бетте өз-өзінен мен мұндалап тұратын қақсақалдыққа тән қайсарлықты астына
бүгіп, өп-өтірік келтірген болады.
Бас шебер - мұнара ісіне араласушы, барлық жайтты біліп жүрген жан.
Ахмет саудагер - жуан қара кісі, майға бөгіп жылтырап көрінетін қысыңқы көзі
бар. Қаладағы адамдардың барлығын дерлік танитын адам, Жаппар мен әкесі
келген үйдің иесі.
Пір - құмандай қара шал елең етпей, бетін құбыладан аудармай безеріп отыра
береді. Шақшадай басына дағарадай ақ сәлде орап апты. Қушық кішкене бетіне
сұс беретін бір уыс сұйқылт шоқша сақалы әуелеп қапты. Шүңірек қастың
астында сығалап жататын күлгін кегіс жылтырақ көзін бұл жолы тарс жұмып
алыпты. Қолындағы аса таяқты мытып ұстап апты. Тарамыс қолындағы бар
сіңір, бар тамыр бадырайып-бадырайып шығып тұр. Пір әлденеге ұйып қалған.
Маңызды деректер:
Достарыңызбен бөлісу: