Электр қауіпсіздігі Жоспар


Істегі электр қондырғылардағы жұмыс істейтін қызметкерлерге қойылатын талаптар



бет15/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
f61dbbe17d5d170

2 Істегі электр қондырғылардағы жұмыс істейтін қызметкерлерге қойылатын талаптар
Электр қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру негізі болып, оларды жоғарғы білікті қызметкер қызмет көрсетуін қамтамасыз ету табылады.
Электр қауіпсіздігі (ЭҚ) бойынша бес квалификациялық топ орнатылған.
I топ негізінен электротехникалық қызметтегі тұлғаға беріледі, мысалы, электротехнологиялық қондырғыларға (электр пештері, жоғарғы жиілікті қондырғылар) қызмет көрсететіндерге, электр аспаптармен жұмыс істейтіндерге, автомашиналар жүргізушілерге, көмекші және құрылыс жұмысшыларына, краншыларға, жүк көтеретін механизмдермен жұмыс істейтіндерге.
Бірақ ешқандай төлқұжат берілмейді. Бұл топтың тұлғалары электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету ережелерін білуі тиіс.
Жұмыс орнымен таныстырып және білімі тексеріліп, жұмыс орнында кіріспе нұсқаудан кейін I – топ беріледі. Бұл жөнінде тексерушінің қолымен жұрналда белгі жасалады.
II топ. Бұл топтың тұлғалары қондырғымен қарапайым техникалық таныс болуы керек, ток жүретін бөліктерге жақындағанда электр тогымен зақымданудың қауіптілігін айқын білуі, электр қондырғыларда жұмыс кезінде қауіпсіздіктің негізгі шараларын білу, алғашқы көмек көрсетуді игеруі керек.
Арнайы орташа және жоғары техникалық білімді тұлғалар үшін, сонымен бірге институттар, колледждер практиканттарына жұмыс стажы нормаланбайды, ал орта білімді және олсыз да, бірақ арнайы оқудан өткен электр қондырғыларда ең аз жұмыс стажы 1 айдан кем емес, электр техникалық қызметкерлер үшін II топ арнайы квалификациялық комиссиямен беріледі.
III топ. Бұл топ тұлғалары электр қондырғылардың құрылымын білуі керек және оларға қызмет көрсете алатындай болу, электр қондырғыларда жұмыс кезінде қауіптілігін айқындай, жалпы техникалық қауіпсіздік ережелерін, 1000 В дейінгі кернеудегі электр қондырғыларда жұмысқа рұсат ету ережелерін , кейбір жұмыс түрлері бойынша істейтін тұлғаның міндетіне кіретін техника қауіпсіздігінің арнайы ережелерін, электр қондырғыларда жұмыс істейтіндерге бақылау жасай, сонымен бірге алғашқы көмек көрсете білуі керек.
Арнайы квалификациялық комиссиямен 4 – 5 разрядты электр монтерлерге және электр слесарларға, электр монтажниктерге, техник – наладчиктерге беріледі.
IVтоп. Бұл топтың тұлғалары білуге тиісті: электр қондырғыларда жұмыс істеген кезде қауіптілікті толық айқындай алу, ПТЕ және ҚТЕ толық білу, қондырғыны жетік білу арқылы жұмыс өндірісі үшін қандай элементтер қосылу керек екенін анықтау, барлық элементтерді толық табу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша керекті шаралардың орындалуын тексеру, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша керекті шаралардың орындалуын тексеру, жұмыстың қауіпсіз өтуін ұйымдастыра білу және 1000 В дейінгі кернеудегі электр қондырғыларда оларға бақылау жүргізу; өз бөлімшесінің жабдығы мен сызбасын білу, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсете білу.
Жұмыс стажы білімі мен арнайы оқуына байланысты 2 ден 12 айға дейін. Арнайы квалификациялық комиссиямен беріледі.
V топ ЭҚ бойынша жұмыскерден өте толық және нақты білімді, сонымен бірге өз бөлімшесінің жабдығы мен сызбасын білуді талап етеді.
Бұл тобы бар шеберлер, жұмыс өндірушілер, білікті инженерлер – наладчиктер, өздері керекті білім мен біліктілікті игеріп қана қоймай, сонымен қатар қауіпсіз жұмыс өндірісін ұйымдастыра білу, ТҚ ережелеріне басқа топ қызметкерлерін үйрету.
18 жасқа толмаған тұлғалар электр қондырғыларда жұмыс істеуге рұқсат етілмейтінін атап кету керек. Дәрігерлік куәландырудан өтпеген тұлғалар олар да электр қондырғыларда қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет