«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


МОДУЛЬ 2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ



бет3/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Межд.экономика лекция

МОДУЛЬ 2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ


Модульдік бірлік 2.1. Дәріс №1. Халықаралық сауданың классикалық теориялары


Дәріс мақсаты - меркантилизм теориясының мәнін ұғындыру және халықаралық сауданың классикалық теорияларының ерекшеліктерін түсіндіру


Дәріс жоспары:

  1. Халықаралық сауданың ұлттық және халықаралық экономиканың дамуындағы мәнісі.

  2. А.Смиттің абсолютті артықшылық моделі.

  3. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылқтар теориясының дамуы.

Халықаралық сауда - әртүрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы сауда байланыстары. Халықаралық сауда қазіргі әлемде экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Х.с. салыстырмалы әлемнің дамыған елдеріне тәуелді.


Халықаралық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы – дүние жүзілік нарықты құрайды. Ол 16 ғасырда пайда болды.
Дүниежүзілік нарықты 2 аспектіде қарастыруға болады:
1-ден, кеңістік аспектіде;
2-ден, заттық аспектіде.
Халықаралық сауданың түсініктері ұлттық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа өзара байланысынан көруге болады. Ол үшін келесі графикалық кестелерді салуымыз керек.
Осыған орай, 2 елдің арасында бір тауармен халықаралық сауда жасаудың жай үлгісі келесідей шешімдер жасауға мүмкіндік береді:
әлемдік нарықта бір ел импорттайтын, екінші ел экспорттайтын тауарға сұраныс пен ұсыныс тоғысады;
экспорт көлемі осы тауарға деген ұлттық нарықтағы артықшылықпен анықталады, ал импорт көлемі тапшылық көлеміне байланысты;
әлемдік нарықта тепе-теңдік ұлттық бағаларды салыстыру бір елде бұл тауарға деген артық ұсынысты белгілейді, ал басқа елде бұл тауарларға деген артық сұранысты белгілеуге мүмкіндік береді;
әртүрлі елдердің ішкі нарығындағы белгілі бір тауардың мин және мах-ды тепе-теңдік бағалары әлемдік бағаның төменгі және жоғарғы шегін береді. Ол бағамен әлемдік нарықта тауар сатылады.
Халықаралық саудадан пайда бірдей әлемдік бағамен тауарды сатуға негізделген;
Осы тауарға экспорт пен импорт көлемдері мен әлемдік баға деңгейі арасында өзара байланыс және өзара тәуелділік бар;
Тауарлардың халықаралық ағымы автаркия жағдайында салыстырмалы арзан тауарды мемлекеттердің экспорттауға талпыныстан құрылады;
Саулалық кедергілер қою кезінде халықаралық сауда жоқ кездегі 2 елдің ішкі бағалары айырмашылығынан кедергі деңгейі төмен болған уақытта ғана жалғасады.
Халықаралық сауда мәселелерін бірінші теориялық ойлап-табуға талпыныс жасаған меркантелизм доктринасы. Ол 17-18 ғ.ғ. билік етті. Негізін қалаушылар: Т.Мен (Англия), А.Монкретьен (Франция).
Меркантелизмді біз халықараық саудаға қатынасы жағынан қарастырамыз:
1-ден, ол халықарлық сауданың құрылымды теориясын құруға талпыныс жасады;
2-ден, олар халықаралық саудадағы мемлекеттің экономикалық ролін қарастырды;
3-ден, шетелдік тауарлар мен қызметтерді импорттауды шектеу құралдарын қолдануды көздеді.
Меркантелистердің ойы бойынша үкімет тауарлар импортын шектеугке және экспортты ынталандыруға барлық мүмкіндікті шараларды қолдану керек. Бұл кезде тауарларды арзанға сатып алып, қымбатқа сату саясаты қарастырылды. Осы мақсатқа сәйкес елдер метрополия мен колониялы елдерге бөлінді. Бұл мақсатта колония мен метрополия арасында келесідей принциптер орындалу керек болды:
1. сауданы колония тек метрополиямен жасайды, 3-ші елмен сауда жасауға тыйым салынады;
2. колониядан дайын өнім шығыруға тыйым салынады;
3. метрополиядан шикізатты шығаруға тыйым салынады;
4. метрополияда жоқ шикізатты баж салығысыз импорттау.
Меркантелистер төлем балансы теориясының негізін қалады.

2. Абсолютті артықшылық теориясын қалыптастырған А.Смит болды. А.Смит елдің ұлттық байлығы шеткі шығарылған тауарлар мен қызметтерді өндіру мүмкіндігіне байланысты қарастырды. Сондықтанда үкіметтің негізгі тапсырмасы кооперация мен еңбек бөлінісі негізінде өндірісті дамыту шараларын жүргізу болып табылады.


Мемлекеттің экономикға араласпау саясаты мен еркін бәсекені тұжырымдай келе, А.Смит еркін саудаға жол берді. Оның ойынша, абсолютті артықшылық дегеніміз- әрбір ел бір тауарды шет елге қарағанда төмен бағамен өндіруі немесе ұқсас тауарларды өндіріп, айырбастауы.
Абсолютті артықшылық жағдайы 1 ел 2-ші елге қарағанда бір немесе бірнеше тауарларды төмен шығынмен өндірген уақытта ғана жарамды. Экспортқа өндіруге шығындар аз кететін тауарлар шығарылып, импортқа өндіру кезінде шығын көп кететін тауарлар алыну керек.
Шетелде бәсекеқабілетті тауарларды сату арқылы, елде ұлттық өндіріс және жұмыспен қамтуды жоғарылайды, табысы өседі. Абсолютті артықшылық принципі негізінде еркін сауда қортысында ұлт өз байлығын жоғарлатады, қор жинау мүмкінділігі өседі.
Еркін сауда бір жағынан, экспорттың көмегімен ұлттық өндіріс көлемін өсіреді.
2-ші жағынан, ұлттық тұтынуын төмендетеді. Еркін сауда кезінде бәсекесі жоқ өнім өндірушілер зардап шегеді, бірақ жалпы мемлекет деңгейінде бұл саясат өте тиімді.
Абсолютті артықшылық үлгісіне талдау жүргізейік. Екі ел А және В, х және у тауарларын шығарады. Киім мен тамақ, өндіру көлемі нартуралды көрсеткіштермен есептеледі, дана, кг. Әр тауарды өндіру кезінде бір ғана фактор – еңбек қолданылады.
А елінде 1 сағат еңбек шығыны 6 кг х тауарын және 4 дана у тауарын өндіреді. Ал, В елінде шығындалған еңбек бірлігінде 1 кг х тауарын және 5 дана у тауары өндіріледі.
Автаркия жағдайында әр ел өз тауарын ішкі нарықта сатады, сондықтан бұл тауардың бағасы әртүрлі болады. Бұл салыстырмалы бағаны салыстырмалы еңбек шығыны арқылы анықтаймыз.
А елінің бәсеке нарығында 2 тауар бағасы мынаған тең:
РхА = 4/6=0,6у, яғни 1 кг тауарлары 0,6 дана у тауарына тең.
РуА = 6/4=1,5х, яғни 1 дана у тауары 1,5 кг х тауарына тең.
В елінде х және у тауарлары: РхВ = 5/1 =5у; РуВ =1/5=0,2х. Басқа қатынас болуы мүмкін емес.

А және В елдеріндегі х және у тауарларының салыстырмалы бағалары:


Баға


А елі

В елі

Рх
Ру

0,6
1,5

5
0,2

А елі х тауарын шығаруда абсолютті артықшылыққа ие, ал В елі у тауарын өндіргенде абсолютті артықшылыққа ие.
Автаркия бітіп, А және В елдерінің арасында сауда қатынастары пайда болса, онда А елі х тауарын экспортқа шығарып, орнына у тауарын импортқа алады. Яғни, А және В елдері халықаралық сауда процесі кезінде абсолютті артықшылықты басынан өткізеді.
Тауарайналымының арқасында х және у тауарларының әртүрлі ішкі бағасының бірдей әлемдік бағасы шығады. Бұл бағаның жоғарғы және төменгі шегін көрсетуге болады. Х тауарының әлемдік бағасы (РхМ) 0,6-дан 5-ке дейін болуы мүмкін, у тауарының әлемдік бағасы (РуМ) 0,2-ден 1,5-ке дейін болуы мүмкін.
Бұл тауарлардың әлемдік бағасы белгілі бір уақытта мынадай деңгейде болады: РхМ = 3, РуМ =0,8.
Мұндай жағдайда әр ел өзіне халықаралық саудадан пайда түсіреді.
А.Смиттің теориясына сәйкес, еркін сауда мен абсолютті артықшылық негізінде ұлттық өндірісті дамыту әрбір елге тауарын әлемдік бағамен сату арқылы халықаралық саудадан пайда түсіруі.

3. Абсолютті артықшылық теориясын дамыта келе, Д.Рикардо, екі елдің біреуінде бір тауарға абсолютті артықшылық болмаған жағдайда да, халықаралық сауда 2 ел үшінде пайдалы екенін дәлелдеді.


Д.Рикардо салыстармалы артықшылық заңын келесі алғышарттарды қолдана отырып шығарды:
1. Құнның еңбек теориясы;
2. Еркін сауда;
3. Тұрақты өндіріс шығыны;
4. Ел ішінде еңбңктің дамыған икемділігі және елдер арасындағы қатынаста толық икемсіздігі;
5. Техникалық прогрестің болмауы;
6. Көліктік шығындардың болмауы.
Салыстырмалы артықшылық заңының мазмұны мынада: халықаралық сауданың дамуы мен пайда болуының негізі болып тауарларды өндіру тауарларды өндіру шығындарының айырмашылығы табылады. Ол осы шығындардың абсолютті деңгейіне байланыссыз.
Х және у тауарын аламыз. А еліндегі экономикалық жағдай сол қалпында қалады, ал В елінде у тауарының абсолютті артықшылығы өзгереді. В елі А еліне х және у тауарларын тиімді өндіруге жол береді. В елінде х және у тауарларын тұтыну және өндіру мүмкіндігін СВ ДВ сызығы көрсетеді.
Кесте 2.2А және В елдеріндегі х және у тауаурларының салыстырмалы бағалары



Бағасы

А елі

В елі

РХ
РУ

0,6
1,5

1,3
0,75

РХВ =2/1,5=1,3; РУВ =1,5/2=0,75.


А елі х тауарына салыстырмалы артықшылыққа ие, ал В елі у тауарына.
Сауда болмаған кезде А және В елдері өздері өндірген тауарларды қолданады. САДА және СВДВ сызығында болады.
Еркін сауда кезінде А елі х тауарын экспорттап, В елінен у тауарын алады. Тауарлардың әлемдік бағасы: РХМ = 0,8
РУМ =1,1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет