«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет151/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Қасым төре - Абылайханның 30-ұрпағы, Кенесарының әкесі,
Есенгелді - Қасым төренің баласы, Кенесарының ағасы. Есенгелді етжеңді кел-
ген, дөңгелек қара торы жүзді, қой көзді адам. Шиырылған сұлу мұртты.
Саржан - Қасым төренің баласы, Кенесарының ағасы, жауынгер жан екені бір-
ден білінеді. Саржан сұңғақ бойлы, қызғылт сары, өткір көзді, бәйгеге жараған
жылқы тәрізді, қатып қалған, шапшаң қимылды кісі. Екеуі де елуді алқымдап та-
стаған. Есенгелді бірер жас қана үлкен тәрізді.
 Саржан мен Есенгелдінің сыртқы сипаты: Екеуінің басында да үстін төрт
салалы көгілдір барқытпен әдіптеген, қырдың қызыл түлкісінің терісімен көм-
керілген, қандай түрге болса да көрік берер Арқаның сұлу бөркі. Үстерінде —
жағаларына қара барқыт ұстаған, жібін жіңішке етіп иірген аппақ түйе жүн шек-
пен, аяқтарында — жарғақ мәсі, бұттарында — сала құлаш балақтары оюланған
көк барқыт шалбар. Белдерінде — алтын жалатқан қарыс сүйем кіселі, қақтаған
күміс белбеу. Саржанның беліндегі жез сақиналы күміс қында сабы сары мүйіз-
ден соғылған сегіз қарыс ақ семсер. Есенгелдінің белбеуінде кішкентай ғана
күміс кездік, ай мүйіз, алтынмен зерлеген арқар шақша…
Шұбыртпалы Ағыбай - Қасым төре балаларының соңынан ерген, кедейден
шыққан батыр. Биыл отыз төртте, зор денелі, түкті қабақ, қара сұр, шүңірек көз
кісі. Қолдары бақандай ұзын, саусақтары анау-мынау адамды маңдайынан бір
шерткенде үнсіз қатыратындай салалы, жұп-жуан. Сақал-мұрттан ада дерлік,
тек иек астында селдір ана сақалсымақ бірдеңе бар. Құрдасы Кенесарыдан ба-
стап үзеңгілес серіктерінің бәрі оны «көсе» деп атайды. Сырт бейнесі ызбарлы,
бір көргеннен-ақ күш иесі екені танылады. Үстінде мол тігілген қара шекпен.
Басында да түйе жүн қара далбағай, бұтында қара құлын терісінен иленген
жарғақ шалбар. Аяғында кең қоныш саптама етік. Белінде тізесіне тиетін қайқы
қара қылыш пен қап-қара болат семсер. Тек арқасына үнемі таңулы жүретін бо-
лат қалқаны ғана бозғылт.
Ержан - Саржанның он тоғыз жасар ұлы , әкесіне тартқан ат жақты, ақсары,
талдырмаш келген бала жігіт. Әкесінен гөрі көзі шегірлеу, бойы шағындау. Арқа
салдарынша киінген. Басында үкілі құндыз бөрік, үстінде жібек белбеумен қы-
налған оқалы мол жеңді барқыт шапан мен жарғақ шалбар, аяғында күміс зерлі
биік өкше етік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет