«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


жүгіртіп қойған. Бірақ Әміршіге айтуға ешкімнің де дәті жетпейді



Pdf көрінісі
бет140/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

жүгіртіп қойған. Бірақ Әміршіге айтуға ешкімнің де дәті жетпейді.
Ертеңіне Әмірші бас уәзірді шақыртады. Бас уәзір есіктен бүгежектеп әрең
аттайды, кәрі түлкінің дәл осылай қорғалақтап қалғаны Әміршіге
ұнамайды. Егер қорғалақтаса бірдеңе білгендері.


Төрт-бес күннен соң әмірші аңға аттанады. Үйір-үйір аңшы иттер, тазылар,
садақшылар, Әміршінің қарақұрым жеке нөкері, аспаздары мен қызметшілер, аң
үркітетін кернейшілер мен дабылшылар —ұзын шуақ керуен астанадан шығып,
ту-ту көз ұшында еміс-еміс көгеріп жатқан зеңгір тауларға беттеді. Бір күншілік
жол жүріп керуен тауға да жетті. Сарай адамдары, әкімдер, қол басылар, Әмірші
әулеті ақар-шақар шыңдардың арасынан арсы-гүрсі құлайтын жойқын өзеннің
бойындағы ну жынысты қойнауға шатырларын тікті.
Тау бойына қонған күні Әмірші ағыл-тегіл дастарқан жайды. Шарап судай
ақты. Жұрт қанша дуылдасқанмен, Әміршінің құлағы елең етердей ештеңе
аңғарта қойған жоқ. Бәрі де сол ертең басталғалы тұрған аңшылықтың жайы. Ат
мақтаған, ит мақтаған, құс мақтаған кеу-кеу. Мергендіктерін салыстырып
қызарақтасқан мақтан әңгіме.
Сол күні түнде де көз іліндіре алмады. Аңшылыққа қонған самсаған көп
шатырда сес жоқ. Маңай тым-тырыс. Сыртта маужыраған жазғы түн. Саф ауа,
өн бойын ал-сал албыратып бара жатқан бал шарап. Ертеңіне ертемен
басталғалы тұрған ду-ду сайран. Одан артық қандай рақат керек. Көрші
шатырлардан қор-қор дыбыс көбейді. Әміршінің жақсы көретіні осындай
түндер, осындай өмір.
Әмірші түсінде ихрам киіп, жалаңаяқ Қағбада болғанын көреді. Жұрттың
барлығы қара сұр жотаға бара жатады, алдарынан үстіне кілем жапқан
ашамайлы аппақ желмаяға мінген ақ сәлделі біреу көтеріледі. Түйеден
түспеген күйі, тізезінде жатқан кітапты оқи бастайды. Күңіренген қою дауысы
оқтын-оқтын үзіліп кетеді. Сол кезде барлық жұрт құлдық ұрады екен, Әмірші
өзі айтып көрмеген соң, көптен соң барып қосылады. Ертеңінде ақ түйелі адам
тағы да дұға оқиды, сосын намаздан соң тағы да етекке қарай барады.
Тайқазандар түсіріледі. Кейін шаһарға беттегенде, алдарынан Қағба көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет