Экономикалық теория және


Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар



бет3/15
Дата12.02.2024
өлшемі74.51 Kb.
#491660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
metod rekom tgu kaz 22-23 (1)

Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар


Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті:

      1. Таңдалған тақырыппен танысып, оның қандай болатынын ойша елестетіп көру.

      2. Әдебиетті, периодикалық басылымдарды толық талқылау.

      3. Баяндалатын материалды нақты және логикалық сипаттау.

      4. Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс.

      5. Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, графиктерді қолданумен жазу.

      6. Орфографиялық және статистикалық қателіктер жібермеу.

      7. Сандық материалды кестелер түрінде рәсімдеу ұсынылады.

      8. Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы тиіс.

      9. Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, жұмысты толықтыру қажет.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:


        • мұқаба (Қосымша 3);

        • жұмыс жоспары (Қосымша 4):

        • кіріспе;

        • негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);

        • қорытынды;

        • қолданылған әдебиеттер тізімі.

Мұқаба


Мұқаба жұмыстың алғашқы парағы болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.
Мұқабада келесі мәліметтер келтіріледі:

Бет парақты курстық жұмыс парақтарының жалпы нөмірленуіне енгізеді. Бет парақта парақ нөмірі қойылмайды.

Жоспар


Жоспар – студенттің ұсынылған әдебиетті қаншалықты талдап, бастыларын таңдағанының маңызды көрсеткіші. Жақсы ойластырылып, құрылған жоспардан көбінесе жұмыстың құрылымы, мазмұны, бөлімдерінің логикалық байланысы тәуелді болады. Жоспар сапасы жұмыс мазмұны мен оның бағалануына айтарлықтай ықпал етеді.
Студент жұмыс жоспарын ғылыми жетекшімен алдын ала келісу
қажет.
Курстық жұмыстың жоспары Кіріспені, барлық тараулардың,
параграфтардың реттік нөмірлері мен атауларын, Қорытындыны, Қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалар (егер болса) тізімін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет