Экономикалық теория және



бет4/15
Дата12.02.2024
өлшемі74.51 Kb.
#491660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
metod rekom tgu kaz 22-23 (1)

Кіріспе


Кіріспеде автор төмендегі пункттерді міндетті ашуы тиіс:

  1. Таңдалған тақырыптың өзектілігі;

  2. Экономикалық ғылымдағы оның өңделу дәрежесі (авторлар мен олардың басты еңбектері келтіріледі);

  3. Жұмысты жазу барысында шешілетін мақсаттар мен мәселелер;

  4. Курстық жұмыстың пәні мен объектісі;

  5. Оны құру логикасы (бөлімдері (параграфтар) бойынша курстық жұмыстың құрылымы).

Жұмыста мәселеден туындайтын зерттеу мақсаттары мен міндеттері нақты анықталуы тиіс. Зерттеу мақсаты қандай да бір
мәселені шешуден тұрады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін нақты мәселелер қойылады.
Тәртіп бойынша, объект – бұл белгілі экономикалық категория немесе жұмыста зерттелетін мәселе. Зерттеу пәні – бұл объектінің белгілі аспектілерінің неғұрлым нақты сипаттамасы. Зерттеу пәні объектке қарағанда неғұрлым тар түсінік болып табылады. Пән объектінің бөлігі, элементі болып табылады. Мысалы, зерттеу объектісі болып ҚР мемлекеттік органдар жүйесі болса, ал пәні болып мемлекеттік органдар танылады.
Кіріспе көлемі 2-3 парақты құрайды.


Негізгі бөлім


Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. Аталмыш бөлім мәселенің теориялық негіздері сипатталып, нақты материал жалпыланып, талданып, статистикалық материалдар мен графикалық мәліметтер келтірілетін курстық жұмыс тақырыбын сипаттайтын 3-4 сұраққа бөлінуі (параграфтар) тиіс. Курстық жұмысты жазу барысында аталмыш мәселе бойынша әрекет етуші көзқарастарды баяндап қана қоймай, сондай-ақ өзінің көзқарасын да баяндауға тырысу қажет. Курстық жұмыста бекітілген жоспарға сәйкес қарастырылатын мәселелердің байланысы мен логикасы орын алуы тиіс.
Негізгі бөлім материалын баяндау логикасы мынадай боуы мүмкін:
Бірінші бөлімде зерттелетін мәселенің теориялық негіздері қарастырылады, анықтамалар келтіріліп, негізгі түсініктерге талдау жасалады, зерттелетін құбылысты дамытудың негізгі қарқындары қарастырылады. Қолданыланы әдебиет көздері мен келтірілетін авторлар көзқарастарына сілтеме жасау керек. Студент мәселені бағалау мен оның мүмкін болатын шешімдерінде өзінің бағдарын көрсетуі керек.
Екінші бөлімде экономикалық құбылыстар жағдайы ашылып, олардың сипаттамасы келтіріліп, статистикалық мәліметтерге талдау жасалуы тиіс.
Үшінші бөлімде қарастырылып отырған экономикалық құбылысқа ықпал ететін факторларға талдау жасалып, қарастырылып отырған мәселені шешу, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірлік интервалды компьютерлік версияда 25-30 парақты немесе қолмен жазылса 40-45 парақты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет