Ең бастысы - паспортқа “пропискаға” отырып, бес жүз сом ақша тауып, Алматыға қайту. Желтоқсанның ызғары армиядан «запастағы офицер» болып оралған.
Көрші-қолаң «желтоқсаншы» екен деп шығармағанда, ал Николай бригадир мұ-
ның туған ағасы Дәуреннен өшін бір алуға қолайлы сәт туды деп: «Інісі әскер-
ден келе салып 17-ші желтоқсаннан 21-не дейін үйінде қонған жоқ. Ел декабри-
стермен бірге Алматыда болыпты деп жүр... Анық-қанығын анықтаңыздар! Аға-
сы коммунистік партия мүшелігіне кандидат болса да «сенімсіз адам», інісінің
іс-әрекетін жасырып отыр. Тексеріңіздер!» деп «донос» жазып, Мемлекеттік Қа-
уіпсіздік комитеті мен Ішкі істер орнына жазбағанда құйрығына қалжуыр
байланбаған болар еді. Өкініш жоқ бірақ, көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін
әдейілеп ертіп барып тұрып қатысты.
Автобустың төңкерілуінің себебі: боран, қардан жол жоқ.
архаттың автобустағы ойы: прописка жөні.
Архат бірінші болып қырынан жатқан автобустың үстіне көтерілді.
Жас балалы келіншек пен үш-төрт қартаң әйелдерден басқалардың бәрі де шо-
фердің айтуымен автобусты аяғынан тік тұрғызуға кірісті.
Автобустың ұзына бойы бел-уардан ойылды. Ондағы мақсат: бір қырынан
жатқан автобусты түзеген кезде төрт дөңгелегі тең басуы үшін.
шофердің автобуст оталдыра алмауының себебі: корбераторға бірдеңе болған.
Ленинград маңындағы қар жамылған қалың орманда «ЗИЛ- машинасымен» «Р-
радиостанциясы үшін екі жігіт үш күн бойы жалғыз қалғанын еске түсіріп
отырған. Совет армиясында байланыс ротасының старшинасы болған Архат
әскери дайындық кезінде «ЗИЛ» моторының кесірінен Ямов деген жауынгер
жолдасымен орманда қалған еді. Сонда үш күн бойы ашық алаңқай ортасында
ұйқы-күлкісіз күні-түні от жағып, моторды жөндеген. Ладогадан соққан
дымқыл суық лепке дірдектеп шыдап баққан-ды. Бір-ақ күнде жөндейміз деген
жорамал сенімдері ақталмай, үш күн жатып, радиостанция ішінде қатып қалған
қақпыш нанды талғажу еткен. Әскери өмірдің ащы-тұщысын Архат мұғалімдер
даярлайтын институтты бітірген соң татты ғой.