Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIККЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА



бет26/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54

21-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIККЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА
ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      312-бап. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу немесе
                орындамау
      1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қойма үй-жайларында, жатақханаларда және тұрғын үйлерде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiнде өрт қауiпсiздiгi қағидаларында, техникалық регламенттерде, құрылыс нормалары мен қағидаларында, мемлекеттiк стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы құрал-сайманды, жабдықты, өрттi табу мен сөндірудің автоматты құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау қағидаларын бұзу немесе орындамау -
      жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 312-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      312-1-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі
                  саласындағы заңнамасын қатерлерге тәуелсіз
                  бағалау жүргізу кезінде бұзу
      Ескерту. 312-1-бап алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      313-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін
                жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді
                шығару және өткізу
      Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян және (немесе) жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі көлемде нұқсан келтіруге әкеп соқпаса -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштің отыздан елуге дейiнгi мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен бір жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы Кодекстің осы бабына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кездегі бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома ірі көлемдегі нұқсан деп танылады.
      Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       314-бап. Су айдындарында қауiпсiздiк ережелерiн бұзу
                немесе орындамау
       1. Су айдындарында қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрсе, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 314-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде
               радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың бiлiктiлiгiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне берiлген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 315-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң
               талаптарын бұзу
      Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне берiлген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 316-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      317-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
               саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын:
      1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді шығару және өткізу;
      2) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді көтерме немесе бөлшек саудаға, нарықтарға шығару;
      3) сәйкестiк сертификаты, сәйкестік белгісі немесе сәйкестiк туралы декларациясы болмаған, сондай-ақ олар қолдан жасалған, қолданылу мерзiмi өтіп кеткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда, сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнімді импорттау және (немесе) өткiзу;
      4) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бұзу;
      5) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылуын растау, сол сияқты сәйкестiк туралы декларацияны, өтініш-декларацияны негiзсiз қабылдау немесе тiркеу;
      6) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде сәйкестiктi растау саласындағы жұмыстарды аккредиттеусіз жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық, -
      аккредиттеу аттестатын, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 317-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      317-1-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін
                  қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
 
      Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерде және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезден бастап өнімдердің өмірлік циклі процестерін жүзеге асыруын тоқтатпауы, сол сияқты мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындамауы, -
      қызметі тоқтатыла отырып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден үш жүз онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүзден бір мың алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерге сәйкес өнімдердің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.
      Ескерту. 317-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       317-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты және
                 Кеден одағының тауары немесе шетел тауары
                 нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу
      1. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың тауар туралы деректерi бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін жасауы және оларды сараптама ұйымының беруі, -
      тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, сараптама ұйымдарына отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауардың шығарылуы туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi және техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификат беруден бас тарту немесе Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруден бас тарту –
      тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тауар туралы деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес, уәкілетті ұйымның тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруі –
      тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Уәкілетті ұйымның, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi шешiмді беру мерзімін бұзуы -
      сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Бұрмаланған және (немесе) анық емес: тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын алу үшін Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтерді, құжаттарды ұсыну, -
      дара кәсiпкерлерге – он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
      тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сараптама ұйымдарына қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 21-тарау 317-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. N 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      317-3-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен
                 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
                 Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген
                 материалдық объектілерді дайындау кезінде
                 ұлттық стандарттарды бұзу
      1. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау, -
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 21-тарау 317-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.06.28. N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      317-4-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін
                қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын:
      1) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орамдағы өлшеп оралған тауарлар санының орамдарда белгіленген шамаға сәйкес келмеуіне жол беру;
      2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар салмағының, көлемінің, шығысының немесе олардың санын сипаттайтын басқа да шамалардың бақылау (тауар) чегінде немесе тексерілетін тауарлардың сатып алынғанын растайтын өзге де құжатта көрсетілген тауарлар санына сәйкес келмеуіне жол беру;
      3) аккредиттеусіз өлшем құралдарын салыстырып тексеру, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау;
      4) түрін бекіту мақсаты үшін сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енбеген, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналымға шығару, қолдану, өткізу және жарнамалау;
      5) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық, –
      аккредиттеу аттестатын, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатын, салыстырып тексеруші сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау, –
      аккредиттеу аттестатынан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатынан, салыстырып тексеруші сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), –
      аккредиттеу аттестатынан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатынан, салыстырып тексеруші сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 21-тарау 317-4-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау
      Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiр жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 318-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       319-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн
               егiстiктi күзетудi қамтамасыз етуге
               шаралар қолданбау
      Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 319-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       319-1-бап. Есірткіні, психотроптық заттарды және
                  прекурсорларды өткізудің және медициналық
                  емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар
                  қолданбау
      1. Ойын-сауық мекемесінің, сондай-ақ білім беру ұйымының лауазымды адамының және (немесе) иесінің есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы -
      лауазымды адамдарға және (немесе) қызметі тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -
      лауазымды адамдарға және (немесе) дара кәсіпкерлерге дара кәсіпкерлік қызметіне тыйым салына отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып - айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы Кодексте аталған ойын-сауық мекемелеріне көңіл көтеру-демалу, театр-ойын-сауығы, спорт, мәдени-демалу мақсаттарында қызмет көрсететін ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсаттарындағы объектілер және өзге де үйлер, мекен-жайлар, ғимараттар жатады.
      Ескерту. 319-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , өзгерту енгізілді - 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      320-бап. Өткiзу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен,

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет