Тақырыбы: Басқару жүйесіндегі жерге орналастыру, жерлерді пайдалануды мемлекеттік бақылау және қорғау
Жерге орналастыру ежелден жер катынастарын реттеу құралы болып келеді. Совет өкіметі кезіндегі жылдары колхоздар мен совхоздардың жерлерін қатаң қадағалау жерге орналастырудың маңызды міндеті болған. Жалпы одақтық «жер пайдаланудың бастаулары мен жерге орналастыру» заңы 1928 жылдың 15 — желтоқсанында қабылданды.
Жерге орналастырудың маңызды міндеті:
•Ауылшаруашылық өндірісін дамыту
•Кеңестік реконструкция және жаңа жер құрылысын орнату.
Сол жылдан бастап арнайы зерттеу жұмыстары атқарылды: «топырақ, геоботаникалық, аэрофотосуреттік». Жаңа жерді пайдаланудың функциясы дамуды – картографиялау және жер ресурстарының экономикалық жағы жерге орналастыруды және жерді рационалды пайдалануды қадағалайды. Экономикалык эффектісінің критерийі кейінгі кезде жердің басты міндеті болып отыр.
Кейіннен 60-70 жылдары жерге орналастыру саласы экономикалық мазмұнға ие болып келе жатыр. Ол барлық табиғи-экономикалық, шаруашылық-ұйымдастырушылық және технологиялық шаралар негізінде орындалады. Өзі жеке дара болып соңғы кезде жер кадастры бөлініп, топырақты бонитировкалаудан зерттеу жұмыстары және жерді экономикалық бағалау жұмыстары басталуда.
Жалпылама жоба алдындағы кұжат болып мемлекеттің ұзақ болашаққа жоспарлаған жер ресурстары пайдалану генералдық схемасы алынады.
1970 ж. СССР кеңес Министрлері «жер пайдалануды мемлекеттік бақылау туралы қаулы шығарды». Осы кезден бастап жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау – жер ресурстарын жүргізудің басты функциясы бола бастады.
Оның негізгі мәселелері:
•Жер пайдаланушылыкты бақылау,
•Оны ұтымды пайдалану;
•Жерді қорғау.
Жалпы жағдайда, жерге мемлекеттік меншік негізінде жер ресурстарын мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. Бұл орталықтандыру жер ресурстарын басқару кызметтерін орындауды талап етті.
Оның негізгі мақсаты-жерді есепке aлy және жер балансы мен облыс және аудан бойынша жерлердің жағдайы туралы жылдық есеп өткізу жатады.
Жер катынастарының өзгеруі жаңа нормативтік актілердің қабылдануына алып келді. Осының бәрі республикада кеңес өкіметі кезіндегі жер ресурстарын басқару жүйесін ауыстыруды керек етті.
Аудандарда, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда да жер қатынастарын және жерге орналастыруды басқару комитетгері құрыла бастады.
Жерге орналастыру бойынша мемлекеттік жобалау, институттар жүйесі үлкен өзгеріске ұшырады. Олар өзгертіліп МемжерҒӨО құрамына енгізілді және облыстық филиалдар МемжерҒӨО-ң еншілес кәсіпорындарына ауыстырылды.
Соңғы жылдары жерге орналастыру және іздестіру жұмыстарын қаржыландыру бастаулары және негіздері өзгерді. «Қазақстан Республикасының жер туралы заңында көрсетілген» жерге орналастыру жұмыстары негізінен республикалык бюджеттен алынады. Осымен бірге тапсырыс берушілердің заңды және физикалық тұлғалар есебінен көп жұмыстары қаржыландырылады. Соңғы жылдары жер реформасына байланысты жер катынастарында да түбегейлі өзгерістер болды, осыған байланысты жаңа жер заңы, зандық және нормативтік актілер өмірге келді.
Жер реформасын жургізу жылдары жерге орналастыру жұмыстарының құрылымы өзгерді. Жобалау және іздестіру жұмыстарынын көлемі азайды.
Сонымен қатар, шаруашылық жерге орналастыру жұмыстар көлемі 1991 ж. 13%-тен, 1996 ж. 60%-қа дейін өсті. Жер кадастры бойынша – 0,8-ден 15%-ке дейін, мониторинг бойынша – 0,7 -ден 2,6% дейін, МемжерҒӨО жұмыс көлемі 1999 ж. басында өсті.
Осы мәліметтерге қарап нарықтық жағдайда жұмыс көлемінің жоспарлауға бағынбайтынын байқауға болады. Бұл жерде тек жерге орналастыруға болатын менеджмент және маркетинг мәдениеттерінің заңдылықтарын ескерте отырып, сұраныс пен ұсынысты зерттей отыра ғана болжауға болады.
Казіргі таңда елімізде жер қатынастарының өзгеруіне байланысты, жерге орналастыру жұмыстарының жүйесі айқын өзгерген.
Сонымен бұрынғы үлкен өнеркәсіптердің «колхоз, совхоз» таралуына, шағын мекемелерге бөлу. Не болатын, бір жағынан ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарының тоқтауына әкеледі. Керісінше енді екінші жағынан пайда болған көптеген шағын учаскелерді, жекешеленгендіру, заңды құжаттарын даярлау жұмыстары өсті.
Сонымен қатар, жеке меншікке мемлекет бөлген жерлерді уақытша және тұрақты жер пайдалануға берілген жерлердің құжаттарын қайыру және рәсімдеу жұмыстары үлкен карқынмен жүруде.
Бұл жерлер жеке шаруашылықпен айналысуға арналған жерлер (саяжай, бақ, тұрғын үй, транспорт, байланыс, сауда және т.б.). Жұмыстардың көбі қазіргі уақытта тапсырыс берушінің қалтасынан төленеді.
Сонымен қатар, қаржыландырудың жоқтығынан іздестіру және зерттеу жұмыстары күрт кеміді. Бұл әрине кейін жер фонды жайлы сапалы мәлеметтердің жетіспеуіне алып келді .
Жерге орналастыру жұмыстарының негізгі бағыты келесі сұрақтарды шешуге негізделді;
Жер қатынастарын реттеуге байланысты заң және нормативтік актілерді даярлау. Жерге орналастыру, жер кадастры, мониторинг, жерді бағалау жұмыстарын инструктивтік методикамен камтамасыз ету
Шартты жер бөлектерін жекешелендіру жұмыстары
Жаңа шаруашылық субъектілерін проектілерінің құру
Жергілікті шекараны қайтару және белгілеу, жерге документтерді жасау және беру
Тек қана 1998 жылдың ішінде Республика бойынша жер бөлініп берілді, тұрақты жер пайдалану мен жеке меншік кұқығые растайтын 146 мың актілер дайындалып берілді. 01.11.2000 жыл бойынша жер пайдалану және жеке меншікті растайтын 2838,4 мың актілер, онық ішінде шаруа қожалықтарына жалпы санынан 92 мың немесе 88%, тұрақты жер пайдалану құқығын растайтын 4,3 мың (97%) құжаттары қамтылды, 16,9 мың (77%) кондоминимум субъектілері, 55,3 мың жер телімдері жалға беру шартымен кіші кәсіпкерліктің субъектілеріне берілген.
Үкіметтің 2000 жылғы тапсырысы бойынша жер үлесінің натурлы персонификация бойынша жұмыстары жүргізілді. Жерге орналастыру органдары мен мекемелерімен жер үлестерінің натурлы персонификация бойынша жүргізілген жұмыстары олардың иесіне жер заңнамаларына сәйкес жер учаскелерімен келісім шартты жүргізу және өз кұкығын растау.
Жер қатынастарының жаңа жағдайдайымен туындаған жерге орналастыруды жүргізуге карамастан, өте маңызды және басымдылық жүргізу жағдайын табу керек
Республикалық және регионалды жерге орналастырудың схемасын, рационалды пайдаланудың программасы, жер ресурстарын қорғау және жақсартуды жасау
Елді-мекен пунктерінде жер шаруашылык құрылым проектілерін жасау
Жаңа шарушылық субъектілерінің жер пайдалануды жоспарлау және олардың территорияларының құрылымы;
Жерді қорғауды жақсарту, жұмыс проектілерін қолдануды жасау
Жерді бағалау методикасын жасау, жер бағалық жұмыстарын жүргізу
Топография-геодезиялық жүргізулер, картографилық, топырақтық, геоботаникалық және баска да зерттеулер мен ізденістерге жаңа құралдар мен компьютерлік құралдарды қолдану және пайдалану
Жергілікті жердің әкімшілік территориялық шекарасын белгілеу, ерекше қорғалатын және қорыктар территориясының режимдері
Жер реформасын өткізуде елді-мекен жерлерінін шекарасына байланысты 472,3 мың га ауыл шаруашылық алқаптары берілді. Қазіргі уақытта бұл облыста көптеген елді-мекен жерлерінің шекарасын белгілеу қажетті. Бұдан басқа барлық елді мекен жерлерінің ауданында (517,3 мың) ауыл шаруашылық жерге орналастыруды жоспарлау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |