«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет135/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. 
Калмыков Д.Е. Жасыл экономика бойынша қысқаша нұсқаулық.– Қарағанды: 
ЭкоМұражай, CINEST, 2017 ж. – 32 б. 
2. Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша 
әдістемелік ұсынымдар, 
http://stat.gov.kz
 
3. Экологиялық қызметтің нәтижелілігі туралы шолулардың топтамасы,
 
ecogosfond.kz/wp-content/uploads 
ОӘЖ 33.338 
 
ТАБИҒАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЛАСТАУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
КӨРСЕТКІШТЕРІ 
Конысбаева А.А., Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа: табиғатты ластау және қоғамның дамуымен байланысты табиғатқа 
тасталатын қалдықтар көрсеткіштері санының артуы ғаламдық мәселеге айналуда
сондықтан бұл жағдайларды реттеу олардың өңделуін қолға алу әрбір ел үшін маңызды 
мәселеге айналуда.
Түйінді сөздер: табиғатты ластаушы қалдықтар, экологиялық мәселелер, қалдық 
көздері. 
Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен 
биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна 
түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Қазіргі 
кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес келетін толық жетілдірілген 
технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға 
толық қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде 
айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын 
негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады[1].
2018 жылы Қазақстан Республикасында деректер бойынша жалпы 4,3 млн. тонна 
ТҚҚ пайда болған, оның ішінде саны 601 бірлікті құрайтын қалдықтарды жинау және 
тасымалдау бойынша мамандырылған кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер жинаған 
коммуналдық қалдықтар 2,8 млн. тоннаны құрады. Негізгі үлесі үйшаруашылық 
қалдықтарына (74,1%), 12,5% өндіріс қалдықтары (тұрмыстық қалдықтарға теңестірілген) 
құрайды, 9,7% - көшеден жиналған қоқыстар, 2,1% - базар қалдықтары келеді. Жиналған 
және тасымалданған қалдықтардың жалпы санынан 6,2% - мемлекеттік меншік 
нысанындағы, 93,6% - жеке меншік нысанындағы және 0,2% - шет меншік нысанындағы 
кәсіпорындары жиналған [2].
2018 жылы коммуналдық қалдықтардың ресми жұмыс істейтін полигондарына 
(қалдықтар үйінділеріне) 3,4 млн.тонна қалдық түскен. Оның ішінде 69,3% одан әрі 
сақтауға түскен, 18,2% әрі қайта өңдеуге және іріктеуге және 12,5% кәдеге жаратылған. 
Сақталуға жіберілген қалдықтардың көлемі құрамынан, 65,9% - аралас коммуналдық 
қалдықтар, 23,3% - қайта өндеуден кейін қалған қалдықтар құрады. 


257 
2018 жылдың соңына ресми жұмыс істейтін полигондарда (қалдықтар 
үйінділерінде) 46,7 млн. тоннадан артық қалдық жиналған. 2018 жылы Қазақстан 
Республикасындағы коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу (сорттау) 
және көму (сақтауға беру) туралы толық ақпарат осы бюллетенде келтірілген [3].
Кесте 1- Тұрақты ластау көздерінің саны бірлік 
№ 
Атауы 
2014 
2015 
2016 
2017 
1. 
Қазақстан Республикасы 
214 913 
235 049 
252 564 
279 997 
2. 
Ақмола 
12 658 
14 829 
16 982 
18 624 
3. 
Ақтөбе 
16 027 
18 706 
20 209 
22 644 
4. 
Алматы 
14 049 
13 485 
15 374 
16 284 
5. 
Атырау 
17 775 
25 355 
28 422 
31 492 
6. 
Батыс Қазақстан 
10 532 
11 415 
11 760 
12 387 
7. 
Жамбыл 
11 252 
12 618 
12 959 
15 732 
8. 
Қарағанды 
12 216 
12 747 
14 230 
16 754 
9. 
Қостанай 
18 099 
18 366 
19 208 
20 670 
10. 
Қызылорда 
10 054 
11 590 
12 525 
12 948 
11. 
Маңғыстау 
22 492 
22 863 
22 583 
23 804 
12. 
Оңтүстік Қазақстан 
15 166 
14 720 
15 289 
16 670 
13. 
Павлодар 
10 881 
11 803 
12 606 
13 701 
14. 
Солтүстік Қазақстан 
8 679 
9 171 
9 776 
13 609 
15. 
Шығыс Қазақстан 
18 444 
18 523 
19 453 
22 353 
16. 
Астана қаласы 
4 789 
5 717 
6 486 
7 205 
17. 
Алматы қаласы 
11 800 
13 141 
14 702 
15 120 
Қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылысы қалдықтардың полигонға 
шығарылуын 40 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туғыза отырып, қалдықтардан 
тауар түріндегі өнім мен стандартты қайталама шикізат алу арқылы бюджеттің шығын 
әкелетін саласынан пайда әкелетін саласына айналдырады. «2014-2050 жылдарға 
арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың бағдарламасы» 
шеңберінде ірі елді мекендерінде полигондар, қоқыс сұрыптайтын цехтар мен кешендер 
салу бойынша шаралар жоспары қажет етілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет