Бақылау сұрақтары.
1. Қадам кернеуі-бұл бір-бірінен қандай қашықтықта болатын, олардың үстінде бір мезгілде адам тұрған ток тізбегінің екі нүктесі арасындағы кернеу?
2. Адамның ішкі ағзасының кедергісі толығымен құрайды?
3. 50 Гц ауыспалы ток кезінде есептік мән ретінде адам денесінің кедергісін ... тең деп алады?
4. 100 мА ауыспалы электр тогының адамға қауіпсіз әсер ету ұзақтығы?
4 дәріс. Электр тогымен зақымданудан қорғау
Жоспар:
1) Қорғаныс шараларының жіктелімі.
2) Электр тогымен зақымданудан қорғанудың негізгі техникалық құралдары.
1 Қорғаныс шараларының жіктелімі. Қорғаныс түрлері
Электр қондырғыларға қызмет көрсеткенде және жұмысының тұрақтылығы кезінде, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электр қондырғыларға қызмет етуде техникалық ережелерді дәл сақтау және электр жарақаттарынан қорғану бойынша іс-шараларды өткізу керек.
Қорғаныс құралдары ток жүретін бөліктермен адам денесі арқылы өтетін токты азайту үшін немесе керек кезінде жұмыстағы кернеуде болғанда істеуге арналған. Бұл азайуға екі тәсілдің біреуімен жетуге болады: жанасу кернеуі қауіпсіз мәнге дейін азаяды немесе нөлге тең болады.
2 Электр тогымен зақымданудан қорғанудың техникалық құралдары
Қазіргі кезде келесі құралдар өте кеңінен тараған: қорғағыш жерлендіру; нөлдеу; қорғағыш ажырату; желілерді бөліп қорғау; аз кернеуді қолдану; оқшаулағышты қолдану; кездейсоқ жанасудан қорғау; оқшаулайтын қорғағыш құралдар.
Электр қондырғыларды пайдалану кезінде сол немесе басқа техникалық құралдардың нақты түрін пайдалану керектігі электр қондырғылардың құрылымдарының ережелерінде және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану ережелерінде көрсетілген.
2.1 Қорғағыш жерлендіру-бұл кернеуде болып қалуы мүмкін ток жүрмейтін металл бөліктерді жермен әдейілеп қосу
Ол электр қондырғының корпусқа түйісу салдарынан кернеуде болып қалатын корпусқа және басқада металл ток жүрмейтін бөліктерге жанасу жағдайында электр тогынан қорғайды. Электр машиналарының және трансформаторлардың, аппараттардың және басқару шкафтардың, шамшырақтардың, каркастардың, бөлгіш щиттердің корпустары, кабель құрастырмалар және қосқыш муфталар, трубалар, электр сымдар және т.б. жерлендіруге жатады. Қорғағыш жерлендірудің мағынасы барлық осы металл құрастырмалар адам денесінің кедергісінен бірнеше есе аз кедергі арқылы жермен қосылады да, токтың негізгі бөлігі жер арқылы өтіп, ал жанасу кернеуі қауіпсіз мәнге дейін төмендейді.
Егерде корпус жерленген болса, онда адам денесі және жерлендіргіш жалпы ток үшін I0 жерге тогыстырылған Rч және Rз кедергілі тармақтар параллель қосылған болады (4.1,б суретті қара). Оқшаулағыштың белсенді кедергісімен жалпы ток I0 толық анықталады. Ол, олардың кедергілеріне кері пропорционал екі параллель тармақтар бойынша таралады, 4.2 - суретте көрініп тұрғандай, жерлендіргіш құрылғы үш элементтен жерлендіргіштен, жерлендіргіш магистралдан және жерлендіргіш сымдардан тұрады.
а – жанасу сызбасы; б – эквивалентті сызба. 1 –жерлендіргіштер;
2 жерлендіру магистралы;
3 – жерлендіргіш өткізгіштер.
4.1 сурет - Қорғағыш жерлендіру 4.2 сурет - Жерлендіргіш құрылғы
Жерлендіру ток жүрмейтін бөліктердің жерлендіргіштермен жерлендіргіш өткізгіштер көмегімен іске асады. Жерлендіргіштің және жерлендіргіш сымдардың жиынтығы жерлендіргіш құрылғы деп аталады. Жерлендіргіштер табиғи және жасанды болады.
Табиғи жерлендіргіштер ретінде мыналар пайдаланылады:
-жерге жүргізілген, жануға және жарылуға қауіптілерден басқа, су құбырлары мен әр түрлі сұйықтықтар мен газдардың металл трубалары;
-ғимараттар мен үйлердің жермен жанасып жатқан темір-бетон құрастырмалары;
-жермен жүргізілген кабельдердің қорғасын қабыршақтары;
-электрленбеген темір жол магистральдарының рельс жолдары, дәліз жолдары және т.б.
Жасанды жерлендіргіштер үшін әдетте тік және жазық электродтар қолданылады. Тік электродтар (жерлендіргіштер) ретінде болат трубалар және шыбықтар, сонымен бірге ұзындығы 2,5...3м кем емес бұрышты болат пайдаланылады. Жерге енгізілген тік электродтардың жоғарғы ұштарын болат жолақтармен пісіргіштің көмегімен қосады: жерлендіргіш контур деп аталатын контур пайда болады. Жасанды жерлендіргіштер үшін қолданылатын болат трубалардың диаметрі 25-60 мм, ұзындығы 2,5-3,0 м, қабырғаларының ең аз қалыңдығы 3,5мм болуы керек, 1000В дейінгі кернеудегі оқшауланған және жерленген бейтарапты ауыспалы токты электр қондырғыларда жерлендіргіш құрылғының кедергісі 4 Ом аспауы керек, 1000В жоғары кернеулі оқшауланған бейтарапты желістерде жерлендіргіш құрылғының кедергісі 10 Ом аспауы керек, 1000В жоғары кернеулі және жерленген бейтарапты желістерде жерлендіргіш құрылғының кедергісі 0,5 Ом аспауы керек.
Өндірістік бөлмелерде екі немесе одан да тармақты жерлендіргіш өткізгіштер жерлендіру магистралын құрайды. Жерлендіру магистралына жерлендіргіш жабдықты қосу жеке сымдармен жүргізіледі. Жерлендірілетін корпустарды тізбектей қосу рұқсат етілмейді (4.3 суретті қара).
а – дұрыс; б – дұрыс емес.
4.3 сурет - Жерлендіру магистралына жерлендіретін жабдықты қосу
Достарыңызбен бөлісу: |