«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет148/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Азнабайұлы Сейтен - Арқадан оңтүстікке келе жатқан көшті бастаушы Бая-
науылдағы Қаржастан шыққан батыр. Астында есік пен төрдей, ай табанды


жайма жал қара көк айғыр. Тақымында келте шоқпар, қарына темір бауырлы
қайың сойыл ілген. Үлкен өткір қара көзді, ұзын, қою қара мұртты адам. Таңмен
бірге ашыла түскен қара сұр жүзі ақ сұпыдай.
Ожар Қубетұлы - Сейтеннің бір кезде барымтаға да, жауға да қатар шапқан
үзеңгілес жолдасы әрі руласы. Патша үкіметінің тыншысы. түксиген қабақты,
кескен томардай келте қара сұр жігіт келеді. Сары ала қынапты қисық табан кел-
те қылыш тағынған. Кісі өлтірген адамдай түсі зәрлі. Соңғы үш-төрт жыл ішін-
де Ақмола аға сұлтаны Құдайменденің Қоңырқұлжасының қасында болып,
жақында ғана өз еліне қайтып келген.
Тайжан - Сейтеннің патшаға қарсы ереуіл ұйымдастырғаны үшін өлім жазасы-
на кесілген інісі, Алтыншаштың әкесі.
Қоңырқұлжа - Қараөткелдің аға-сұлтаны. Қарапайым халыққа жаны қас, өзім-
шіл, озбыр, Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, ойына келгенін
жасайтын адам. Елдің бас көтерер адамына жала жауып, жазықсыз ұстап беріп
отырады. Жоғары қызмет, «шен-шекпен» жолында халық мүддесін аяққа тап-
тап, кез келген опасыздыққа бара салады.
Күміс - Қоңырқұлжадан қорлық көріп, намысы тапталған жалшының қызы.
Бопай - Кенесарының қарындасы – ержүрек, қайсар, батыл, сұлу ағасына
көмектесу үшін қолына қару алып, атқа қонған.
Таймас - Сейтен мен Ожар сөзін, Алтыншаш жайын естіп қалған Кенесарыға
жеткізуші адам. Ұзын бойлы, денелі ақ сары Бектас баласы, Қаржас руынан. За-
ты сабырлы жан.
Алтыншаш - Тайжанның 16 жастағы қызы. Кезінде Омбының бір бай саудагері
сатып алып, генерал Фондерсонға тарту етеді. Ұзақ уақыт ақсүйек офицердің
үйінде үй қызметшісі болған зерек қыз орыс тілін ғана емес, француз тілін де
меңгерген, жас болса да көрген-түйгені мол.
Байтабан - 23 жастағы Алтыншашпен танысып, тез тіл табысып кеткен жан.
Кейін Алтыншашты дер кезінде құтқарып, Ожарды өлтіреді. Алтыншашпен қо-
сылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет