Автордың өзі де Цада аулының үстінен төнген Хамирхо жартасының басы- на осындай отты жаққан. Жазғытұрым тауда қар ери бастағанда, автордың анасы аққан ағыстан көзін ал-
май, жаңбыр суын жинау үшін ағаш күбісін қыстан қамдап қоюшы еді.
Автордың тағы бір ең сүйікті кәсібі: жалаң аяқ шалшықты кешу.
Шамиль өз әскерлеріне айтады екен: «Жау, мейлі, ауылды, бүкіл жерімізді алып қойсын, бірақ бұлақ әлі бізде, біз жеңеміз!» Қатал имам, жау жасағы шабуыл бастағанда, өз адамдарына: «Алдымен бұлақты қорғандар!» - деп әмір етеді екен. Ал өзі жауға шапқанда: «Алды- мен бұлағын алыңдар», - дейді екен. Қанды кекшілдер біреуі бірінің суға түсіп жатқан үстінен шықса, ол оған қашан
судан шығып, қаруын таққанша тимейді.
Автордың есіне жиі түсетін, басқа бір бейбіт, суға байланысты салт - «Жаңбыр есек» деп аталады. «Шаңқай түс, жазығында Дағыстанның» деп
тегіннен-тегін айтылмаған. Талма түсте қатты ыстық болады.
Сонда ауыл баласын индеецтер құсатып әлем-тапырық киіммен жасанды- рып, қурап кеткен шөптермен қаптап қояды. «Жаңбыр есек» дегеніміз - осы. Оны өзіндей балалар ауыл айналдыра жетелеп кездіріп жүріп, тілек өлең,
біздіңше жарапазан айтады. Ауылдың ересектері далаға жүгіріп, «Жаңбырлы
есекке» біреу құмырадан, біреу легеннен су шашып балаларға қосылып өлең
айтып, «Аумин!» - деседі.
Автордың өзі де болып көріпті.
Дағыстандағы қатты ыстық күнді олар - «Мұңды күн» деп атайды.
Егер жалпы Еуропаны алсақ, күн көзінің көп түсетін жері - Дағыстанның Гуниб ауылы. Автор ауылы Цада да қалыспайды. ауылдарды «Ындыны кепкендер» деп атаған екен. Су ауылдан үш шақырымдай жерде. Жаңбыр жауғанда шешесі қатты қуанады.
Соғыс жылдарында ауылдық советтің ішкі қабырғасында үлкен карта тұрады
екен. Ол кезде осындай карталар көп болған. Сол карталарда жылжыған
майданның шекарасын қызыл жалаушалармен белгілейтін.
«Бізде де осындай қызыл жалаушалар тұратын, бірақ олардың мағынасы басқа-
шалау. Ол жалаушалар цадалықтардың қаза тапқан жерлеріне қадалған