252
Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы және «Жұмыспен қамту-2020»
бағдарламаларын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады. Ол аз қамтылған,
жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыпен қамтылған халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту механизмдерін қамтиды.
Республикалық бағдарламаны іске асыруға 2013 жылдан бастап 193 млрд. 400 млн.
теңге бөлінді. 3 жыл ішіндегі республикалық бағдарламаны қаржыландырудың жалпы
көлеміндегі Маңғыстау облысы қаражаттарының үлес салмағы 14 млрд.теңгені немесе
бөлінген барлық сомадан 7%-ды құрады (кесте 1) [2].
Кесте 1 – Қазақстан Республикасы мен Маңғыстау облысындағы «Жұмыспен
қамту-2020» Бағдарламасын қаржыландыру көлемі
Жылдар
Аймақ
Қазақстан
Республикасы, млрд.теңге
Маңғыстау облысы, млрд.
теңге
%-бен
Барлығы
193,4
14,0
7,2
2015 жыл
40,2
6,0
14,9
2016 жыл
48,3
3,4
7,0
2017 жыл
104,9
4,6
4,3
Ескертпе - ҚР статистика жөніндегі Комитеті, Маңғыстау облысы Статистикалық
жинақ көрсеткіштері
Бағдарламаны іске асыру кезеңінен бастап 20600
адам қатысуға ниет білдіріп,
олардың ішінде 10 800 адам әлеуметтік шартқа қол қойды.
Бағдарламаның республикалық деңгейінде іске асырылуы сияқты өңірлік шеңберде
де бағдарламаның 3 бағытының ішінде қатысушылар үшін 3-ші бағыт неғұрлым басымды
болды, осылайша, іске асырылу кезеңінен бастап аталмыш бағытпен 10 мыңнан астам
адам қамтылды (сурет 1).
Сурет 1 - Маңғыстау облысы бойынша ЖЖК-2020 бағдарламасының барлық
бағыттары бойынша қатысушыларды қамту көлемі
Суреттен көрініп тұрғандай, қатысушылардың басым бөлігі әлеуметтік шартқа
отырған қатысушылардың жалпы үлесінің 65%-ын құрайтын 3-ші бағытпен қамтылған.
Ал қалған бағыттармен қатысушылардың
қамтылу деңгейі шамамен бірдей, яғни 1-ші
бағыт - 2835 адам немесе 18%, 2-ші бағыт – 2707 адам немесе 17%. Облыс бойынша 4653
жаңа жұмыс орны құрылды.
«Жұмыспен
қамту-2020»
бағдарламасы
аясында
жұмыспен
қамту
орталықтарына хабарласқан адамдардың саны – 442, оның ішінде әлеуметтік келісім
шартқа қол қойған адамдардың саны – 409 адам, оның ішінде мүгедектер – 2 адам.
253
Бағдарламаға қатысушылардың ішіндегі жастардың саны – 271 адам (63,3%), әйелдер 278
адамды құрайды (68,0%).
Бағдарламаның бірінші бағыты – «Өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз
және халықтың аз қамтылған топтарын оқыту және жұмысқа орналастыру» бойынша.
Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын жүзеге асыру аясында әзірленген оқыту жоспары -
1627 адам, оның ішінде бүгінгі таңда 1227 адам оқумен қамтылғын (355 адам 2010
жылдағы Жол картасы аясында қабылданғандар, 872 адам – 2014-2015 оқу жылдарында
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында қабылданғандар), 200 адам – қайта даярлау
курстарына, 100 адам – біліктілігін арттыруға, 100 адам кәсіби даярлауға жолданады.
Екінші бағыт – «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» бойынша. 2017 жылы
аталған бағыт бойынша – 200 адамға шағын несие беру, 100 адамды кәсіптік негіздеріне
оқыту жоспарланды.
Бүгінгі таңда үәкілетті өңірлік ұйымы ретінде «Ауылшаруашылығын
қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау өкілдігі бекітілді. Соңғы
қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi ставканы 6,7
көлемінде келісілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша бүгінгі таңда Түпқараған ауданында 16
пәтерлік 2-үй және 14 пәтерлік 7 тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде.
Жұмысқа
орналастыратын адам саны – 1073 адам. Бүгінгі күні «Жұмыспен қамту - 2020»
Бағдарламасының шеңберінде «Шағын несиелендіру орталығы» ШНҰ» ЖШС тарапынан
жалпы құны 10,3 млн. теңге болатын 4 жоба қаржыландырылды.
Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы оң құбылыс болды, көптеген жас
жанұялар пәтер иелері атанып, жеңіл пайызбен несие алу мүмкіншіліктерін иеленді,
сонымен қатар, бағдарлама барлық облыстарда қарастырылып, құрылыс жұмыстары
көпшілігінде жобаға сәйкес жүрді [3].
Сонымен, Маңғыстау облысы Қазақстанның алдыңғы қатарлы индустриалды
орталықтарының бірі болып табылады. Облыста әлеуметтік
қамтамасыз ету және
әлеуметтік қолдау тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне әлеуметтік
қызметтердің кең спектрін көрсету жолымен жүзеге асырылады. Маңғыстау облысының
даму бағдарламасы аясында әлеуметтік саланы жетілдіру және адами капиталды дамыту
шаралары көзделген, яғни білімнің сапасын және қол жетерлігін қамтамасыз ету;
азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетудің тиімді жүйесі.
Осылайша, облыстың экономикалық дамуы мен оның әлеуметті дамуы тығыз
байланыста екендігі анық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: