінен де нақты пәннің көрнекті табиғи сипатталуы оңай. 
Сипаттау жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысуы мүмкін. 
Мұндай дедуктивті және индуктивті жүрістердің үйлестірілуі 
сипаттауда ең жақсысы болып табылады, өйткені әркімнің 
жетістіктерін өсіріп кемшіліктерін азайтады. Сипаттаудың дедуктивті 
жүрісінде пәннің толық бейнесін бірден көрсетуге мүмкіндік береді, 
одан кейін бөлімдері мен бөлшектері түсіндіріледі, бірақ дедуктивті 
сипатттау барысында пәнге деген қызығушылық төмендейді. 
Бөлшектерден біртұтасқа сипаттау қызығушылықты ұстап тұруға 
көмектеседі, бірақ түсінуді қиындатады, себебі біртұтастық түгелдей
түсініктермен тұманданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет