Қосалқы шығындарға өндірістің қызмет етуі үшін қажетті жағдайды тудыратын, оны ұйымдастыру, басқару, қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Қосалқылар жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар болып келеді.
Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар пропорционалды және пропорционалды емес деп жіктеледі.
Пропорционалды шығындар (шартты-ауыспалы) – шығын сомасы өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей байланысты (өндіріс жұмыскерінің еңбек ақысы, шикізат, материал шығындары және т.б.).
Пропорционалды емес шығындар (шартты-тұрақты) - өндіріс көлемі өзгерген жағдайда шығынның абсалюттік көлемі өзгермейді немесе сәл ғана өзгереді (ғимарат амортизациясы, жылыту отыны, қойманы жарықтандыру энергиясы, басқару персоналының еңбек ақысы).
Шығынның біртектілік дәрежесі бойыншаэлементтік және кешендік болып бөлінеді.
Элементтікке құрамдас бөліктерге бөлуге болмайтын шығыстар жатады (шикізат, негізгі материал, негізгі қордың амортизация шығындары).
Кешендікке бастапқы элементтерге бөліп қарастыруға болатын бірнеше біртекті шығындардың баптары жатады (жабдықты ұстап тұру және эксплуатациялау, жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және басқа да шығындар).
Өнімнің өзіндік құнына аудару мен пайда болу мерзіміне байланыстышығындар ағымдық, алдағы кезеңдегі және болашақтағы болып жіктеледі. Ағымдағы сол кезеңде пайда болады және сол кезеңнің өнімінің өзіндік құнына аударылады.
Алдағы кезеңнің шығысы сол уақыт аралығында өндіріледі, бірақ та алдағы кезеңнің өнімінің өзіндік құнына белгілі бір үлесте қосылып отырады. Болашақтағы шығын - әлі пайда болмаған, бірақ сметалық-нормаланған тәртіпте резервтелген шығын қоры (отпусктік төлем, маусымдық шығындар және т.б.). Жіктелудің бұл түрі өнімнің өндірісі мен қамтамасыз етудегі шығындарды бірдей бөлуді экономикалық негіздеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |