соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі менің тілімде бар. Сондай-ақ махаббат
сыбырын да жақсы көреді. Уа, менің ана тілім, сені де жұртқа білгізу маған өте
қиын, сенің алуан түрлі үнің неткен әсем еді, авар боп тумаған кісіге үйрену де
қиын оларды, о, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің рақаты емес пе, шір-
кін!»
Дағыстанның үйлену салты мен кәде-жорасын айтуға ұзақты күн жетпейді.
«Дағыстан халықтарының салттары» деген кітапты қалағандарыңызға сый-
лауға болады.
Дағыстан, ол тек географиялық ұғым емес. Оның өз кескіні, өз мақсаты, өз ар-
маны бар. Ортақ тарих, ортақ тағдыр, ортақ қасірет, ортақ қуанышы бар.
Менің ұлым авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес
Суретші жігіт қайда барса да, өз елін, туғанжерін аңсап, зарыққан екен.
Бір суреттің аты «Елді аңсау» екен. Суретте байырғы авар киімін киген ита-
льянка (суретшінің әйелі) бейнеленген. Ол тау ішіндегі бұлақтың басында тұр,
қолында – атақты гоцатлин шеберлері нақыштап жасаған күміс құмыра. Тау бау-
райында – қайғырып, тұнжырап тұрған авардың тас ауылы. Ауыл үстіне төніп
тұрған таулар бұдан да бетер қайғырып, тұнжыраулы. Тау төбесін тұман басқан.
Тұман - көздің жасы, яғни суретшінің өзі. Таудың баурайын тұман басқанда, та-
стың тілім-тілім әжімін бойлап, мөлдір тамшы ағады ғой.
Достарыңызбен бөлісу: