«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет197/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Көтібар батыр - Ұлықұм мпн Кішіқұмды қыстаған шекті елінен келген құдасы,
еш хабарсыз көмек беруге келеді.
Рақ - Сырымның өзінің қасынан көп шығармайтын, тек осындай аса жауапты
істерге ғана жұмсайтын атқосшысы әрі аталас інісі.
Достан мырза - араларында жомарттығын жұрт тамсана айтып тауыса ал-
майтын, салиқалығымен атағы дүйім елге ерте жайылған жан.
Едігеұлы Қайдауыл - түбіт мұрты тікірейген, жастығына қарамай өңі сұп-
суық, еңсегей бойлы, қиғаш жауырын жігіт. Қайраулы қара қылыш атанған,
шекті ішінде тата қырғыз.
Дәули Қаражігіт Бектау баласы - сүйегі - Әлімұлы, дөңгелек қара сақалды,
сұлу қияқ мұртты, аса көркем тігілген құндыз бөркі қызыл шырайлы жүзіне құп
жарасқан сақа жігіт. Осыдан он шақты жыл бұрын, жиырманың үстіне енді
шыққан кезінде, Орынбор генерал-губернаторы Рейнсдорптың фәрменімен әлім
дуанының серқатибі болып тағайындалып, келер жылы мұсылмандардың Қазан-
дағы үлкен жиынында мүфтиятқа мүшелікке сайланған санаулы қырық жеті
адамның бірі, қазақтан шыққан тұңғыш мүфтият мүшесі.
« Маңызды деректер:
«Атамұра» баспасы
«У ішсең - руыңмен» дегенді ұмытпау керектігін Сырым би айтады.
 Сырым би келелі кеңестерде алшиып отырып, ағылып сөйлейді. Кенет
мүлдем басқа адамға - бетінің түгі сыртына теуіп, жүзіне тіке қарауға
жан шыдамас сұты да қаһарлы кісіге айналып кетеді.
Бұл - осы сәттен бастап, тынымсыз жортуыл күн кешуге біржола бел
буған кісі сыңайы еді.
Бұрын да талай жорықтарға қатысқан, сан мәрте қалмақпен қидала-
сып, сан рет башқұртпен барымталасып, оғы қардай бораған от қарулы
орыспен де жан алысып, жан берген, қақырғанда қан түкірген, бірақ
ешқашан рухы жасып, жігері мұқалмаған мүлде басқа адам, бұл би Сы-
рым емес, Батыр Сырым. Сырымды дәл қазір адам танымастай, түсі суық,
сесінің өзі-ақ жұртты оған бойсұндырып тастаған, осы сәтте не айтса да, ел,
қалың ағайын оның сөзін екі етпеуге қайыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет