Элективті пәндер каталогы


Салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау



бет10/13
Дата03.07.2016
өлшемі490.5 Kb.
#173960
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Алдағы үш жылға арналған орта мерзімді фискалдық саясат және республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді даму жоспарының негізінде бюджетті жоспарлау бойынша органдарымен бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерді жобалаудың ерекшелігін оқу. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен және басқа да заңдық – құқықтық нормалар негізінде алдағы уақытқа бюджеттің түсімдері жобаланады.

Қысқаша мазмұны: Салықтық және салықтық емес түсімдерді болжамдау процесінің мәні мен мазмұны, оның міндеттері мен әдістері қарастырылады. Сонымен қатар салықтардың негізгі түрлері бойынша (жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы, қосылған құнға салық, әлеуметтік салық, көлік құралдарына салық, әлеуметтік салық, мүлікке салық) болжамдауды есептеу тәртібі қарастырылады.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Нарықтық қатынастар жағдайындағы үлкен мәнге ие және мемлекеттің экономикасын басқарудағы және дамытудағы оның орнын анықтайтын салықтық жоспарлау мен жобалаудың жүйесін білу.

Икемділік: Салықтық жобалау аясында және салықтық және салықтық емес түсімдерді жоспарлау мен жобалаудағы салықтық әдістерді пайдалану кезеңінде нақтыланған міндеттерді қоя білу.

Дағды: Салықтық және салықтық емес түсімдерді өсірудің тенденциясын құруда, әр түрлі функцияларды іске асыру және әр түрлі мемлекеттік міндеттерді шешудегі түсімдерді жоспарлау аясындағы дағдының болуы.

Құзіреттілігі: ҚР бюджетінің салықтық түсімдерінің динамикасын және құрылымын талдау, салықтық тұсімдерді жоспарлау әдістері және қағидаларын оқудағы базалық білімді көрсету және салықтық және салықтық емес түсімдерді жоспарлаудың тиімді жүйесін құру.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар А.К. Ибраева, И.С. Жұртыбаева.

19

KI 0319

Қазынашылық іс


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Қазақстан Республикасының бюджеттік процесіндегі, қазынашылық жүйесінің мемлекеттік органдарының рөлі мен қызмет ету ерекшелігін және қазынашылық органдар қызметінің мазмұны мен ерекшелігін зерттеу.

Қысқаша мазмұны: Қазақстанның мемлекеттік қаржылық органдар жүйесінде қазынашылық ерекше орын алады. Бюджеттік процестегі қазынашылық жүйе органдарының рөлін түсінуге тек олардың қызмет етуінің теориялық негізін зерттеу негізінде жетеді. Бюджеттік процесте қазынашылықтың рөлі, оның ұйымдастырушылық құрылымы қарастырылады, кірістер мен шығыстар бойынша ҚР мемлекеттік бюджет және облыстық бюджеттердің қазыналық орындалуының реті зерттеледі, мемлекеттік келісім шарттармен бақылауда қазынашылықтың рөлі анықталады. Бюджеттің орындалуындағы формасындағы қарастырылған негізгі элементтер, құқықтық негізінің сипаттамасы, қазынашылық органдармен мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын ұйымдастыру мәселелері, қазынашылық органдар арқылы бюджеттік қаражаттарды бөлушілер мен алушыларға дейін бюджеттік ассигнациялау және бюджеттік міндеттемелер лимитін анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ерекшелігі анықталады.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Мемлекеттік мақсатты бағдарламалардың орындалу жүйесін, облыстық деңгейде бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және қазынашылық органдар бюджеттің орындалу туралы есебін қалыптастыру, мемлекеттік сатып алуда реестрді жүргізуде қазынашылдықтың рөлін біледі.

Икемділік: Қазынашылық органдар бюджеттің орындалу туралы есебін қалыптастыру, мемлекеттік сатып алуда реестрді жүргізу, ҚР-дағы әртүрлі деңгейлердегі бюджеттің орындалуын ұйымдастыру, кірістер мен шығыстар бойынша ҚР бюджетінің орындалуының негізгі кезеңдері саласындағы білімді қолдана алады.

Дағды: Қазынашылық органдардағы бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және ҚР бюджеттің орындалу нәтижесі туралы есептілікті қалыптасытыру негізі саласындағы дағдылары болады.

Құзіреттілігі: Кірістер мен шығыстар бойынша ҚР бюджетінің Қазынашылық орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік келісім шарттарды бақылау жүйесінде қазынашылықтың орнын анықтау саласындағы базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Ибраева А.К.


20

KB 0320

Қаржылық бақылау


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Қаржылық бақылаудың теориялық негіздерін, құрылымын оқу және қаржы жүйесінің барлық облысында практикалық тұрғыда қаржылық бақылау әдістерін қолдану.

Қысқаша мазмұны: Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы қаржылық бақылау, қаржылық талдау және мемлекеттік бюджет, салық салу негіздерімен оның байланысы. Нарықтық экономика жағдайындағы қаржылық бақылаудың ролі: пайдаланылатын ресурстардың сақталуын қамту, қаржылық бақылауды ұйымдастыру тәртібін меңгеру; қаржылық бақылаудың әдістері мен түрлері; тексеруді ұйымдастыру, түрлері.


Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қаржылық бақылаудың қызмет ету жүйесін білу, экономиканың барлық саласында қаржылық бақылаудың әдістері мен құралдарын пайдаланудың ерекшеліктері, қаржылық бақылаудың қазіргі түрлерін құру және тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.

Икемділік: Мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорынның, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі процесіндегі орын алған бұзушылықтарды алдын алу, айқындау бойынша нақты міндеттерді қоя білу.

Дағды: Қаржылық есеп беруге талдау және қаржылық бақылаудың әдістері мен түрлерін пайдалану дағдысының болуы.

Құзіреттілігі: Қаржылық жүйені бақылау облысндағы базалық білімді көрсету, практикада білімін көрсете білу, қаржылық бақылаудың қазіргі әдістерін тиімді қолана білу дағдысының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет