Еңбекақы түрлері Негізгі


МОДУЛЬ 2. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ



бет35/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Экономика предприятия лекция

МОДУЛЬ 2. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
ТАҚЫРЫП 2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ
Дәріс жоспары (4 сағат)
Дәріс 2

  1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың негізгі құралдарын бағалау әдістері

  2. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту

  3. Амортизациялық саясаттың қалыптасуының қазақстандық тәжірибесі

Әдебиеттер: нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.4,5, 15-17
Дәріс мақсаты Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың негізгі құралдарын бағалау әдістеріне назар аудару, кәсіпорынның негізгі капиталының амортизациясын есептеудің біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту әдістерін қарастыру және амортизациялық саясаттың қалыптасуының қазақстандық тәжірибесін зерттеу.
Кілттік сөздер негізгі капиталдың амортизациясы, амортизацияны есептеудің кумулятивтік, біркелкі, өндірістік, қалдық құнын азайту және жеделдетілген әдістері.



  1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың негізгі құралдарын бағалау әдістері

Негізгі қордың өндірістік процесте ұзақ қатысуы мен тозуы және осы кезең ішінде ұдайы өндіріс шарттарының өзгеруіне байланысты негізгі қорды бағалаудың бірнеше түрі бар, олар:

  • Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны

  • Негізгі өндірістік қордың теңгерімдік құны (қалпына келтіру)

  • Негізгі өндірістік қордың амортизациялық құны

  • Негізгі өндірістік қордыңәділетті құны

  • Негізгі өндірістік қордың орнын толтыру құны

  • Негізгі өндірістік қордыңқалдық құны.

Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны– негізгі қорды дайындауға немесе сатып алуға және оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығын сомасынан тұрады. Ол амортизацияның нормасы мен амортизациялық аударымдардың өлшемін, кәсіпорын пайдасын, рентабелділігін және олардың көрсеткіштерінің қолданылуын анықтау үшін пайдаланады.
Негізгі қордың бастапқы құныны қалай анықталады, ол бірқатар шығындардың қосындысынан тұрады екен. Ол: Негізгі қорды сатып алу шығыны,
Негізгі қорды тасымалдау, монтаждау, құрастыру, жинақтау шығындарынан тұрады екен. Мәселен, зауытқа қандай да бір техникалық тоңазытқыштар алды дейік, тоңазытқыштың көлемі өте үлкен. Оларды тасымалдау бір десең, бір көлікпен жеткізу мүмкін емес. Оларды бөлшектеп, ауыр автокөліктермен тасымалданады.
Олар жеткізгеннен кейін, олар монтаждалады, құрастырылады, толық іске қосқан дейінгі бүкіл кеткен шығындар, сол техникалық тоңазытқыштың бастапқы құнын құрайды деп айтамыз.
Уақыт өтуіне байланысты, кәсіпорын балансындағы негізгі қор, аралас бағада көрсетіледі. Яғни, олардың құралған, немесе сатып алынған бағасы, ағымдағы нарықтық баға бойынша көрсетіледі.
Негізгі қордың бастапқы құнындағы бағасы, қазіргі уақытта шын мәнінде, өзінің құнын көрсетпейді. Сондықтан да, негізгі қорды қайта бағалау қажеттілігі туындайды, және оларды Ортақ құнды өлшеуішке айналдыруға тура келеді.
Осы мақсат үшін, негізгі қордың қалпына келтіру құны қолданылады.

НҚбқ = Шса +Штас + Шқмж


мұндағы,НҚбқ - негізгі қордың бастапқы құны
Шса – сатып алу құны;
Штас – тасымалдау құны;
Шқмж – құрылыс монтаждау құны.
Негізгі капиталдың теңгерім (қалпына келтіру) құны– негізгі капиталдың бастапқы немесе ағымдық құнынан жинақталған амортизация мөлшерін алып тастағандағы қалған құны.
Мысалы келтірейін, мәселен, біздің елімізде бірқатар қозғалмайтын мүліктер, ғимараттар, мәселен, үйлер, тұрғын үйлер, зауыттар, осыдан бірнеше жыл бұрын салынған. Олардың бастапқы құны, соммен есептелінген.
Өйткені, біз Егемендікті алғанға дейін, қолданылған айналыстағы ақша сом болатын. Ал қазіргі уақытта, оларды теңгеге айналдыру қажет. Тағы да бір мысал, мәселен, осыдан 5 жыл алдыңғы қозғалмайтын нарық мүлкіндегі ғимараттардың бағасы мен, бүгінгі күнгі ғимараттардың бағасын салыстыру мүмкін емес.
Қазіргі уақытта қозғалмайтын мүліктің, ғимараттардың бағасы өте жоғары, сондықтан, жыл сайын кәсіпорындарда негізгі капиталдың құны ағымдық, немесе қалпына келтіру құнына реттестіріп, теңестіріп отыруы қажет.
Қалпына келтіру құны– жаңа өндірістік жағдайға сай негізгі қордың ұдайы өндірісіне кеткен шығындар, яғни ережеге сай сол қорды қайта бағалау кезінде бекітіледі.
Кәсіпорын, фирма негізгі қор объектілерін жылына бір рет (ағымдағы жылдың басында) индексациялау немесе құжатта бекітілген нарық бағасы бойынша қалпына келтіру құнын есептеуге (қайта бағалауға) құқығы бар.
Негізгі капиталдың амортизациялық құны – негізгі капиталдың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылық, ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде бөлінеді.
Негізгі капиталдың әділетті құны - бірін – бірі жақсы таныйтын, бір-біріне тәуелсіз субъектілердің негізгі капиталды алмастыудағы құны.
Негізгі капиталдың орнын толтыратын құн – негізгі капиталды сатудағы таза бағасының немесе оны пайдалану құнының ең үлкен мәні.
Негізгі қордың қалдық (ликвидтік) құны– бұл негізгі қордың пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан нысанды есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі қордың қалдық (ликвидтік) құны жабдықтың өндірілген өнімге құнын әлі аудармаған бөлігі. Оның көлемі мына формула бойынша анықталады:

НҚ ққ = НҚ бқ – АБ


мұндағы, НҚ ққ - негізгі қордың қалдық құны;
НҚбқ - негізгі қордың бастапқы құны;
АБ – жабдық құнының әлі аударылмаған бөлігін азайту арқылы анықталады.
Ғылыми-техникалық прогресс негізгі өндірістік қордың жағдайы мен өндіріс факторының өзгеруіне әсерін тигізеді, демек ол өндіріс шығынын, ағымдағы нарық бағасы мен тарифін өзгертеді. Қазіргі уақытта негізгі қорды сатып алудың ағымдық бағасы мен тарифіне бірінші дәрежеде инфляция көп әсерін тигізіп отыр.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет