«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Сөз Авар тіліндегі «миләт» сөзінің екі мағынасы бар: «ұлт» және «қам»



Pdf көрінісі
бет220/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Сөз
Авар тіліндегі «миләт» сөзінің екі мағынасы бар: «ұлт» және «қам».
– Ұлтының қамын ойламаған адам дүние қамын ойлап жарытпас, – дейтін әкем.
– Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар, – деп, қо-
стар еді Әбуталып.
– Тауық та, қаз да, қаптесер де ұлт бола қоймас, бірақ адамдардың ұлты болуы
керек қой, – дейтін менің шешем.
«Халықтың да, тілдің де үйілген бір тауы екен», – депті Дағыстан жайында бір
жолаушы.
«Мың басты айдаһар», – дейді Дағыстанды жаулары.
«Алуан бұтақтары бар бәйтерек», – дейді Дағыстанды достары.


«Дүниенің жүзінен қолыңа күндіздің өзінде шырақ алып іздесең, мұнша адамы
аз, бірақ халқы көп жерді таппассың», – дейді екен келушілер...
Дағыстанда бір арбада келе жатқандар бес тілде сөйлесуі мүмкін де, егер
жол айрығына бес арба келіп тоқтаса, онда отыз тілде сөйлесіп кете береді.
Тағы бір әңгіме бар, Хунзахтың ханы Гидатлиге тыңшы жібереді, оған годе-
канда, базарда сол жерліктердің әңгімесін тыңдап, не пікірі бар екенін біліп кел
деп тапсырады. Тыңшы баруын барғанмен, тез оралады. Себебі әркім өз тілінде
сөйлейді, олардың тілі өзгелерге түсініксіз.
Дағыстанда тоғыз тілде кітап шығады. Қаншама тілде ән шырқалады. Әр
кілемнің өзінше өрнегі бар. Әр қылыштың өз жазуы бар.
Дағыстандағы тілдердің шығуы туралы әкесінің айтқан аңызы: «Алланың
елшісі қашырға мініп ап, жер бетін аралап келе жатып, өзінің үлкен қоржыны-
нан әр халыққа тіл үлестіріп жүріпті. Қытайлықтарға барып қытай тілін берген.
Арабтарға барып араб тілін берген. Гректерге грек, орыстарға орыс, французға
француз тілін берген. Тілдің неше түрі болса керек: бірі әуенді, бірі сазды, бірі
қатқыл, үшіншісі сырлы, өрнекті, төртіншісі нәзік, әсем дегендей. Мынадай ол-
жаға қарық болған халықтар кәдімгі адамша сөйлеп, өз тілінде шүйіркелесіп қа-
лады. Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші көрші халықты
біліседі. Сонымен, қойшы, әлгі қашыр мінген кісі біздің Дағыстанға жетеді.
Жаңа ғана грузиндерге, кейін Шота Руставели өзінің поэмасын жазған грузин
тілін беріп, кейін Коста Хетагуров өз сонеттерін жазатын осетин тілімен аралап
шыққаны сол екен. Кезек бізге келіп жетіпті. Алайда сол күні Дағыстанның тау-
ларында қарлы құйын соғып кетпесі бар ма! Аңғардың қары алай-түлей бұрқы-
рап аспанға шығып, түкті көрсетпей, жолды да, мекенді де жа уып тастапты. Қа-
ра түнекте тек желдің ысқырғаны, жартастың гүрсілі. Сөйтіп, Алланың елшісі
қоржынның түбінде әлі үлестірілмей қалған қос уыс тіл бар екен, соны біздің
тауларға шаша-шаша салады. – Таңдағандарыңды алыңдар, – дейді және.
Шашылған тілдерді боран алып қашып, тастан-тасқа, шатқалдан-шатқалға жет-
кізсе керек. Солай барлығы «тау», «теңіз» деген сөздерді әртүрлі айтыпты. Со-
дан былай авар, лезгин, даргин, құмық, тат, лак болып кете барады, барлығы
Дағыстан болып аталады.
«Одан соң бізге Ақсақ Темір, арабтар, Иранның шахы келді, өз тілдерін біз-
ге теліп баққысы келді. Алайда қолымызды қанша тартқылағанмен, саусақтары-
мыз жұлынған жоқ, біздің ағашымызды қанша теңселткенмен бұтақтарымыз
сынған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет