1. Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері.
2. Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы
3. Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі
Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері.
Рыноктық қатынастарға көшу үкіметті аймақтың дамуына жауапкершіліктен босатпайды, бірақ бұрынғы орталықтандырылған жүйемен салыстырғанда, саясаттағы акценттер өзгереді, аймақтық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруда жергілікті билік құқығы кеңейеді.
Республиканың үлкен аумағында саралау тек табиғатты
құрастырушыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуда
да орын алады. Қазақстанның әр аймағы әсіресе, табиғат ресурстарын игеруде, тұрғындардың әр түрлі жиілікпен орналасуы, қала мен ауыл тұрғындары үлесіндегі әртүрлі қатынастар өзінің айқындалған өндірістік мамандануына ие. І
Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамды бөлігі ретінде стратегиялық мақсатқа елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына жету үшін өмірлік қызмет пен шаруашылықтың аймақтық факторларын тиімді пайдалануға бағытталады. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаттары - тұрғындардың өмірлік қызметтері мен әр аймақтың ресурстық-өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану және аумактық өзін-өзі басқаруының даму қағидаларын қалыптастыру.
Аймақтар арасында көптеген көрсеткіштер бойынша – су ресурстары; өнеркәсіптік немесе ауыл шаруашылығы әлеуетіне; табиғи және адам ресурстарын бөлуде өзін-өзі қамтамасыз етуінде үлкен саралау бар.
Еңбекақыны төлеуде айырмашылық сақталуда: 2007 жылы республика аймақтары арасында ең жоғары еңбекақы Атырау облысында тіркелген - бір жұмысшыға 80646 теңге (республикалық орта көрсеткіштен 1,8 есе жоғары) және Маңғыстау облысында 69022 теңге (1,5 есе жоғары). Алматы қаласындағы еңбекақы 68138 теңге (1,5 есе жоғары), Астана қаласында - 63821 теңге
(1,4 есе жоғары). Республика бойынша он екі облыста ортадан
төмен еңбекақы сақгалған. Солтүстік Қазақстан облысында оның
көлемі 30488 теңгені қү-райды, Қостанай облысында - 31697 теңге, Ақмола облысында - 31798 теңге, бұл елдегі орта деңгейден 30-33 пайызға төмен.
Алдын ала келісілген объективті айырмашылықгардан шығара отырып, Қазақстан аймақтары төрт топқа бөлінеді:
Бірінші топ: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бір бөлігі. Бұл аймақтар минералды ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы (негізінен көмір сутекті) және әлемдік шаруашылыққа жылдам қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті қарқынды дамудағы ғылыми-өндірістік әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз құрылымы бар.
Бұл топтардың басымдылығы - стратегиялық бай жер қойнауын (көмірсутегі), сондай-ақ шикізаттың басқа түрлерін (хромиттер, калий тұзы, бораттар, никель, кобальт және т.б.) қарқынды игеруде; кен шығарудың базасында және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу кешенінде жаңа технологияларды енгізу; жоғары дамыған өндірісті, әлеуметтік және рыноктық инфрақұрылымды құру.
Екінші топ - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр индустрияның айқын көрінетін мамандандырылған салалары бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты өндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетімен сипатталады.
Топтардың басымдылық санатында — ғылымды қажетсінетін жаңа өнімдерді, электр құралдарын, ақпараттықты, автокөлік құрылысын (Павлодар және Қарағанды облысы); жаңа композитті, тазалығы жоғары, жоғары өткізгіш материалдарды (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары); лазерлік технологияны дамыту, автоматты басқару жүйесі мен приборларды (құралдарды) Солтүстік Қазақстан облысы) шығаруды ұйымдастыру.
Үшінші топтар — Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде танылған.
Үшінші топтағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттары - әр түрлі бағыттағы меншік нысанын реформалау бағытының жалғасы; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тиімді мамандандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |