Адамдар сөз сәлемінің орнына от, жалын жолдаған кездері де болған шығар.
Бейбіт жалын. Өрт пен соғыстың жалыны емес, ошақтың жалыны, жылылық
пен жарықтың жалыны.
Дағыстандағы тағы бір салт: қыстың (кейде көктемнің) алғашқы күнінің кешін-
де тау ауылдары шыңдардың басына
«амандық», «сәлем» алауларын жағады.
Ауыл басына - бір алау. Олар алыстан көрінеді. Ауылдар аңғар, шатқалдардан
асыра бір-бірін қыстың не көктемнің басталуымен құттықтасады. Отты сәлем,
отты тілек!
Достарыңызбен бөлісу: