«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет142/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Халықова Г.З., Кеңесбаев С.М., Мафухаева Р.М. Macromedia Flash 
технологиясы: Оқу құралы. – Алматы, 2016. – 250 б. 
2. Халықова Г.Электронды оқулықты дайындаудың талаптары // Халықаралық 
ғылыми-әдiстемелiк конференциясының еңбектерi. Шымкент, 2004. - Б. 469. 
3. ВладимирДроновMacromediaFlashProfessional 8. Графика и анимация. - 
Издательство «БХВ-Петербург», 2006. – 492 с. 
 
ӘОЖ 371.3:53 
 
БІЛІМ 
АЛУШЫЛАРДЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ 
ІЗДЕНІМПАЗДЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚУ ЭКСПЕРИМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ 
 
Демегенов Б.Д., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Ғылыми жетекшісі: Туркменбаев А.Б. 
 Ш. Есенов атындағы КМТИУ 
Аңдатпа. Оқу экспериментін көріп және жасау кезінде білім алушылар ғылыми 
зерттеу әдісі туралы түсінік алады. Оқу эксперименті деп арнаулы құрал-жабдықтардың 
көмегімен сабақта табиғаттағы құбылысты немесе заңдылықты қайтадан көз алдына 
әкелу. Сондықтан да ол бір мезгілде білім берудің көзі, әрі оқыту әдісі және көрнекілік 
болып табылады. 
Түйінді сөздер: оқуэксперименті, таным, физика, құбылыстар, процестер. 
Эксперимент - таным әдістерінің бірі, ол жаратылыстану ғылымдары саласында 
алатын білімдердің көзі және табиғаттағы құбылыстарды зерттеудің әдісі. 
Эксперимент табиғаттағы құбылыстарды зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін 
жаңа жағдайлар жасаумен оларға белсене ықпал ету арқылы немесе процестің барысын 
қажетті бағытта өзгерту арқылы зерттеу.
Эксперимент зерттеу нысанын бөліп алуды, оған қажетті жағдайлар жасауды, 
бөгет болатын барлық факторларды жоюды, нысанаға ықпал ету көздерін немесе 
шарттарын, тиісті техникалық құрылғыларды қолданып бақылау және өлшеу актілерін 
қамтиды. Эксперимент танымның сапалық жаңа деңгейі болып табылады. Ол ойдың 
құбылыстар арқылы заңдардың мәнісін түсінуге, оларды неғұрлым терең танып-білуге 
жол ашады.
Эксперименттің ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің 
тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші объектіні әр түрлі кездейсоқ 
жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін, қажет болған жағдайда 
экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады. 
Жаратылыстану курстарындағы эксперимент - бұл жаратылыстану ғылымдарына 
тән, ғылыми зерттеу әдісінің көрінісі. Оқу экспериментін негізге алып, табиғаттағы 
құбылыстарды оқып үйрену - білім алушылардың ғылыми көзқарасы мен 
дүниетанымының қалыптасуын, табиғаттағы заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруін, 
жаратылыстану пәндерін оқып-үйренуде қызығушылығын арттыруға және өлшеу 
икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге себін тигізеді. 
Сабақта эксперименттерді демонстрациялау, олардың кейбіреулерін кино және 
теледидар, компьютер арқылы көрсету, білім алушылардың зертханалық жұмыстар 
жасауы, мектептегі эксперименттік оқыту әдісінің негізі болып табылады. 
Дұрыс ұйымдастырылған оқу экспериментінің тәрбиелік мәні зор, ол білім 
алушыларды алдына қойған мақсатқа жетуге, жұмыста ұқыптылыққа, қарастырып 


280 
отырған құбылысты бақылауға және одан қорытынды шығаруға, оның негізгі белгілерін 
бөліп ала білуге және т.б. үйретеді. 
Білім алушыларға терең де нақты білім беру үшін, оларда практикалық 
ебдейліктер мен дағдыларды қалыптастыру кезінде әртүрлі оқу экспериментін қолданып, 
ауыстырып отыру қажет. 
