3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Сәйкестігі туралы өтініш
Бұл шоғырландырылған қаржылық есептеме Қаржылық есептеменің халықаралық стандартына («ҚЕХС») сәйкес дайындалды.
Ұсыну негіздері
Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесі, қаржы құралдарын қайта бағалауды қоспағанда, тарихи құн қағидасы негізінде дайындалған.
Шоғырландыру қағидалары
Шоғырландырылған қаржылық есептемеге Компанияның және Компания жанама немесе тікелей бақылайтын еншілес мекемелерінің есептемесі кіреді. Бақылауға Компанияда инвестицияланатын кәсіпорынның қызметінен пайда алу мақсатында оның қаржылық және операциялық саясатына әсер ету құқығы болған жағдайда қол жеткізіледі.
Қажет жағдайда еншілес мекемелердің қаржылық есептемесі олардың есепке алу саясатын Топтың басқа мүшелері қолданатын есепке алу саясатына сәйкес келтіру үшін түзетіледі. Еншілес мекемелерді сатып алған кезде оның активтері мен міндеттемелері сатып алу күніне қарай әділ құны бойынша бағаланады. Азшылықтың үлесі активтер мен міндеттемелердің танылған әділ құнына шамалас көрсетіледі. Бір жыл ішіндегі сатып алынған немесе сатылған еншілес мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері нақты сатып алу күнінен бастап немесе нақты істен шығуы күніне дейін пайдалар мен табыстар туралы шоғырландырылған есепке қосылады.
Барлық елеулі топ ішілік операциялар, операциялар бойынша қалдықтар мен іске асырылмаған табыстар (залалдар) шоғырландыру кезінде алынып тасталады.
Шетел валютасындағы операциялар
Бұл шоғырландырылған қаржылық есептеме Топтың функционалдық валютасы мен шоғырландырылған қаржылық есептемені ұсыну валютасы болып табылатын қазақстандық теңгеде («теңге») берілген.
Шоғырландырылған қаржылық есептемені дайындаған кезде Топтың функционалдық валютасы теңгеден ерекшеленетін валюталардағы операциялар шоғырландырылған қаржылық есептемені дайындаған кезде операцияларды жүргізген күнгі айырбастау бағамы бойынша есепке алынады. Әр есептік күнге шетел валютасында берілген ақшалай баптар бухгалтерлік теңгерімнің күніндегі бағам бойынша аударылады. Әділ құн бойынша есепке алынатын ақша емес баптар әділ құны анықталған күнгі бағам бойынша қайтадан аударылады. Шетел валютасында тарихи құны бойынша бағаланатын ақша емес баптар аударылмайды.
Мыналардан басқалары бағамдық айырмашылықтар пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есептемеде өздері пайда болатын кезеңде танылады:
-
өндірісте алдағы уақытта қолдану үшін аяқталмаған активтерге жататын, аталған активтердің өзіндік құнына енгізілген, онда шетел валютасындағы заемдар бойынша пайыздарда шығындарды түзету ретінде қаралатын бағамдық айырмашылық;
-
белгілі бір валюталық тәуекелдерді хеджирлеу үшін жасалған мәмілелер бойынша бағамдық айырмашылықтар; және
-
есептеу жоспарланбайтын не болмаса екіталай болып саналатын, шетел компаниясына салынатын аталған таза инвестицияның бөлігін құрайтын және шетел валютасындағы операциялар бойынша бағамдық айырмашылық резервінде танылатын және таза инвестицияның істен шығуы бойынша пайдалар немесе залалдар туралы шоғырландырылған есепте танылатын, шетел компаниясы алатын немесе төлейтін ақша баптары бойынша бағамдық айырмашылықтар.
Негізгі құралдар
1997 жылы ҰЭТ-дан қабылданған негізгі құралдар оларды табыс ету күніндегі осы активтердің теңгерімдік құны негізінде шоғырландырылған қаржылық есептемеде көрсетіледі. Топ құрылған күннен кейін сатып алынған негізгі құралдар жинақталған тозуды және құнсызданудан жиналып қалған залалды алып тастағандағы тарихи құны бойынша есепке алынады.
Топтың өзі тұрғызған негізгі құралдардың құнына материалдардың құны, еңбек ақы төлеу бойынша тікелей шығындар мен өндірістік қосымша үстеме шығыстардың тиісті бөлігі кіреді. Пайыздар төменде көрсетілген заемдар мен заемдар бойынша шығыстарға қатысты есепке алу саясатына сәйкес капиталдандырылады. Негізгі құралдарға пайдалы қызметтің әр түрлі мерзімдері бар елеулі компоненттер кіретін жағдайда олар бөлек негізгі құралдар ретінде көрсетіледі.
Аяқталмаған құрылысқа құнсызданудан болған залалдарды алып тастағанда, құрылыс барысында көтерген тікелей айнымалы қосымша үстеме шығыстарды тиісінше бөлуді қоса алғанда, негізгі құралдардың құрылысына тікелей байланысты шығындар кіреді. Басқа да негізгі құралдарға ұқсас осындай активтер бойынша тозуды есептеу оларды пайдалануға енгізген сәттен басталады.
Капиталдандырылған шығындарға активтердің пайдалы қызмет мерзімдерін ұзартатын немесе оларды пайдаланған кезде экономикалық пайда әкелетін олардың қабілеттерін арттыратын жақсарту және ауыстыру жөніндегі негізгі шығыстар кіреді. Капиталдандырудың төменде көрсетілген өлшемдеріне сәйкес келмейтін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі шығыстар пайда болуы шамасына қарай пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте көрініс табады.
Тозу жекелеген активтердің күтілетін пайдалы қызмет мерзімі барысында теңдей тізімнен шығару әдісі бойынша пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте есептеледі және көрсетіледі. Тозу активтерді сатып алған сәттен бастап немесе Топтың өзі салған активтерге қатысты, құрылыс аяқталған сәттен және активтерді пайдалана бастаған сәттен бастап есептеледі. Жерге және техникалық әдебиетке тозулар есептелмейді. Тозу активтердің пайдалы қызметінің мынадай орташа мерзімдері бойынша есептеледі:
|
2008
|
2009
|
Ғимараттар мен үймереттер
|
|
|
Ғимараттар
|
60 жыл
|
60 жыл
|
Үймереттер
|
30 жыл
|
30 жыл
|
Жеңіл жинақталатын үймереттер
|
10 жыл
|
10 жыл
|
Машиналар мен жабдықтар:
|
|
|
Электр жеткізу желісі
|
50 жыл
|
50 жыл
|
Басқа да жеткізетін жабдықтар
|
20 жыл
|
20 жыл
|
Қосалқы станциялардың жабдықтары
|
12-30 жыл
|
12-30 жыл
|
Басқа да машиналар мен жабдықтар
|
3-25 жыл
|
3-25 жыл
|
Көлік және басқа да негізгі құралдар:
|
|
|
Көлік құралдары
|
11 жыл
|
11 жыл
|
Басқа да негізгі құралдар
|
3-15 жыл
|
3-25 жыл
|
Кеңсе жабдығы пен есептеу техникасы:
|
|
|
Компьютерлер мен деректерді өңдеу жөніндегі басқа да жабдық
|
4-10 жыл
|
4-10 жыл
|
Интерьер мен шаруашылық мақсатындағы заттар
|
7 жыл
|
5-7 жыл
|
Пайдалы қызметтің болжамдалған мерзімі мен тозуды есептеу әдісі әр жылдық есептік кезеңнің соңында бағаланады және бағалаудағы кез-келген өзгерістер перспективалық негізде есепке алынады (5-ескертуді қараңыз).
Активтерді сатудан немесе сыртқа шығуынан болған пайдалар немесе залалдар сатудан болған түсім мен активтің ағымдағы құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте танылады.
Бейматериалдық активтер
Бейматериалдық активтер бастапқыда жинақталған амортизацияларды және құнсызданудан болған жинақталған залалдарды шегергенде өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Өтелім техникалық мамандар анықтайтын және ұзақ мерзімді активтерді қабылдау-тізімнен шығару жөніндегі комиссия бекітетін бұл активтердің пайдалы қызметінің болжамды мерзімінің барысында тура әдіс бойынша есептеледі.
Негізгі құралдардың және бейматериалдық активтердің құнсыздануы
Шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерім жасалған күнге Топ негізгі құралдардың және бейматериалдық активтердің ағымдағы құнының құнсыздану мүмкіндігін көрсететін кез-келген белгілерді бағалайды. Осындай кез-келген белгі анықталған жағдайда құнсызданудан болған залалды анықтау үшін активтердің өтелетін сомасына бағалау жүргізіледі (егер осындайлар орын алған болса). Егер жекелеген актив үшін өтелетін соманы бағалау мүмкін болмаған жағдайда Топ актив тиесілі болатын өндіргіш бірліктің өтеу сомасын анықтайды. Бөлу үшін ақылға қонымды және бірізді негіз анықталуы мүмкін жағайда корпоративтік активтер осылайша жекелеген өндіруші бірліктерге бөлінеді немесе қарсы болған жағдайда олар бөлу үшін ақылға қонымды және бірізді негіз анықталуы мүмкін өндіруші бірліктердің аса шағын тобына бөлінеді.
Өтелетін сома өз алдына сату бойынша және тұтыну құны бойынша шығындарды шегерумен әділ құнының аса көп мәнін білдіреді. Тұтыну құнын бағалаған кезде ақша қаражаттарының бағаланған алдағы қозғалысы, ақша қозғалысының алдағы қозғалысын бағалау түзетілмеген болып табылатын активтерге тән тәуекел мен ақшаның уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін салыққа дейінгі дисконт мөлшерлемесін пайдалана отырып, оның ағымдағы құнына дейін дисконтталады.
Егер активтің (немесе өндіруші бірліктің) өтелетін сомасы оның ағымдағы құнынан аздау болса, онда активтің (немесе өндіруші бірліктің) ағымдағы құны активтің өтелетін сомасына дейін азаяды. Құнсызданудан болған залал тиісті актив (жер, ғимарат, инвестициялық жылжымайтын мүліктен басқасы немесе жабдық) қайта бағаланған құны бойынша есепке алынған уақыттағы жағдайды қоспағанда шығыс ретінде тез арада танылады. Бұл жағдайда құнсызданудан болған залал қайта бағалау бойынша тиісті резервтің азаюы ретінде көрсетіледі.
Құнсызданудан болған залал соңында түзетілген уақытта активтің (немесе өндіруші бірліктің) ағымдағы құны оның өтелетін сомасының қайта қаралған бағасына дейін, бірақ егер құнсызданудан болған залалдар өткен жылдары актив (немесе өндіруші бірлік) бойынша танылмаған болса, арттырылған ағымдағы сома анықталатын ағымдағы құннан аспайтындай түрде артады. Құнсызданудан болған залалдарды түзету, тек қана егер тиісті актив қайта бағаланған құн бойынша есепке алынбайтын болса, пайдалар мен залалдарда тез арада танылады. Бұл жағдайда құнсызданудан болған залалды түзету қайта бағалау нәтижесіндегі артуы ретінде есепке алынады.
Қауымдастырылған компанияларға инвестициялар
Қауымдастырылған компания – бұл Топ елеулі ықпал ететін, бірақ еншілес компания немесе бірлескен кәсіпорын болып табылмайтын компания. Елеулі әсер ету – бұл инвестицияланатын қаржылық және операциялық саясаты бойынша шешімдерге қатысу мүмкіндігі, бірақ өз алдына қаржылық және операциялық саясатты бақылауды білдірмейді.
Қауымдастырылған компаниялардың активтері мен міндеттемелері аталған шоғырландырылған қаржылық есептемеде үлестік қатысу әдісі бойынша танылады. Үлестік қатысу әдісіне сай қауымдастырылған компанияларға инвестициялар шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде жеке инвестициялар құнының құнсыздануын шегерумен қауымдастырылған компаниялардың таза активтеріндегі Топтың үлестік қатысуындағы сатып алудан кейін өзгеріске қарай түзетілген бастапқы құн бойынша есепке алынады. Қауымдастырылған компаниялардың Топтың қауымдастырылған компаниялардағы үлесінен асатын залалдары (мәнінде Топтың қауымдастырылған компанияға таза инвестицияларының бөлігі болып табылатын ұзақ мерзімді пайыздық үстемені қоса алғанда), тек қана егер Топ өзіне заңды міндеттемелерді немесе тәжірибеден туындаған міндеттемелерді қабылдаған болса немесе қауымдастырылған компаниялардың мүддесінде төлемдер жүргізген жағдайда ғана танылады.
Сатып алу сәтінде қауымдастырылған компанияның бірдейлендірілген активтері мен міндеттемелерінің таза әділ құнында Топтың үлесінен инвестицияның құнының кез-келген артуы гудвилл ретінде танылады. Гудвилл инвестицияның ағымдағы құнына енеді және инвестицияның бөлігі бола отырып, құнсыздануға бағаланады. Бірдейлендірілетін активтер мен міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің таза әділ бағаларындағы Топтың үлесінің қайта бағалаудан кейінгі сатып алуға бөлінген шығындардан артуы тікелей пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте танылады.
Топ қауымдастырылған компаниямен операция жүргізетін жағдайларда, іске асырылмаған табыстар мен залалдар табыс етілген активтің құнсыздануы туралы куәлендірген жағдайларды есепке алмағанда, іске асыралмаған табыстар мен залалдар Топтың тиісті қауымдастырылған компаниядағы үлесі шегінде алып тасталады.
Тауарлы-материалдық қорлар
Тауарлы-материалдық қорлар өзіндік құнынан және сатудың таза құнынан өте аз мән бойынша көрсетіледі. Өзіндік құнға материалдарға, кедендік алымдарға, көлік шығыстарына және тиеу-босату жұмыстарына бөлінген шығындар кіреді. Қорлардың өзіндік құны ФИФО әдісі негізінде анықталады. Сатудың таза құны аяқтауға, маркетингке, сатуға және тауарды жеткізуге байланысты барлық болжамдалған шығындарды шегерумен сатудың мүмкін болатын құнын бағалауға негізделген.
Қаржылық активтер
Қаржылық активтер мына санаттарға жіктеледі: пайдалар немесе залалдар («FVTPL») арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржылық активтер, өтеуге дейін ұсталып қалатын инвестициялар, сату үшін қолда бар қаржылық активтер («AFS») және «заемдар мен дебиторлық берешек». Жіктеу қаржы құралдарының сипаттамасы мен мақсатына байланысты және бастапқы мойындау сәтінде анықталады.
Инвестициялар
Инвестициялар инвестицияны сатып алу немесе сату келісім-шартқа сәйкес жүргізілген, қайсысының шарттары инвестицияны тиісті нарықпен белгіленген мерзімде ұсынуды талап ететін және бастапқыда әділ құны бойынша көрсетілетін, пайдалар немесе залалдар арқылы әділ құны бойынша есепке алынатындай жіктелген қаржылық активтерден басқа, мәмілелерді жүргізуге тікелей қолданылатын шығындарды қоса алғанда бастапқыда әділ құны бойынша танылатын сауда-саттық операциясы жүргізілетін күнге көрсетіледі және көрсетілуін тоқтатады.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі – бұл қаржылық активтің өтелім құнын есептеу және тиісті кезең ішінде пайыздық табыстарды бөлу әдісі. Тиімді пайыздық мөлшерлеме – бұл қаржылық активтің күтілетін мерзімінен немесе, егер қолдануға болатын болса, өте қысқа мерзімінен кейін ықтимал күтілетін ақша түсімін (тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігін құрайтын, төленетін немесе алынатын барлық комиссияларды қоса алғанда) дәл дисконттайды.
Табыс FVTPL ретінде анықталған қаржылық активтерден басқа қарыз құралдары бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеме негізінде танылады.
FVTPL ретінде есепке алынатын қаржылық активтер
Қаржылық активтер қаржылық актив сауда үшін тағайындалған не болмаса FVTPL ретінде анықталған уақытта FVTPL түрінде жіктеледі.
Қаржылық активтер сауда үшін тағайындалған ретінде жіктеледі, егер:
-
ол негізінен жуық арадағы болашақта сату мақсаты үшін сатып алынған болса; немесе
-
Топ бірге ұстап қалатын және қысқа мерзімді пайда алу тенденциясы бар қаржы құралдарының белгілі бір қоржынының бөлігі болып табылады; немесе
-
хеджирлеу құралы ретінде тиімді емес және анықталмаған туынды құрал болып табылса.
Сауда үшін тағайындалған ретінде жіктелген қаржылық активтерден басқа қаржылық актив бастапқы тану кезінде FVTPL ретінде анықталуы мүмкін, егер:
-
осындай тану бағалаудың немесе танудың қарсы жағдайда пайда болуы мүмкін тиянақсыздығын болдырмайтын немесе елеулі түрде азайтатын болса; немесе
-
қаржылық актив қаржылық активтердің немесе қаржылық міндеттемелердің немесе екеуісінің де басқарылатын және өнімділігі Топтың тәуекелдері мен инвестицияларын басқару стратегиясына сәйкес әділ құны негізінде бағаланатын тобының бөлігін құрайды және топтардың құрылуы туралы ақпарат іштей осы негізде ұсынылатын болса; немесе
-
бір немесе одан да көп кіріктірілген туынды құралдардан тұратын келісім-шарттың бөлігін құрайды және БЕХС 39 (Қаржы құралдары: тану және бағалау» бүкіл құрамдастырылған келісім-шартты (актив немесе міндеттеме) FVTPL ретінде анықтауға рұқсат етеді.
FVTPL қаржылық активтері кез-келген пайдаларды немесе залалдарды пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте танумен әділ құны бойынша есепке алынады. Пайдаларда немесе залалдарда танылған таза пайдаларға немесе залалдарға қаржылық актив бойынша алынған кез-келген дивидендтер немесе пайыздар кіреді.
Өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестициялар
Топтың жақсы ниеті мен өтеуге дейін ұстап тұратын қабілеті бар, тіркелген немесе анықталған төлемдері мен тіркелген өтеу күні бар векселдер мен борыштық міндеттемелер өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестиция ретінде жіктеледі. Өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестициялар табысты нақты пайда әдісі бойынша танумен құнсыздануды шегеріп тастағандағы тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісімен өтелім құны бойынша есепке алынады.
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер («AFS»)
Белсенді нарықта сауда жүргізіліп отыратын белгіленетін акциялар және Топ ұстап қалатын ауыстырылуы тиісті белгіленетін векселдер AFS түрінде жіктеледі және әділ құны бойынша есепке алынады. Әділ құнындағы өзгерістерден болған пайдалар немесе залалдар, құнсызданудан болған залалдарды, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша есептелген пайыздарды, тікелей пайдаларда немесе залалдарда танылатын ақша активтері бойынша бағамдық айырмашылықтан болған пайдалар немесе залалдарды қоспағанда, инвестицияларды қайта бағалау резервіндегі тікелей капиталда танылады. Инвестициялар сыртқа шыққан немесе құнсызданған ретінде анықталған уақытта инвестицияларды қайта бағалау резервінде бұрын танылған жиынтық табыстар немесе залалдар кезең ішіндегі пайдаларға немесе залалдарға енгізіледі.
AFS үлестік құралдары бойынша дивидендтер Топтың алынған төлемге құқығы белгіленген уақытта пайдаларда немесе залалдарда танылады.
Шетел валютасында берілген AFS ақшалай активтерінің әділ құны аталған шетел валютасында анықталады және айырбастау бағамы бойынша есептік күнге ауыстырылады. Бағамдық айырмашылыққа жататын, активтің өтелім құнындағы өзгерістің нәтижесінде болған әділ құнындағы өзгерістер пайдаларда немесе залалдарда танылады, басқа да өзгерістер меншік капиталында танылады.
Заемдар мен дебиторлық берешек
Тіркелген немесе анықталатын төлемдері бар, белсенді нарықта белгіленетін, заемдар мен дебиторлық берешек ретінде жіктелетін басқа да дебиторлық берешек пен заемдар, сауда-саттық дебиторлық берешек заемдар мен дебиторлық берешек сияқты жіктеледі. Ұзақ мерзімді заемдар мен ұзақ мерзімді дебиторлық берешек кез-келген құнсыздануды шегеріп тастағанда тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып, өтелім құны бойынша бағаланады. Пайыздық табыс пайыздарды тану елеулі емес болуы мүмкін уақытта қысқа мерзімді дебиторлық берешектен басқа тиімді пайыздық мөлшерлемені қолдану жолымен танылады.
Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
Ақша қаражаттарына және олардың баламаларына банк шоттарындағы қаражаттар, кассадағы бар ақша және кем дегенде үш ай бастапқы өтеу мерзімімен қысқа мерзімді депозиттер кіреді. Егер ақша қаражаты мен олардың баламалары пайдалануда шектелген болса, онда олар шоғырландырылған қаржылық есептеменің қосымшасында тиісті түрде ашылады.
Қаржылық активтердің құнсыздануы
FVTPL қаржылық активтерінен басқа қаржылық активтер теңгерім құрудың әр күнінде құнсыздану белгісіне бағаланады. Қаржылық активтер қаржылық активті бастапқы танудан кейін орын алған бір немесе одан да көп оқиға нәтижесінде инвестиция бойынша ықтимал алдағы ақша қозғалысына ықпал көрсетілгендігі туралы нақты куә бар уақытта құнсызданады.
Өтелім құны бойынша есепке алынатын қаржылық активтер үшін құнсыздану сомасы өз алдына активтің теңгерім құны мен бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған ықтимал ақша қозғалысының ағымдағы құны арасындағы айырмашылықты білдіреді.
Қаржылық активтің теңгерімдік құны тікелей барлық қаржылық активтер бойынша құнсызданудан болған залалға азаяды.
AFS үлестік құралдарын қоспағанда, егер кейінгі кезеңде құнсызданудан болған залалдың сомасы азайса, азаю құнсыздануды танығаннан кейін орын алған оқиғаға объективті түрде байланысты болуы мүмкін, құнсызданудан болған бұрын танылған залал, егер құнсыздану танылмайтын болса, құнсыздану түзетпесінің күніне инвестицияның теңгерімдік құны өтелім құны құрауы мүмкін сомадан аспайтын шамада пайдалар немесе залалдар арқылы түзетіледі.
AFS үлестік бағалы қағаздарына қатысты бұрын пайдаларда немесе залалдарда танылған құнсызданудан болған залалдар пайдалар немесе залалдар арқылы түзетіле алмайды. Әділ құнының кез-келген артуы құнсызданудан болған залалдан кейін тікелей капиталда танылады.
Қаржылық активті есепке алудың тоқтатылуы
Топ қаржылық активті есепке алуды тек қана актив бойынша ақша ағымдарын алуға келісім-шарт құқығы біткен немесе қаржылық актив пен барлық елеулі тәуекелдер мен активтерді иеленуден болған пайдалаларды басқа компанияға табыс еткен уақытта ғана тоқтатады. Егер Топ негізінен барлық тәуекелдердә және активтерді иеленуден болған пайдаларды табыс етпесе немесе ұстап қалмаса және табыс етілген активті бақылауды жалғастыратын болса, онда Топ активтегі өзінің қалған үлестік қатысуын және онымен байланысты міндеттемені өзі төлей алатын сомаға таниды. Егер Топ негізінен табыс етілген қаржылық активтерді иеленуден болған барлық тәуекелдер мен пайдаларды ұстайтын болса, Топ қаржылық активті есепке алуды жалғастырады, сондай-ақ қамтамасыз етілген заемдардан болған қаражатты есепке алады.
Қаржылық міндеттемелер мен Топ шығарған үлес құралдары
Борыштық және үлес құралдары не қаржылық міндеттемелер, не капитал ретінде шарттық келісімнің сипатына сәйкес жіктеледі.
Үлестік құралдар
Үлестік құралдар – бұл компанияның активіндегі оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейінгі қалдықтық қатысуы туралы куәлендіретін кез-келген келісім-шарт. Топ шығарған үлестік құралдар шығаруға кеткен тікелей шығындарды шегергендегі алынған пайда бойынша есепке алынады.
Қаржы кепілдігі келісім-шарттары бойынша міндеттемелер
Қаржы кепілдігі келісім-шарттары бойынша міндеттемелер бастапқыдан әділ құны бойынша бағаланып келеді және соңында:
-
«Резервтер, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» 37 БЕХС-ға сәйкес анықталған келісім-шарт бойынша міндеттеме сомасынан; және
-
егер қолдануға болатын болса, төменде көрсетілген табыстарды тану саясатына сәйкес танылған жиынтық амортизацияны шегергеннен кейінгі бастапқыда танылған сомадан
анағұрлым жоғары мән бойынша бағаланады.
Қаржылық міндеттемелер:
Қаржылық міндеттемелер не FVTPL қаржылық міндеттемелер сияқты, не басқа да қаржылық міндеттемелер сияқты жіктеледі.
FVTPL қаржылық міндеттемелері
Қаржылық міндеттеме не сауда үшін арналған, не FVTPL сияқты анықталған уақытта қаржылық міндеттемелер FVTPL сияқты жіктеледі.
Қаржылық міндеттемелер сауда үшін арналған түрінде жіктеледі, егер:
-
ол негізінен алдағы болашақта сатып алу мақсаты үшін жүктелген болса; немесе
-
Топ бірге ұстап қалатын және қысқа мерзімді пайда алуға соңғы мақсаты бар қаржы құралдарының белгілі бір қоржынының бөлігі болып табылса; немесе
-
хеджирлеу құралы ретінде анықталмаған және тиімді емес туынды құрал болып табылса.
Сауда үшін арналған қаржылық міндеттемеден басқа қаржылық міндеттеме бастапқы тану кезінде FVTPL сияқты анықталуы мүмкін, егер:
-
осындай тану қарсы жағдайда пайда болған бағалаудың немесе танудың дәйексіздігін жоятын немесе елеулі түрде азайтатын болса; немесе
-
қаржылық міндеттеме қаржылық активтердің немесе қаржылық міндеттемелердің немесе екеуінің тобының басқарылатын бөлігін құрайтын және оның өнімділігі Топтың тәуекелдері мен инвестицияларын басқару стратегиясына сәйкес әділ құны негізінде бағаланатын болса және топтарды құру туралы ақпарат іштей осы негізде ұсынылатын болса; немесе
-
бір немесе бірнеше кіріктірілген туынды құралдардан тұратын келісім-шарттың бөлігін құрайтын және «Қаржы құралдары: тану және бағалау» 39 БЕХС бүкіл құрамдастырылған келісім-шартты (актив немесе міндеттеме) FVTPL түрінде анықтауға рұқсат еткен болса.
FVTPL қаржылық міндеттемесі пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте кез-келген пайдаларды немесе залалдарды танумен әділ бағасы бойынша есепке алынады.
Басқа да қаржылық міндеттемелер
Заемдарды қоса алғанда басқа да қаржылық міндеттемелер бастапқыда мәміле бойынша шығындарды шегергендегі әділ құны бойынша бағаланады.
Басқа да қаржылық міндеттемелер соңында нақты табыс әдісі бойынша пайыздық шығыстарды танумен тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісімен өтелім құны бойынша бағаланады.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі - бұл тиісті кезең ішінде қаржылық міндеттемелердің өтелім құнын есептеу мен пайыздық шығыстарды бөлу әдісі. Тиімді пайыздық мөлшерлеме – бұл қаржылық міндеттеменің күтілген мерзімінен кейін немесе, егер қолдануға болатын болса, өте қысқа кезеңнен кейін ақша қаражаттарын алдағы ықтимал төлеуді дәл дисконттайтын мөлшерлеме.
Қаржылық міндеттемелерді есепке алуды тоқтату
Топ қаржылық міндеттемелерді есепке алуды Топтың міндеттемелері өтелген, бұзылған немесе мерзімі өткен уақытта және тек сол уақытта ғана тоқтатады.
Резервтер
Резервтер Топта өткен оқиғалар нәтижесінде туындаған, экономикалық пайдадан тұратын өтеу үшін ресурстардың істен шығуы талап етілетін ағымдағы міндеттемелер (құқық нормаларымен анықталатын немесе тұспалданатын) болған жағдайда есепте көрсетіледі; оның үстіне осындай міндеттемелердің мөлшері жеткілікті түрдегі дәлдікпен бағалануы мүмкін.
Резерв түрінде танылған сома өз алдына міндеттемемен байланысты тәуекелдер мен белгісіздіктерді есепке ала отырып, теңгерім күніне ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті ең жақсы өтеу бағасын білдіреді. Егер резерв ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті болжамдалған ақша қаражаттарын пайдалана отырып, бағаланса, оның теңгерім құны аталған ақша ақаражаттарының ағымдағы құны болып табылады.
Үшінші тараптың резервті өтеу үшін қажетті кейбір немесе барлық экономикалық пайдаларды өтейтіні күтілетін болса, дебиторлық берешек, егер өтеу нақты түрде алынатын болса, актив ретінде танылады және алынатын сома қонымды бағалануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |