Магниттік анизотропия. Дененің магниттік қасиетінің әр түрлі бағытта бірдей болмауы.
Магниттік алғырлық. Магнетиктің магнит өрісінде магниттелу қабілетін көрсететін сипаттамасы.
Магниттік гистерезис. Магнетиктің магниттелуінің сыртқы магнит өрісінің кернеулігімен бір мәнді емес тәуелділігі.
Магниттік өтімділік. Заттың магниттік индукциясының магнит өрісінің әсерінен өзгеруін сипаттайтын шама.
Мазер. Кванттық генераторға және радиотолқын күшейткіштеріне арналған жалпы термин.
Маятник. Қозғалмайтын нүктенің немесе осьтің маңайынла түсірілген күштің әсеріне тербелетін қатты дене.
Мениск. 1. Қатты дене бетімен жанасқан жерінің маңайындағы сұйықтың қисайған еркін беті. 2. Екі сфералық бетпен шектелген ойыс-дөңес линза.
Моль. Заттың молекулалық салмағына сандық түде тең, граммен алынған массасы.
Нуклондар. Барлық атом ядроларынқұрайтынпротондар мен нейтрондардыңжалпыаты.
Оптикалық активті зат. Өзі арқылы өткен жарықтың поляризация жазықтығының бұрылуын туғызуға қабілетті зат.
Осциллограф. Қандай да бір мерзімдік процестерді жазуға арналған құрал.
Осциллятор. Тербеліс жасайтын физикалық жүйе.
Парамагнетик. Парамагнетизм байқалатын зат.
Поляризатор. Табиғи жарықты поляризацияланған жарыққа түрлендіретін құрылғы.
Поляроид. Жұқа қабыршақ түріндегі оптикалық поляризатор.
Потенциометр. Компенсациялау тәсілімен электр қозғаушы күш пен электр кернеуді анықтауға арналған құрал.
Процесс. Жүйе күйінің тізбектесе ауысуы.
Радиоактивтілік. Атом ядросының бір түрден екіншісіне элементар бөлшектерді бөліп шығара отырып өздігінен түрленуі.
Радиус-вектор. Кеңістіктің қандай да бір нүктесіне белгіленген нүктеден бағытталған вектор.
Резистор. Электр тізбегіндегі берілген электр кедергісін қамтамасыз ететін электротехникалық құрылғы.
Рентген. Рентген және гамма сәулеленудің өте аз бөлігінің жүйеден тыс бірлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |