«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет15/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

«Қыз Жібек»
« ТақырыбыҚазақи дәстүрлер мен жастардың ғашықтық сезімі, ел тұрмысы мен қоғамы-
ның ауқатты кезі суреттелетін махаббат оқиғасы. (дееп созыып жіберсең)
« Идеясы: Махаббат пен аманатқа деген адалдықты, ата-анаға деген ізгілікті дәріптеу.
« Жанры: Лиро-эпостық жыр
« Композициялық талдау:
Басталуы: 
Жүз Жағалбайлы елінде болған жайт.
Байланысуы: 
Төлегеннің жар іздеуі. Төлегеннің Жайық қыздары жайлы естіуі. сырлы-
бай көші.
Дамуы: 
Қаршығаның көмегі. Жібекпен кездесіп, құда түсуі. Қыз Жібектің түсі. Еліне
оралған Төлеген.
Шиеленісуі: 
Базарбайдың теріс батасы. Бекежанның Төлегенді өлтіруі.
Шарықтау шегі: 
Бекежанның Жібекке Төлегеннің өлімін естіртуі. Хорен ханның Жібекті
айттыруы.
Шешімі: 
Хорен хан мен Сансызбайдың айқасы. Жібектің Сансызбайға әмеңгерлікпен қо-
сылуы.
« Кейіпкерлері:
Жібек - 
14 жасар Шекті руынан шыққан Сырлыбай ханның қызы. Ақылына көркі сай өте
сұлу. Жырдағы сипаты:
«Ақ маңдайы жылтылдап,
Танадай көзі жарқылдап
Алтын шашбау шашында.
Қыз Жібектің шаштары -
Қоғалы көлдің құрағы.
Көз сипатын қарасаң,
Сегіз бейіш ішінде
Хорлардың жаққан шырағы
Дүрі- гауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың аппақ қарындай,
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,


Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай.
Оймақ ауыз, құмай көз,
Іздеген ерге табылды-ай
Өткірлігін байқасаң
Ұсталар соққан кетпендей,
Нұр тұқымын еккендей.
Бір ауыз сөз сөйлескен,
Мұратына жеткендей.
Тірісі түгіл, Жібектің,
Өлігіне адам қайырылып,
Бетінен келіп өпкендей.»
Төлеген - 
Базарбайдың зарығып күткен ұлы, 16 жасқа келіп, қалыңдық іздеп жолға шыға-
ды. Жағалбайлы елінен, Көкжорға атымен. Көрген әр сұлуға бір жорғадан беріп отырады.
Жібектің ғашығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет