Еңбекақы түрлері Негізгі



бет37/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Экономика предприятия лекция

Кумулятивтік әдіс сандарды қосу арқылы тозу сомасы есептеледі, яғни жабдықтың қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Кумулятивтік әдіс есептік коэффициенті анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі пайдалы қызмет ету мерзіміне тең жылдар қосындысын көрсетсе, ао алымы қызмет ету мерзімінің қалған жылдарын санау арқылы табылады.
Қалдық құнының кему әдісін амортизациялық мөлшердің екі еселенген түрін қолданып отыратын қалдық әдісі деп те атайды. Бұл әдісте жылдан жылға амортизация сомасы кеми береді және алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады.



  1. Амортизациялық саясаттың қалыптасуының қазақстандық тәжірибесі

Қорды жаңартуға кеткен шығындар мен залалдар көзі болып кәсіпорынның меншік қаражаты саналады. Олар негізгі қордың қызмет ету мерзімінің ағымында амортизациялық аударым түрінде жинақталады.
Амортизация - негізгі қордың тозуын, олардың құнының бір бөлігін өндірілген өнімнің шығынына қосу арқылы ақшалай қайтаруы.
Сонымен, амортизация негізгі қордың моральдық және физикалық тозуының ақшалай көрінісі.
Амортизациялық процесс негізгі қордың қызмет ету мерзімі ішінде өндірілетін өнімге құнын бөлшектеп тасымалдауы және тұтынылған негізгі қорды қайтару үшін осы құнды келешекте пайдалануы.
Өнім құрамындағы негізгі қордың тасымалданған құны өндіріс аясын тастап, айналыс аясына көшеді.
Өнімді сатқаннан кейін негізгі қордың тасымалданған құнына сәйкес ақша сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға енеді, яғни бастапқы құнының көлемі жиналғанға дейін (тозған негізгі қорларды алып тастағандағы) жинақталады.
Амортизациялық қор – тозған негізгі қордың орнына жаңасын сатып алу үшін қолданылады.
Амортизацияны есептеу үшін шаруашылық тәжірибеде амортизациялық аударым және амортизациялық нормалар қолданылады.
Амортизациялық аударым – тасымалданған құнның ақшалай көрінісі және олар амортизацияның бекітілген нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына аударылады.
Амортизациялық нормалар – негізгі қордың нақты түрі бойынша уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде баланстық құнға пайызбен бекітілген амортизация мөлшері.
Амортизациялық нормалар есебін келесі формуламен есептейміз:

Нам. = НҚбас.қ. - НҚлик. / Та * НҚбас.қ. * 100 (5.2)


мұндағы, Нам.амортизацияның жылдық нормасы, %;
НҚбас.қ. – негізгі қордың бастапқы құны, тг;
НҚлик.негізгі қордың ликвидтік құны, тг;
Та – негізгі қордың қызмет ету нормасы (амортизациялық кезең), жыл.
Амортизация нормасының деңгейі негізгі қордың тозған бөлігін қалпына келтіру үшін қажетті ресурс көлемін анықтайды.
Амортизация нормасы негізгі қордың айнылым жылдамдығын бақылауға және олардың ұдайы өндіріс процесін қарқындастыруға көмектеседі.
Амортизация нормасы мен негізгі қордың топтары бойынша оларды саралау кәсіпорынның техникалық және өндірістік саясаты арқылы жүзеге асырылады.
Амортизаиялық аударымның жылдық сомасы (Аа) келесі формуламен есептеледі:
Аа = На * НҚор.ж. (5.3)

мұндағы, НҚор.ж. – негізгі қордың орташа жылдық құны, тг.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет