Аңшылықта таста жатқанда жолбарыс шыға келеді, Әмірші ажалым осы
екен деп ештеңе ісемейді. Бірақ нөкер жігіт келіп қалғанда, садағын алып
жолбарысты атып өлтіреді. Шаһарға қайтып, пірінен түсін жорып беруін
сұрауға асығады.
Жер-су аттары: қырлы шыңдар Арафе мен Мұздалиф, Саф мен Мәру, Мин
алқабы, Байтақ шаһары.
Әмірші қасындағы нөкерін етекке тастап, киелі үңгірдің аузында көлеңкелеп
отырған кәрі піріне ылғи да тек бір өзі ғана көтерілетін. Бұл жолы да сол
әдетімен биік шоқының басына жаяулатып шығып келеді. Қандай алыс сапарға
аттансын мейлі, қандай падишаның тәжі мен тағына сұқтансын мейлі, ол қай
жорығын да әуелі осы бір біраз жерге дейін құмақтатып барып, сосын бірдей
тайғанақ саз шаппа биікке тіп-тіке өрмелейтін бұралаң соқпақтан бастаған-ды.
Ол осы бір қара шоқының басына қашан да болдыртып шығатын. Бұл жолы ә
дегеннен-ақ жіліншігі жеміріліп қоя берді. Әлсін-әлі тоқтап бел жазып алады.
Бірақ екі бұғанасына қорғасын қаптап қойғандай, барған сайын бөксесі зіл
тартып, аяғы ұйып барады. Тынысы да бітіп қалды. Сонау етекте қалғандар
алтын тәжді падишаның үпірсең ұшып кететіндей қаңғалақтаған қара шалға
бола осынша азаптанатынына қайран қалып тұратын шығар.
Ақыл да
Достарыңызбен бөлісу: