ТЫНЫС АЛҒАН ЖӘНЕ ДЕММЕН ШЫҚҚАН АУАДАҒЫ КӨМІР ҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН АНЫҚТАУ
Тыныс ауасында 20,95% оттегі, 0,003% көмір қыш-кыл газы, 79,02% азот және инертті газдар болады. Ор-ганизмдегі газ алмасудың салдарынан деммен шыққан ауа қүрамында оттегінің мелшері төмендеп (17%), кө-мір қышқыл газының концентрациясы жоғарлайды (4%) да, азот пен инертті газдардың мелшері өзгермей-ді. Ауа қүрамындағы көмір қышқыл газды оны сіңіріп, ерімейтін тұзға айналдыратын барит суының (Ва(ОН)2) жәрдемімен анықтауға болады.
Жұмыстың мақсаты. Сапалы реакцияны пайдала-нып, деммен шыққан ауа құрамында көмір қышқыл газдың өскенін дәлелдеу.
Керекті заттар мен құралдар. Мюллер аспабы (23-сурет), майда лабораториялық жануарларға арналған қондырғы (24-сурет), барит суы, спирт, мақта, бақа, ақ тышқан.
Жүмыстың барысы. Мюллер аспабы аузы тығынмен жабылған екі пробиркадан тұрады. Әр пробиркаға ты-ғын арқылы екі шыны түтік жіберілген: оның бірі киска, екіншісі пробирка түбіне дейін жетіп тұрады. Про-биркалардағы бір қысқа және бір ұзын түтік резеңке түтікшемелермен үштармақ арқылы арнаулы мундуш-тукпен жалғасқан. Пробиркаларға үзын түтікшелер батып түратындай етіп барит суын құяды. Мундуштук арқылы тыныс алып, дем шығарғанда, ауа бір пробирка арқылы сорылып, екінші пробирка арқылы шығып отырады. Барит суының ылайлану дәрежесіне қарап көмір қышқыл газдың мелшері көп ауаны аныктайды.
Осы мақсатта тәжірибені лабораториялық жануар-ларға да жүргізуге болады. Ол үшін 24-суретте көрсе-тілген қондырғының төменгі бөлігіне барит суын құйып, жоғарғы бөлігіне зерттелетін жануарды отырғызады. Организмнен бөлінген көмір қышқыл газын барит суы сіңіреді де, ерімейтін тұздың пайда болуы нәтижесінде ол ылайланады.
Достарыңызбен бөлісу: |