Қазіргі кезде жаратылыстану пәндері бойынша оқу экспериментінің жүйесі 
қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін, оқу эксперименті белгілі жағдайларға байланысты: 
- оқу бағдарламасындағы оқыту мазмұнына байланысты (мұнда білім алушылар 
игеретін дағды мен икемділіктер де бар); 
- сабақтың түріне, барлық білім алушылармен бір мезгілде өтуіне; 
- зертханалық кабинеттердің жабдықталу тәуелділігіне қарай жүйелеп топқа 
бөлуге болады [1].
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оқу экспериментін оқытушы мен білім 
алушылардың іс-қимылдарына, мақсатына байланысты жүйелеуге болады. Осыған 
байланысты қазіргі кезде оқу экспериментін төрт жүйе құраушы бөлікке бөлуге болады: 
фронталь зертханалық жұмыстар мен бақылаулар; практикум; сабақтан тыс тәжірибелер 
мен бақылаулар; білім алушылардың сыныпта орындайтын зертханалық жұмыстары. 
Құбылыстарды және заңдарды оқып үйренгенде білім алушының ой-өрісіне 
оқытушының сөзімен ұштастыра жасалатын оқу эксперимент ғылыми ұғымдардың 
ойдағыдай қалыптасуындағы маңызды шарттардың бірі.
Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясында көптеген эксперименттер бар. 
Осы эксперименттерді қалай таңдауға болады? Таңдап алған эксперимент алдыңғы 
сабақта алынған эксперименттерге логикалық түрде байланысқан болу керек. 
Эксперименттің саны аз және жаңа сабақты түсіндіруге немесе бекітуге, айтылған 
теориялық материалдарды қорытындылауға арналған болуы қажет.
Оқу экспериментіне қойылатын негізгі педагогикалық талаптар: 
-білім алушылар көрсетілген экспериментті түсінуге дайын болу керек; 
- демонстрациялық экспериментте керекті құрал-жабдықтар мүмкіндігінше 
қарапайым болу керек;
- эксперимент барлық білім алушыларға жақсы көрінуі тиіс;
- экспериментті көрсету қарқыны материалды ауызша баяндау қарқынына және 
оны білім алушылардың қабылдау жылдамдығына сәйкес болуы керек; 
- оқу эксперименттері айқын болуы керек;
- экспериментке мүмкіндігінше мүдірмей жұмыс істейтін құрал-жабдықтарды 
бірнеше рет алдын-ала жасап көріп, таңдау керек;
- қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарға сай болуы керек.
Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісіне оқу эксперименттерін енгізу теория мен 
практиканы байланыстырушы ретінде қарастырылады. Оларды орындау білім 
алушылардың эксперименттік және практикалық ебдейліктері мен дағдыларын 
қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, білім алушылардың танымдық қабілеттерін, 
әрі белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Алайда кез-келген оқу 
экспериментін өткізуде бұл мақсаттар орындала бермейді. Егер білім алушылар 
оқытушының толық, нақты түсіндіруінен кейін, тек көрсетілген іс-қимылдарды 
қайталайтын болса, оларда қарапайым ебдейліктер мен дағдылар қалыптасады. Мысалы, 
білім алушылар электр шамынан өтетін ток күшін есептейтін электр сызбасын оқытушы 
демонстрациялық үстелде көрсетіп бергендей жинайды. Эксперименттік жұмыстың осы 
тәрізді орындалуында олар біршама икемдіктер мен дағдылар алады, бірақ жалпылама 
сипаттағы ебдейліктер қалыптаспайды және өздері әрекет етуге үйренбейді. 
Эксперименттің бұлай өткізілуі олардың білімділік және тәрбиелік мәнін төмендетеді [2]. 
Оқытушы эксперименттік тәжірибені өткізу технологиясын мұқият талқылап, 
білім алушыларға оны өз бетінше және ықыласпен орындауға мүмкіндік беруі керек, тек 


281 
сонда ғана ол білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғыза 
алады. 
Білім алушылардың берілген нұсқаумен өз бетінше, дұрыс жұмыс істей алуы, 
құралдардың төлқұжаты бойынша оның қалыпты жұмыс тәртібін анықтай алуы, өзінің 
жұмыс орнын дұрыс пайдалануы, оқу тапсырмасы бойынша жұмысты ыңғайлы 
жоспарлауы, қойылған мәселені тиімді жолмен шешуі, орындалған эксперименттердің 
нәтижелерін дұрыс жазуы және оны түсіндіруі, қорытындылауы - жұмыс дұрыс 
ұйымдастырылғанда мүмкін болады. 
Оқу экспериментін өткізуді мақсаты мен мазмұнына байланысты әр түрлі 
ұйымдастыруға болады. Оның кең тараған сценарийі мынадай: кіріспе, әңгіме, 
экспериментті білім алушылардың жасауы және өлшеу нәтижелерін дәптерлеріне 
(көбінесе кесте түрінде) жазуы, істелген жұмыстың қорытындысын шығару. 
Оқу эксперименттерінің орындалуына әр түрлі мақсаттар қойылады [3]: 
1) Практикалық сипаттағы қарапайым икемділіктер мен дағдыларды 
қалыптастыру. Бұл мақсатта орындалатын эксперименттерді топтың барлық білім 
алушылары жұмысты бір тақырыпқа орындайды және бірдей жабдықтарды пайдаланады. 
Жоғарғы сынып оқушыларына оқу бағдарламасы бойынша көзделген эксперименттер 
осындай тәсілмен өткізілуге есептелген. Ол бүкіл сабақ бойынша есептелген, ұзартылған 
және 5-10 минутқа есептелген қысқа уақытты болуы мүмкін.
Сабақта шамалы ғана уақыт ала отырып, оқытушының басшылығымен 
жүргізілетін мұндай жұмыстар жаратылыстану пәндерін оқытудың тиімділігін арттырады. 
Мұнда оқытушы ауызша кеңес береді және жұмыстың кейбір қиын жерлерін көрсетеді, 
тақтаға қажетті сурет, сұлба болса салады, алынған нәтижелерді талдауды 
ұйымдастырады. 
2) Білім алушыларда күрделірек практикалық сипаттағы ебдейліктер мен 
дағдыларды қалыптастыру.Бұл мақсатта орындалатын оқу эксперименттерінде бірнеше 
шамаларды тура өлшеу негізінде басқа шамаларды жанама әдістермен анықтау жатады. 
Сондықтан мұндай эксперименттік жұмыстарды орындау білім алушылардан теориялық 
білімдерін қолдануды талап етеді. Оларды орындау барысында мынадай дидактикалық 
мәселелер де шешіледі: білімді (ұғымдарды, заңдарды) нақтылау, оларды практикада 
қолдана білу ебдейліктері мендағдыларын қалыптастыру.
3) Оқу эксперименттерін білім алушылардың өздері орындауы арқылы олардың 
танымдық ізденімпаздығы мен эксперименттік ебдейліктері мен дағдыларын 
қалыптастыру. Бұл мақсаттағы эксперименттерді бірінші және екінші мақсаттағы 
эксперименттермен салыстырғанда толықтай ғылыми эксперименттік жұмыстарға 
жатқызуға болады. 
Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісі барысында оқу эксперименттерінің 
түрлерін үйлесімді қолданған дұрыс. Білім алушылардың ғылыми зерттеу элементтері бар 
эксперименттерді қарапайым ебдейліктері қалыптасқаннан кейін ғана орындай 
алатындығын ескеру керек. Мұндай ебдейліктер бірінші және екінші түрдегі зертханалық 
жұмыстарды орындауда қалыптасады. Сондықтан оқытушы олардың өткізілуіне көп көңіл 
бөлу керек. Оқу үдерісіне зерттеу сипатындағы эксперименттерді енгізіп, оларды көбінесе 
білім алушылардың өздері орындауын қадағалау қажет. 
Білім алушылар орындайтын әрбір эксперимент олардың алған білімдерін 
тереңдетуге, нақтылауға және практикада қолдана білуге негізделеді. Оған қоса әрбір 
экспериментті орындағанда білім алушылар жаңа бір нәрсені білуге ұмтылуы тиіс: 
шамаларды өлшеудің тиімді әдісін қолдану; олардың басқа шамалармен жаңа тәуелділігін 
орнату; бір шаманы өлшеуді келесі бір өлшеуге ауыстыру ебдейлігін жүзеге асыру және 
тағы басқалар. 
Нақтырақ айтқанда, білім алушылар экспериментті орындағанда бұрынғы өздері 
білетін тәсілдерді қолдану арқылы, ертеректе меңгерген әдістерін жетілдіреді. Білім 
алушылардың эксперимент кезіндегі іс-әрекетіндегі жүйелі түрде жүргізілетін мұндай 


282 
жұмыстар, олардың танымдық ізденімпаздығын, ойлауы мен шығармашылық 
қабілеттілігін дамытуғакөмектеседі. Оқу экспериментінің барысында білім алушылардың 
тапсырманы өз бетімен орындауы және белсенді түрде атқаруы – оның мақсаты мен 
міндеттерін толық түсінуінің алғы шарты болып табылады. Егер білім алушы не істеу 
керектігін анық білетін болса, онда экспериментті орындау жолдарын табандылықпен 
іздейді. 
Оқу экспериментінің күрделілік дәрежесін ескере отырып, оларды орындау 
кезінде білім алушыларда қалыптасатын танымдық ізденімпаздықтың деңгейлерін 
анықтауға болады. 
I деңгей. 4-5 сыныптарда дүниетану пәнінде:эксперименттің мақсатын, оның 
мәселелерін 
мұғалім 
айтады; 
эксперименттің 
орындалу 
шарттарын 
оқушы 
ойламайды;экспериментті мұғалім өзі орындайды. Оқушылар қарапайым құралдармен 
жұмыс істей алу ебдейліктерін игереді. Эксперимент қорытындысын мұғалімнің 
жетекшілігімен жасайды.
6 сыныпта биология және география пәндерінде:оқушылар өлшеу нәтижелерін 
жазудың қарапайым әдістерін, өлшеу құралдарымен жұмыс істеу ебдейліктерін игереді.
II деңгей. 7-8 сыныптарда физика және химия пәндерінде:оқушылар 
экспериментті қалай жасауға болатынын ойланады, бірақ оларды өздері анықтай алмайды. 
Олар экспериментте негіз болатын болжауды тұжырымдауды мұғалім сұраған кезде біраз 
қиналады;эксперимент жоспарын оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен құрады немесе 
оны оқытушы дайын күйінде береді;эксперименттің жоспарына сәйкес өлшеулер мен 
есептеулерді оқушылар өздері жүргізеді. Эксперименттер қорытындыларын да олар өздері 
тұжырымдайды. 
III деңгей. 9 сыныпта физика және химия, биология пәндерінде эксперимент 
негізі болатын болжамымен эксперимент мақсатын айтудан басқа, барлық іс-қимылдарды 
оқушылар өздері орындайды. Олардың әрекеті бұл жағдайда қандай да бір деңгейде 
зерттеушілік сипатта болады.
IV деңгей. 10-11 сыныптарда физика және химия, биология пәндерінде 
оқушылар жалпы эксперимент құрылымын түсінеді, оны саналы түрде жүзеге асыруға
тырысады. Олар мыналарды өздері жүзеге асыра алады: 
а) эксперимент негізіне қойылатын болжам мен эксперимент мақсатын айқындау;
ә) болжамға сәйкес экспериментті жасауға қажетті шарттарды анықтау; 
б) экспериментке қажетті құралдар мен материалдарды таңдау; 
в) экспериментті орындау жоспарын жасау және оған сәйкес бақылау, өлшеу және 
есептеу жүргізу; 
г) алынған мәліметтерге талдау жүргізу және эксперимент қорытындыларын айту. 
Бұл жағдайларда білім алушылардың әрекеті көбінесе ізденімпаздық
шығармашылық, зерттеушілік сипатта болады.Зерттеулер көрсеткендей, қарастырып 
өткен танымдық ізденімпаздықтыңқалыптасуының жоғары дәрежесіне жетуге 
жаратылыстану циклындағы физика, биология, география, химия пәндерін оқытуда, 
қалыптастырудың бірдей жолын (оқу эксперименті арқылы) қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет