Әдістемелік нұсқау



бет19/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
биохим

Бақылау сұрақтары

  1. Тыныс алу дегеніміз не? Тыныс алу фазалары мен сатылары.

  2. Тьушс жолдарынық физиологиялық мақызы.

  3. Өкпенін, тіршілік және жалпы сыйымдылығы.

  4. Дем алған, деммен шыққан және альвеольдық ауанық құрамы.

  5. Өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу.


ТЫНЫС АЛУ ПРОЦЕСІНЕ НЕРВ ЖҮЙЕСІ МЕН ГУМОРАЛЬДЫ

ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Тыныс алу процесі организмнің физологиялық кү-йіне, сыртқы орта жағдайларына қарай өзгеріп отыра-ды. Тыныс алу органдары қызметі мен организм мұқ-таждығы арасындағы сәйкестік нервті-гуморальды рет-теу механизмі арқылы қалыптасады. Тыныс реттеуде кезеген нерв маңызды роль атқарады. Тыныс алып, өк-пе керілген кезде, кезеген нерв ұштары тітіркенеді де, қозу толқыны тыныс орталығьша бағытталады. Орта-лықтын. әрекетімен тыныс алу еттері босап, дем шыға-рылады. Дем шыққан кезде өкпедегі қысымның төмен-деуі жайлы импульстер тағы да кезегеп нерв арқылы сопақша мидағы тыныс орталығыпа бағытталады. Осы-ның нәтижесінде тыныс алу еттерінің тонусы жоғары-лап, көкірек қуысы кеңейеді де, тыныс алу процесі бас-талады. Осылай тыныс алу процесі өздігінен реттеліп отырады.

Тыныс алу жиілігі, тыныстың тереңдігі әртүрлі ре-цепторлардың тітіркенуінің нәтижесінде рефлекторлы түрде өзгеріп отырады. Мысалы, тыныс жолдарын әр-түрлі иісті заттармен тітіркендіргенде рефлекторлы түрде тыныс тоқтап, ауа тамырлары тарылады. Бүл өз-герістер кездейсоқ әсерлердің сезімтал нерв ұштарын тітіркендіруінің нәтижесінде пайда болған тітіркеніс-тердің нерв орталығына бағытталып, оның тыныс алу процесін тежеуі салдарынан туындайды. Рефлекстер-дің бұл тобына тыныс жолдарына сұйык немесе қатты заттардың түсуіне байланысты туындайтын жөтелу, түшкіру рефлекстері де жатады.

Жүмыстың мақсаты. Әртүрлі механикалық және химиялық тітіркендіргіштердің тыныстық рефлекстердің туындауына әсерін бақылау, кезеген нервтің тыныс-ты реттеудегі маңызын зерттеу.

Керекті жабдықтар мен құралдар. Қоян, пневмограф кимограф, хирургиялық аспаптар, операция жасайтын тақтай, электростимулятор, пипетка, мүсәтір спирті (аммиактың 10%-тік ертіндісі), гексиналдың 5%-тік ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, мақта, тампон.



Жұмыстың барысы. Тыныс қозғалыстарының реф-лекторлы өзгеруін бақылау. Малдың (қоянның) тыныс алу қозғалыстарын пневмограф көмегімен жаза отырып, оның танауына мүсәтір спиртімен ылғалданған мақта-ны тосады. Дем шығару сатысында тыныстын. 15—20 секундқа тоқтап қалатынын бакылайды. Тәжірибені бірнеше рет қайталайды. Осыдан кейін қоянның мұрын қуысына 2%-тік новакаин ерітіндісінің 5—10 тамшысын тамызады да, бірнеше минуттан соң мүсәтір спиртімен тәжірибені қайталайды. Енді коянның тынысы тоқта-майды. Оның себебі новакайнның әсерінен тітіркеністі тыныс жолдарынан тыныс орталығына жеткізетін иістік, үшкүл, жоғары көмекейлік және тіл-жұтқыншақ нерв-терінің сезімталдығы жойылады.

Тынысты реттеуде кезеген нервтің рөлін зерттеу. Қоянға тірі массасының әрбір килограмына 3 мг 5%-тік гексенал ерітіндісін қүйып, наркоз береді, де, кезеген нервті жалаңаштап, қиып жібереді. Осыдан кейін ты­ныс сиреп, тереңдейді жәнеде тыныс алу сатысында аялдап отырады. Бүл тыныс орталығына альвеолдар-дың керілгені жайлы импульстердің жеткізілмеуі сал-дарынан туындайтын қүбылыс. Нервтің орталыққа ба-ратын ұшын электр тогымен тітіркендіргенде тыныс дем шығару сатысында тоқтайды. Бұл тыныс орталығы-ның өкпе альвсолдары керілген кезде жіберетін импуль-стерінің салдарынан туындайтын жағдай.

Нервтің шеткі — өкпеге баратын ұшын тітіркендірген-де тыныс ырғағы езгермейді, себебі кезеген нерв құра-мында тыныс еттерінің қызметін өзгертетін талшықтар болмайды. Бірақ бұл кезде жүрек жүмысы сирейді.

Тәжірибе нәтижелерін және оның схемасын дәптерге жазып алу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет