«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Әсия - Жолдастың әйелі, пысық, енесінің алдында өзін-өзі ұстауы өзгешелеу. Алик -



Pdf көрінісі
бет211/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Әсия - Жолдастың әйелі, пысық, енесінің алдында өзін-өзі ұстауы өзгешелеу.
Алик - Жолдас пен Әсияның баласы.
« Маңызды деректер:
Айналдырған екі бөлмені астан-кестен етіп мазаны ала бастаған кезде:
«Келіңдер, ертегі айтып берейін», - деп жалынып-жалбарынып жүріп, үй ішінен
безіп кеткен тыныштықты әрең қайырып алатын: Азат.
Құрғақ ақылды құлақтарына қыстырмай, ойнақ салатын қос тентек «ертегі» де-
ген кезде еріксіз жуасып, айтқанға оңай көнеді.
Азаттың көбіне айтатын ертегілері: «Ер Төстік», «Құйыршық», «Түлкі мен та-
зы» сияқты киіз туырлықты көшпелі елдің баласының құлағына сіңісті халық
ертегілері. Перзентханада өмірге келіп, балабақшада өсіп-өніп жатқан бүгінгі
заманның сәбиі үшін қызық та, тосын дүниелер.
Балабақшада айтатын ертегілер: «Айболит», «Қызыл телпек», «Кірқоймас»
«Бұл екеуі - тек әженің ғана емес, жалпы қарт адамның мейірім-шапағатын се-
зінбей, балабақшаның бағымында, папасы мен мамасының қасында өсіп келе
жатқан балалар. Әкем соғыста, шешем бертінірек қайтыс болды. Жалғыз әжем
де уақыттың басқа салғанынан аса алған жоқ. Әйелім Балқыздың алыста жатқан
әке-шешесі ауру-сырқаулы адамдар. Ұғымына жат нәрсе болғандықтан, «әже»
дегеннің кім екенін төрт жасар сәби шынында да қайдан білсін.»
Сол түні Азат түсінде өз әжесін көреді: «...Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осы-
дан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі
мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне
басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін.»
«Мақсатым - қыздарыма өз әжем сияқты нағыз қазақи кейіптегі кейуананы кер-
сету еді. Ондағы ойым - әже деген жарықтықтың анау-мынау қарапайым адам
емес, былайғы жұрттан өзгеше, ардақты да қасиетті жан екенін сәбилер шын
көңілмен сезінсін, оларды не үшін құрметтеу керегін түсіне білсін деген ниет.»
Азаттың айтқан әңгімесіндегі балаларға түсініксіз тағы бір зат: ұршық.
Дүйім жұрттың уақытын алып отырған бүгінгі салтанатты бас қосудың негізгі
себепкері үйде жоқ болып шықты. Әлгінде ғана достары келіп, бір жаққа алып
кеткен көрінеді. 
Қазақтың үлкен асы - ет. Азат айтқан тосын ұсыныс: әжеміз ас қайырсың.
Жолдастың әжесі бата беру, намаз оқу, ертегі айту дегенді білмейді, керісінше
жастарға ілесіп алғандай қылықтар жасайды, әңгімеге де еркін араласады.
Райхан мен шешесі тым көңілді, қонақтан алған әсерлерін жарыса бөлісіп, сөз-
ден дес берер емес. Қызыл шырайлы өңі қоюлана түсіп, қысықтау көздеріне
жылт еткен жанды ұшқын жүгірген Балқыз сөзуарланып, ашылып кетіпті. Ішуге
келгенде, рюмкаға жасқана қарайтын тартыншақ әдеті бар еді. Бұл жолы қояр-
да-қоймай тақымдап отырған үй иелерінің мәселін қайтара алмай, көңілшектік
жасап қойған.
Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған - Ая мен Азат.
Бір-екі рет өзара жасқана қарағандары болмаса, бір-бірімен жарытып сөйлескен
де жоқ.


Ая мен Райханға Алик жыртып тастайсыңдар деп кітаптарын бермей қойыпты.
Азаттың соңында берген уәдесі: Нағыз әжені көрсету.
« Ұлттық құндылық: Отбасы, әже тәрбиесі
« Түсінік+өз ойым: Әже бейнесін көркем, дана етіп жеткізу
« Ұқсас шығарма: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет