на қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз.
Архат ең артқы орындықта отырады.
Ұлан асуына көтерілер тұстағы тау ішіне дендеп енген екен. Ақтұмсық Ал-
тайдың танауына әлі сірге жүгірмепті. Маңай мұрты бұзылмаған сере-сере қар.
Алты ай қыс ағыл-тегіл аспаннан саулаған ақ тасқын қымтаған қалпы.
Күршімге асығып та келеді. Туған жеріне
жеті жылдан астам уақыт өткенде
оралды-ау бұл.
Әне келем, міне келем деп жүріп
өмірдің ағымымен келе ал-
маған. Жол түскені - бүгін. Онда да төрт ай бойы сергелдеңге түсіріп, құрдаста-
ры
«Сергелдең Сері» атаған
паспортқа отыру мәселесі болмаса, келе қоймас
еді.
Мұнда бірақ ұзақ болмас. Ары кетсе - үш ай. Екі қолға бір жұмыс:
табылса -
жеңіл-желпі қызмет, табылмаса - қара жұмыс. Көңілге демеу, Шірікаяқта тұра-
тын үлкен ағасы, соның үйінде тұрмақ. Ол да ауру: әйтеуір ептеп-септеп елмен
бірге күн кешіп жүр. Жеңгесі орысша өскен, шайпау болатын. 1979 жылы жазда
әкесі қайтыс болғаннан кейін бұл аға-іні, жалғыз анасымен Алматыға көшкен-
нен бері тұңғыш көргелі отыр.
Қазір екі баланың анасы,
бәлкім өзгерген де
шығар.
Достарыңызбен бөлісу: